I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Акробатика қимыл-қозғалыс



бет9/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Акробатика қимыл-қозғалыс пен моральдық-ерік қасиеттерін, күшті, ептілікті, икемділікті дамытуға көмектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, ұшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелейді. Акробатикалық жаттығулар – алдыға айналып түсу, артқа айналып түсу, көпірше жасау, пирамида жасау, тік тұру. Акробатикалық жаттығулар жеке, екі адам, топпен де орындалады. Жаттығулар түрлері снариядсыз және снарядтарда орындалады.
Акробатикалық жаттығулар жүйелі бағдарлама бойынша орындалады, жарыстар өткізіледі.
Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары – қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меңгертеді. Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика сияқты спорттық бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады.
Көркем гимнастиканың мазмұнынан арнайы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-ақ акробатикалық жаттығулар орын алады.
Арнайы жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, әр түрлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір қимыл-қозғалыстар, әр түрлі би үйлесімділігі, музыкалық ойындар кіреді. Көркем гимнастикада доптар, құрсаулар, орамал, жолауша секіртпелер, ленталар кең көлемде қолданылады.
Көркем гимнастиканың ерекшелігі жаттығуларды орындау музыкамен, би жаттығуларымен тығыз байланыстылығы. Жаттығуды музыкамен, би элементтерімен көркемдеу, жаттығудың мәнерлілігн арттырып, айналысушыны ырғақтыққа, эстетикалық сезімге баулиды.
Көркем гимнастиканың жүйелі бағдарламасы бар. Жарыстар өткізіледі.
Қолданбалы гимнастика: спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік гимнастика, емдік гимнастика болып бөлінеді.
Спорттық қолданбалы гимнастика спортшының жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйренетін спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекеленген қимылдарды жетілдіруге бағытталған. Спорттық қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады.
Кәсіптік-қолданбалы гимнастика белгілі бір мамандықты меңгеруге көмектесетін қимыл-қозғалыстар дағдысы мен сапасын дамытады және жетілдіреді (биіктікте жұмыс істейтін құрылысшы, шахтер, жүргізуші, т.б.).
Өндірістегі гимнастика адамдардың жұмыс істеу қабілетін арттыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Ол жұмыс күні тәртібіне кіреді :
а) кіріспе гимнастика – жұмыс басталар алдында (ұзақтығы 8-10 минут);
б) дене тәрбиесі үзілісі (ұзақтығы 5-7 минут) жұмыс күні барысында үзілісте жасалады. Гимнастикалық жаттығулар құрамына өндіріс сипатына байланысты жалпы дамыту жаттығуларының қарапайым түрлері мен арнайы жаттығулар іріктелініп алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет