I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Ұзын таяқпен жасалатын жаттығулар үлгісі



бет28/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Ұзын таяқпен жасалатын жаттығулар үлгісі:
1.Б.қ: тік тұру, таяқты төменде ұстау.
О:1-таяқты жоғары көтеру,2-төмен түсіру. 5-6 рет қайталау.
2.Б.қ: тік тұру, таяқ төменде.
О: таяқты жоғары көтеру, аяқтың ұшымен бірден көтерілу, таяқты төмен түсіру, табанды жерге толық тигізіп тұру.
Б.қ. 5-6 рет қайталау.
3.Б.қ: таяқты бір қырында ұстап тұру, таяқты астынан оң (сол) қолменг ұстап төмен қарату.
О: таяқты жоғары көтеру, бастан асырып, екінші қолға өткізу, қарама-қарсы жағынан төмен түсіру.6-8 рет қайталау.
4.Б.қ: тік тұру, аяқ алшақ, таяқты оң (сол) қолмен төмен ұстау, бос қолды белге таяну.
О: сол(оң) жаққа еңкею, таяқты жоғары көтеру; тіктелу, таяқты төмен түсіру.Б.қ.қайталануы 6-8рет
5.Б.қ: тік тұру, өкше бірге, аяқтың басы алқаш, қол иық белдеуде.
О: таяқты алға қарай ұстап еңкею (алға қарай, арқаны тік ұстау, аяқты бүкпеу). Б.қ.6-8 рет.
6.Б.қ: тік тұру, өкше бірге, аяқтың басы алшақ, қол иық белдеуінде.
О: алға еңкею, таяқты еденге қою, тік тұру, таяқты алу.Б.қ.5-6 рет.
7.Б.қ: тік тұру, өкше бірге, аяқтың басы алшақ.
О: отыру, таяқты алға көтеру. Б.қ. Қайталануы 5-6 рет.
8. Б.қ: тік тұру, өкше бірг, аяқтың басы алшақ. Таяқ бел деңгейінде.
О: аяқты тізеден бүгіп көтеру, тізені таяққа тигізу, аяқты қатар қою.Б.қ. Қайталануы 6-8 рет.
9. б.қ: тіземен тік тұру, таяқ төменде.
О:алға еңкею, таяқты өзінен барынша алшақ денеге қою, тіктелу, таяқты алу. Б.қ. Қайталануы 6-8 рет.
10.Б.қ: тік тұру, таяқ төменде.
О: таяқты қолдан шығармай отыр6 содан кейін шалқалап жату, қолды жоғары көтеру, таяқты еденге қою, таяқты еденнен көтеру, алдына апару, отыру, тұру. Б.қ. қайталануы 6-8 рет.
Б.қ.- бастапқы қалып.
О.-орындалуы.
Қ.- қайталануы.
Кіші және үлкен доптармен орындалатын жатттығулар.
Бұл жаттығулар лақтыру жаттығуларын орындауға арналған дайындық жатттығулары болып табылады. Олар иық белдеуінен, қол бұлшық етттерінің қызметін дамытып, қимыл нақтылығын, күштілік қабілеттерін қалыптастырады. Доптармен орындалатын жатттығулар бастауыш мектептің барлық сыныптарында өткізіледі. Жаттығуларды үйретудің негізгі міндеті-оқушыларды допты лақтыру, қағып алу, өз күшін доптың салмағына тиімді пайдалану; ұзақққа және биіктікке лақтыра білу, лақтыру жатттығуларын дайындау, біріккен іс әрекет орындай білу әдістерін пайдаланады.

  1. Сыныпта бастапқы кезеңде үлкен доптармен, бірте –бірте кіші доптармен жатттығулар орындау қарастырылған.

Жаттығуларды оырндау үшін үлкен резеңке доптар, үрленген доптар (волейбол, футбол, баскетбол), салмағы 1 кг доптар, кішкене резеңке және теннис доптары пайдаланылады.
Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға арналған жатттығулар
Тұлға - адамның денесінің дағдыланған жағдайы. Дұрыс дене бітіміне тән жағдай: денені тік ұстау, мойынға иық белдеуінің симметриалы болуы.
Осындай тұлғалы адам өзінің сымбатты денесін тік ұстай отырып, омыртқаның жұмыс істеу жағдайын, ішкі ағзалардың және қозғалыс аппараттарының қызметін күштейді. Осы жағдайда дұрыс тұлға бастапқы қалыппен қамтамасыз ететін бұлшық еттерге аз салмақ жұмсайды және қозғалыс әрекетінің дайындығын жоғарылатады.
Жазық арқа(тік) – омыртқаның физиологиялық майысуының біркелкілігі, жотаның түзулігінің белгісі. Кеуде қуысының алдыңғы, артқы бөлігі қалыпты жағдайда болмаса кеуде ағзаның дамуына және орналасуына теріс әсер етеді. Мұндай адамның дене бітіміне қанат тәрізді жауырын, түзу жанбас, ішке кірген бөксе, нашар дамыған бұлшық ет тән болады.
Кифоз- омыртқаның артқа майысуы. Лордоз – омыртқаның алға қарай майысуы. Адамның тұлғасы мен сымбаты, жүріс-тұрысы омыртқа жотасына байланысты. Ол бала кезден қалыптасады. Мектепте партаның жоғары не төмен болуынан , орындықтың ыңғайсыздығынан, бір жағына қисайып отыратын әдеттен, үнемі ауыр жүкті бір қолмен көтеруден және т.б. жағдайлардан баланың денесі қисайып өседі.
Бала мүсініінің бұзылуын омыртқа жотассынның алға – артқа, оңға – солға қарай ауытқуынан білуге болады.
Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға бірнеше факторлар әсер етеді: а) Тұқым қуалаушылық; ә)әлеуметтік жағдай; б) тамақтану; в) еңбекпен демалысты тиімді пайдалану. Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыру өзінен өзі бола салмайды. Оның негізін бала кезден бастап қалыптастыру қажет. Тұлғаны қалыптастыру тек бұлшық еттерге ғана әсер етіп қоймай, бүкіл ағзаға әсер етеді. Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға арналған жатттығулар: қабырғада тік тұру, әр түрлі затттарды басқа қойып тік тұру жүйелі түрде қалыпты ұстау, сапқа тұру, жалпы дамыту жатттығулары, еркін жатттығулары. Жоғарыда аталған жатттығулар адамның өмірге қажеттті дағдыларын қалыптастырады және дененің сапалық қасиетінің дамуына көмектеседі. Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруға арналған жатттығулар олар ағзаның дамуында және іс- әрекетті орындауда негізгі маңызды рөл атқарады. Баланың тұлғасын дұрыс қалыптастыру- отырғанда, тұрғанда, жүргенде, дене жатттығуларын орындағанда, денесін дұрыс ұытаған жағдайда орындалатынын есіне салып отыру қажет.
Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыратын жатттығулар топтарына А,Ә,Б,В,Г топтары жатады.
А)Иық белдеуі, мойын, қол бұлшық еттерінің қызметін нығайтуға арналған жаттығулар:
1.Басты алға,артқа, солға, оңға бұру. Басты оңға, солға айналдыру.
2. Қолды жоғары, оңға, солға, артқа, алға,көтеріп айландыру (қолды бүгу, жазу, затпен, затсыз орындау).
3. Иықты жоғары көтеру, төмен түсіру. Иықты қосу және жазу, иықты айналдыру.
4.Гимнастикалық таяқшамен жатттығуларды орындау (таяқша желкеде, арқада, төменде).
5.Үрленген доптармен жатттығулар орындау (тұрып, отырып, еркін және тапсырма бойынша).
Ә) кеуде мен дене бұлшық ет қызметін нығайтуға арналған жатттығулар;
1.Кеуде арқылы оңға, солға, алға, артқа иілу.
2.Кеуде арқылы оңға, солға бұрылу.
3.Иілуді бұрлыумен үйлестіру.
4. Гимнастикалық орындықтың үстінде, еденде, бір тіземен нмесе екінші тізімен, тізеге тірелеп, жан-жаққа бұрылу, иілу.
Б) аяқ бұлшық ет қызметін нығайтуға арналған жатттығулар;
1.Аяқпен толық, аяқтың ұшымен тұру, аяқты созу.
2.Кезекпен оң аяқты (сол аяқты) алға, артқа, жанға, созу.
3.Кезекпен оң аяқты (сол аяқты) алға,артқа, жанға соза отырып, бір уақытта бүгу.
4.Жартылай отыру, толық отыру.
В) табан бұлшық еттерінің қызметін нығайтығу арналған жатттығулар.
1. аяқтың ұшымен, өкшесімен тұру, саусақты бүгу, аяқтың ішкі қыры, сыртқы қырымен жүру.
28-сурет
2. Гимнастикалық орындықтың қанатын, жіптің, таяқшаның үстімен аяқты затқа тигізіп жүргізу.
3.Аяқтың ұшымен өкшеге ауыстыру, ішкі қырын сыртқы қырына ауыстыру.
Г)Басты, денені дұрыс ұстауға дағдыландыру жатттығулары.
1.Қабырғаға сүйену, қолды көтеру, жартылай отыру, отырып тұру, сол қолды оң аяқпен, сол аяқпен ауыстыру.
2.Басқа жүк немесе зет қою. Дененің тұлғасын дұрыс қалыптастыруда арнайы түзету жатттығуларын үнемі жасап отыру жақсы нәтежеге жеткізеді. Көбінесе арқаның және іштің бұлшық етттерінен жасалатын жатттығуларға үлкен мән беріледі. Арқаның бұлшық еттерін жетілдіру үшін түзеті жатттығуларын шалқадан немесе етпеттеп жатып жасайды. (28-сурет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет