I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет11/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Саяхат шығу қимыл-қозғалыстық дағдыларды нығайтуға және дене қасиеттерін табиғи жағдайларда дамытуға мүмкіндік береді.
Саяхатқа шығу қысқа және ұзақ мерізімді түрде ұйымдастырылады. Саяхат кезінде саяхатшылар тірі табиғатпен, табиғатта болып жатқан әр түрлі құбылыстармен танысады. Мектеп саяхатшылары әр түрлі табиғи материалдар жинайды. Бұл іс-әрекет оқушылардың сабақта алған білімін бекітеді.
Саяхатқа шығу оқушылардың жан-жақты дамуының негізгі құралы ретінде денені шынықтыру, дененің сапалық қасиеттерін тәрбиелеу, жағымды дағдыларды тәрбиелеу болып табылады.
Саяхатқа шығу – дұрыс жүру, секіру, жүзу, өрмелеу, затты апару, әр түрлі табиғи және жасанды кедергілерден өте білу, өыс кезінде шыңғымен жүре білу іскерліктермен байланысты.
Жаратылыстың табиғи күштері. Дене тәрбиесі құралдарының ішінде жаратылыстың табиғи күштері – күн, ауа, су, маңызды орын алады. Жаратылыстың табиғи күштерін тиімді пайдалану денсаулықты нығайтады, ағзаны шынықтырады. Дене шынықтыруда бұл құралды дене жаттығуымен ұштастырып, өз еркімен пайдалануға болады. Жаратылыстың табиғи күштері балабақшаларда, мектептерде, оқу орындарында, өндірісте, демалыс орындарында, стадиондарда, су кешендерінде, жазғы оқушылар демалыс лагерінде кең ауқымда қолданылады.
Күн, ауа және су адам ағзасына әсерін тигізеді, сондықтан бұл құралдарды пайдалану ғылыми негізде дәлелденген ереже бойынша ұйымдастырылады (1-ші қосымшаға қараңыз).
Гигиеналық жағдай. Дене шынықтыруға қажетті гигиеналық жағдайды сақтау негізгі орын алады. Күнделікті өмірде күн кестесін нақты тәртіп боынша ұйымдастыру; еңбек, демалыс, ұйқы, тамақтану сәттерінде уақытты тиімді пайдалану болып табылады. Тәртіпті сақтау денсаулуқты нығайтады, жағымды көңіл-күй тудырады және жаттығуларын игеруге неғұрлым қолайлы жағдай жасайды.
Нақты тәртіпті сақтау адамның тәртіптілік, ұқыптылық, ұйымдастырушылық, жағымды қасиеттерін тәрбиелейді.
Оқушылырдың күн кестесі: ертеңгілік гимнастиканы су процедурасымен ұйымдастыру, мектептегі оқу мен үй жұмысына уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу, таза ауадағы серуен, ойын, кітап оқу, өзінің сүйікті ісімен айналысу, пайдалы қажетті іс-шараларға қатысудан тұрады. Күн тәртібінде, сондай-ақ нақты уақытылы тамақтану, демалыс, ұйқыға дайындық жатады. Күн тәртібін тиімді пайдалану дене шынықтырудың әр түрлі құралын біріктіріп, оларды дұрыс пайдалануды реттеп отырады. Дене жаттығулары сабақтарында гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет. Сабақ, секциялық сабақ және дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс-шаралар өткізілетін орында тазалық сақтау қажет, сондай-ақ қалыпты жағдайдағы қалыпты температураны ұстай отырып, үнемі таза ауамен желдетіп отыру керек.
Дене жаттығуларын орындау барысында әр түрлі снарядтар, құрал-жабдықтар қолдануда айналысушының салмағы, бойы, жас ерекшелігі, жынысы қатаң сақталады. Айналысушының арнайы спорт киімін киюі, жаттығуларды жақсы орындауы ағзаға тиімді әсерін тигізеді.
Гигиеналық жағдайларға – дене шынықтырумен айналысушының жеке гигиенасы жатады. Жеке гигиена – барлық іс-шаралар кешені, адам денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету кепілі.
Жеке гигиенаның негізгі талаптары – дененің тазалығы және оны күте білу, киім тазалығы, жұмыс орны жайлылығы, жеке басына қажетті заттарды ұқыпты ұстау. Мектеп оқушыларының жеке гигиенасына оқу заттарына, кітапқа, дәптерге ұқыпты қарау, үйде, мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау тәртібі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет