I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


V ТАРАУ КҮН КЕСТЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНЕН



бет58/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

V ТАРАУ
КҮН КЕСТЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНЕН
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ІС - ШАРАЛАР
Күн кестесінде дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс – шараларға : сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту минуты және үзілісті тиімді ұйымдастыру жатады.
Күн кестесінде оқушылардың дене шынықтыруды дұрыс ұйымдастыру, оқушылардың денсаулық жағдайын жақсартуды денесінің дамуын күшейтеді. Оқу жұмысының сапасын көрсету, тәртіптілікке, ұжымда әрекет жасауға көмек теседі.
Сабаққа дейінгі гимнастика – мектепке күнделікті сабаққа дейінгі өткізілетін дене жаттығулары. Гимнастика, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор. Ол ағзаның тіршілік әрекетін, орталық жүйке жүйесінің қызметін,дұрыс тұлға қалыптастыра отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі. Ұжымдық түрде ұйымдастырылған гимнастика жаттығулары оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелейді.
Таза ауада ұйымдастырылған жаттығулар оқушылардың денесін шынықтырады.
Сабаққа дейінгі гимнастика маңызы білімділік міндеттерді де шешеді: дене шынықтыру сабағында өткізілген жаттығулар гимнастика құрылысын кіргізіледі. Оқушылар қимыл дағдыларын ойдағыдай игеруді, жетілдіруді жалғастырады. Гимнастикаға барлық оқушылар қатысады ( босату тек дәрігердің рұқсатымен болады).
Сабаққа дейінгі гимнастиканы ұйымдастмру. Гимнастикаға жалпы басшылықты бастауыш сынып мұғалімдердің біреуі жүргізеді. Арнайы жоспар құрылады, бекітіледі. Өткізілген орын, басталу, аяқталу уақыты белгіленеді. Жоспардың мазмұны педагогикалық кеңесте талқыланып, бекітіледі.
Сабаққа дейінгі гимнастиканы таза ауада өткізген өте қолайлы. Ауа температурасы 10 градустан төмен болмауы керек.
Өткізілген орын қажетті санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Сабаққа дейінгі гимнастиканы музыкамен сүйемелдеу оқушылардың көңіл – күйінің көтеріңкі болуы мен өмірге деген құштарлығын туғызады.
Сабаққа дейінгі гимнастика мазмұнына кіретін жаттығулар:
а) бұлшық ет топтарының жан – жақты әсер ету, жүректің бір қалыпты белсенді қызмет атқаруын;
ә) дұрыс тұлға қалыптастыруын;
б) жаттығулар құрылысы оқушыларға тыныс бірден жылдам қабылдайтын болуын;
в) көңіл – күйлерін көтеретін;
г) өткізетін орынға сейкес болуын ескеру қажет.
Жаттығулар топтарына анықталған мөлшерлемеден құрылуы қажет. Сабаққа дейінгі гимнастиканың құрылысына оқу материалына кіретін жалпы дамыту жаттығулары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет