I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Шаруашылығы мен мәдениеті



бет10/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Шаруашылығы мен мәдениеті. Қағанат халқы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Төрт түлік мал өсірген. Қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария сияқты ірі өзен бойыларында орналасты. Өзен бойларындағы қыстауларда түрік тайпалары егіншілікпен айналысқан.
Сондай-ақ, «Күлтегін» ескерткішінде қала туралы сөздер де кездеседі. Бұл түріктердің кейбір бөліктерінің отырықшылыққа көше бастағанын көрсетеді. Оған басты дәлел Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеу кезінде тұрақты үй-жайлардың табылуы.
Түріктердің көп тараған көлігі жылқы болды. Олардың баспанасы көші-қонға ыңғайлы киіз үй болды. Өйткені мұндай үй тез тігуге, тез жығуға қолайлы еді. Түркі тайпалары жылқы мен қой малын көбірек өсірді. Жайылым жерлер ақсүйектер қолында болды. Сонымен қатар түркілер тоқыма тоқумен де айналысқан.
Түріктер жерлеу рәсімімен ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны байқалады. Мәйітті өртеу отқа табынушылықтан туған. Кейінгі жерлеуде адамның тірі кезінде қолданған заттарын бірге көмген. Заттарды бірге қою - о дүниеде де өмір бар, заттар сонда керек болады деген нанымның нышаны.
§ 9.Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.)

Т



Батыс түрік қағанаты
үрік қағанатындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың ушығуы, өзара қырқыстар, Қытайдың қағанатқа қарсы шабуылдары 603 жылы түрік қағанатын Батыс және Шығыс түрік деген екі дербес бөлікке бөлуіне душар етті. Батыс түрік қағандығы он тайпаның (он оқ бұдун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Батыс түрік қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны жалғастырып жатқан жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Ал, Шығыс түрік қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болатын. Жазғы ордасы қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі Мыңбұлақта орналасты.
Алғашқы кезде қағандықты Тардуш қаған басқарды. Бұл Батыс түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Шығыс түрік қағанаты керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап отырды.
Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618 жж.) мен Тон (618-630 жж.) қағандардың билік құрған кездері болды. Шегу қаған шығыстағы шекарасын Алтайға, ал батыстағы шекарасын Памир тауына дейін жеткізді. Ал, Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Қаған салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берді.
Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Қағанатта жоғарғы лауазымдарға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар берілді. Ал сот істерін бұрықтар мен тархандар атқарған. Сондай-ақ, қағанаттағы қарапайым халықты «қара бұдұндар» деп атаған. Бұл сөз қазақтың «қара бұқара», «қара халық» деген сөздерімен мағыналас.
Түріктер көрші тайпалар мен халықтарға қарсы шапқыншылық жасап, құл айдап әкелетін болған. Қағанат ішіндегі он алты жылға созылған тайпа аралық соғыстар (640-657 жж.) Жетісуға Таң империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты. 704 жылы Батыс түрік қағандығы құлағанымен, осы қағанатқа кіретін «он оқ» халқының ішінен түргеш деген тайпа өз алдына дербес қағандық құрып, тарих сахнасына шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет