«жасыл экономика»: ҰЗАҚ мерзімді дамудың тиімді форматын іздеу «Жасыл экономика»



жүктеу 93.67 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі93.67 Kb.
Е.Б.Домалатов

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,

Жас ғалымдар мен студенттер кеңесінің төрағасы,

6М050600-«Экономика» мамандығының 1-ші оқу жылының магистранты


«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА»: ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ДАМУДЫҢ ТИІМДІ ФОРМАТЫН ІЗДЕУ
«Жасыл экономика» түсінігі ғылыми айналымға соңғы 20 жылда еніп, берік орнықты. Ағылшын тілінде жасыл экономиканың «Green economics», «Ecological economics» атты екі баламалы атауы бар, сондықтан да кей жағдайда жасыл экономика «экология (табиғатты қорғау) экономикасы» деп те аталады. «Жасыл экономика» дегеніміз – адамдардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға төнетін қатерді азайтып, оның жұтаңдануын болдырмайтын экономиканы айтамыз (ЮНЕП анықтамасы) [1]. «Жасыл экономика» тұжырымдамасы – экономикалық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысуынан туындаған, басқа экономикалық пәндерге қарағанда зерттеу ауқымы кең, зерттеу әдістері мен тәсілдері көп, жас ғылыми тұжырымдама. Сондықтан да зерттеу әдістерінің алуан түрлілігінің нәтижесінде әр түрлі мультидисциплинарлық әдістерді пайдалана отырып, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының аясындағы экономика дамуының саяси және әлеуметтік аспектілері негізінде қазіргі жағдайды зерттей аламыз. Экономикалық даму мен өсу модельдері бір жағынан жаратылыстану үрдістерін, екінші жағынан саяси экономия саласын қамти отыра құрылады.

Қазақстан «жасыл» даму идеясын ғаламдық деңгейде ұсынды. 2012 жылдың маусымында өткен БҰҰ «РИО+20» Дүниежүзілік Саммитінде Қазақстан «Жасыл Көпір» аймақаралық бағдарламасы және Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын бастамаларын ұсынды. Қазақстанның бастамалары әлем қоғамдастығының кең қолдауына ие болып, конференцияның қорытынды декларациясына енді. «РИО+20» конференциясының қорытындысы бойынша аталған бастамаларды қолдау үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев үкіметке 2050 жылға дейінгі «жасыл» экономикаға өту стратегиясын әзірлеуге тапсырма берген болатын.

Қазақстанда Қазақстан Республикасының президентінің 2013 жылдың 30 мамырындағы №577 Жарлығымен «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасының қабылдануымен, еліміз «Жасыл» реформаларға бет бұра бастады. Аталған тұжырымдамаға сәйкес «Жасыл экономикаға» көшудің негізгі басым міндеттері [2]:

1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру;

2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру;

4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

Ұлттық экономикалардың «экологиялығының» негізгі көрсеткіші болып «Жасыл» ЖІӨ (Green Net National Product, GNNP) табылады – яғни бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруге кеткен шығындарды шегеріп тастағандағы ЖІӨ. Орта есеппен GNNP стандартты ЖІӨ 60-70%-ын құрайды. Өлшеудің мөлшерлі әдістемесі БҰҰ экологиялық есеп жүргізу туралы анықтамалық кітапшасында Handbook of National Accounting: Integrated Environmental and Economic Accounting (2003) көрсетілген.

GNNP көтермелеу үшін шаруашылық қызметін жоспарлаудағы және жаңа технологиялар класстерлерінің негізінде негізгі экожүйелерді қалпына келтірудегі инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуде экожүйелі тәсілдеме қажет.

Бірақ GNNP-ді есептеу қиын. Жасыл экономиканың анағұрлым қарапайым көрсеткіші болып жасыл салалардың, экологиялық тауарлар мен қызметтер нарығы және экологиялық бизнесінің айналымы көлемінің жиынтығы табылады. (http://epp.eurostat.ec.europa.eu қарау)

Бұл көрсеткішті экономиканың «жасыл» бөлігі немесе «Эко-ЖІӨ» деп атауға болады.

2006 жылы Германияда экологиялық тауарлар мен қызметтерінің ішкі нарығы 27 млрд. евро, ал экспорт – 56 млрд. евро немесе әлемдік айналымның 16%.

Қазіргі таңда Қазақстанда қандай «қоңыр», яғни электро-энергетиканы, жаңаржағармай, көмір және т.с.с. салаларды «жасыл» салаға ауыстыруға болатынын зерттеу қажет.

«Жасыл» экономика терең және ұзақ реформаларды қажет етеді. Бұл ең бірінші бюджеттік, салықтық, экологиялық, білім беру, тұрғын үй шаруашылық және ғылыми-техникалық саясаттардың құрылымдық реформалары. Ең басты мезанизм ретінде біз салық салуды экологияландыруды айта аламыз, бұл дегеніміз табыс пен еңбекақы үшін төлем салықтарынан қоршаған ортаны жүктеуіне, яғни салмақ түсіруіне қарай ауысуды көздейді.

Германия, Дания, Швеция және т.б. елдердің тәжірибесі мемлекеттік бюджетті толықтыру және бизнесті жасыл технологияларға көшуге ынталандыру пайдасымен бұндай реформаларды жүзеге асырудың мүмкін екенін көрсетіп отыр. Экосалықтық жүйе Германияның бюджетіне 20 млрд. евро «жасыл салықтарды» түсірді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай біз атап отырған «қоңыр» технологиялар белең алған нарықтар мен шаруашылық салаларының монополиялығын «Жасыл» сатып алу (Green Public Procurement) мен субсидияларды жасыл салаларға қарай бағыттаусыз жеңіп шығу ауыр соғады.

Еуропада көпшілік сатып алу көлемі жылдық ЖІӨ шамамен 17% құрайды. Мемлекеттік сатып алуды қайтақұру шеңберінде сәйкес іс-шараларды ұйымдастырып оларды жүзеге асыру керек. Елбасы 2012 жылдың 27 өантарында Үкіметтік кеңейтілген отырысында: қазіргі таңда мемлекеттік органдар бірнеше есе қымбат бағамен конкурссыз тауарлар мен қыметтерді сол бір өздерінің қарамағындағы кәсіпорындардан сатып алады... Сол себепті тауарлар мен қызметтердің тұтас ақпараттық жүйесі бар бірыңғай мемлекеттік сатып алу операторын құру бойынша сұрақты талқылап жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстандағы 2050 жылға дейінгі секторалдық және ресурстық ұзақ мерзімді индикаторлардың көпшілігіне қатысты алда тұрған мақсаттар мейлінше жоғары, сондықтан олардың басым бөлігі Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде ескерілді, уақыт шегі жағынан неғұрлым таяу көрсеткіштер бөлігінде жетіспейтін көрсеткіштер пысықталды, атап айтқанда (1-сурет):


1-сурет. «Жасыл» экономиканың мақсаттары мен нысаналы индикаторлары

(қосымша мақсаттар бөліп көрсетілген) [2]

Сектор

Мақсаттың сипаты

2020 ж.

2030 ж.

2050 ж.

Су ресурстары

Су ресурстары тапшылығын ұлттық деңгейде жою

Халықты сумен қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету (2040 жылға қарай)

Сумен қамту проблемасын біржола шешу

Су ресурстары тапшылығын бассейндер деңгейінде жою

Жалпы бассейндер бойынша барынша жылдам тапшылықты жабу

(2025 жылға қарай)



Әрбір бассейн бойынша тапшылықтың болмауы




Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі

3 есе ұлғаюы







Бидайдың шығымдылығы (т/га)

1,4

2,0




Суғаруға жұмсалатын су шығындары (м3/т)

450

330




Энергия тиімділігі

2008 жылғы деңгейден ЖІӨ-нің энергия қажетсінуді төмендету

25%

(2015 жылға қарай 10%)



30%

50%

Электр энергетикасы

Электр энергиясын өндірудегі баламалы көздердің1 үлесі

Күн және жел: 2020 жылға қарай 3% кем емес

30%

50%

Электр энергияны өндірудегі газ электр станцияларының үлесі

20%2

25%2

30%

Өңірлерді газдандыру

Ақмола және Қарағанды облыстары

Солтүстік және Шығыс облыстар




Электр энергетикадағы көмірқышқыл шығарындыларының ағымдағы деңгейіне қатысты азайту

2012 жылғы деңгей

-15%

-40%

Ауаның ластануы

Қоршаған ортаға күкірт және азот оксидінің шығарындылары




Шығарындылардың еуропалық деңгейі




Қалдықтарды кәдеге жарату

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен халықты қамту




100%




Қоқысты санитарлық сақтау




95%




Өңделген қалдықтар үлесі




40%

50%

«Жасыл экономиканы» Қазақстанда енгізу үшін «жасыл экономиканың» әрбір құраушысы негізінде қазіргі мүмкіндіктерді талдау қажет:

1. Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай, газ) – елдегі қалдықтың 40% энергия өндіру саласы құрайды [4]. Мұнай-газ секторы елдің ЖІӨ 30%, экспорттың 60% құрайды [5]. Сондықтан да мемлекет экономикалық өсу барысында әрі қарай да мұнай-газ секторына, энергетика секторы көмірдің мол қорына сүйенетін болады.

2. Су – 2015 жылға дейін суды пайдалануды екі есеге дейін қысқартуды көздеп отырған мемлекет үшін маңызды ресурс. Қолжетімді, қауіпсіз ауыз суды пайдалану мҥмкіндігі жоқ тұрғындардың үлесі 20% жуық, сумен қамтамасыз ету ел ЖІӨ-нің 2 % жуық [6].

3. Қалдықтар. Қалдықтарды екінші реттік өңдеу көлемі 20% жуық [7]. Үкімет қалдықтарды жоюдың қазіргі деңгейін 2020 жылы 70% жеткізуді көздеп отыр, ол үшін елдегі қалдықтарды басқару жүйесін қайта құрылымдап, жаңғырту қажет. Жыл сайын 700 млн. тонна өндіріс қалдықтары, 3, 5 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар, 92 млн. тонна жануарлардың қалдықтары қоршаған ортаға шығарылады, мұның барлығы Қазақстанды қауіпті қалдықтар мен тұрақты органикалық ластаушылардың жиналуы бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасындағы екінші мемлекет етуде [4].

4. Ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығы. Бұл секторға ел бойынша шығатын парниктік газдың (оның ішінде орман шаруашылығының парниктік газдарды жұтуы) 10% тиесілі [4]. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖІӨ-нің 5% жуығын, ұлттық экспорттың 2% жуығын құрайды [8]. Саладағы еңбектің аз өнімділігіне қарамастан, астық бойынша өсу қарқыны жоғары, сондықтан да Қазақстан әлемдегі астық экспорттаушы жетекші бес елдің қатарына кіреді.

5. Транспорт. Тасымалдардың көбі дизель немесе бензиннің негізінде жүзеге асырылады.

Сол себепті, саланың парниктік газ шығарудағы жалпы үлесі 8% тең [4]. Тасымал нарығы ұлттық ЖІӨ-нің 7% құрайды [8]. Үкімет транспорт саласын елдің сауда әлеуетін арттырудағы маңызды сектор ретінде санайды.

Қазіргі таңда Қазақстан жасыл экономикаға көшу бойынша батыл қадамдар жасалуда. Қазақстандың ғалымдар экологиялық жағынан тиімді және экономикалық өсуге оң септігін тигізетін салалрды зерттеп жобалар жасауда. Оның ішінде қазақстандық ғалымдардың көп бөлігі баламалы энергия көздеріне көңіл бөлуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлемнің және Қазақстанның ірі экономистерінің басын қосып отырған G-global интерактивтік коммуникациялық алаңнын елімізде «жасыл экономиканы» енгізуге анағұрлым тиімді салаларын талдап, көрсете алады. Аталған жоба негізінде отандық ғалымдар мен мемлекеттік органдарға «жасыл экономикаға» көшу бойынша айтарлықтай ұсыныстар жасалуда.

Жасыл экономика бірқатар күрделі сұрақтардың басты шешімі бола алады. Атап өтер болсақ ол, зиянды қалдықтарды ауа, су және топыраққа таралуын төмендету, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергияны тиімді пайдалану және оның балама көздерін табуға қол жеткізуге болады. Аталған салаларды жасылдандыруға инвестицияларды тартып, технологияларды жаңартып оларды экологияландырудың арқасында еліміздің экономикасы мен халықтарының тұрмыс тіршілігін, денсаулығын жақсартуға, өмір сүру жасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сайып келгенде тек бір сөз айтқыммыз келеді - «Жасыл экономика»: ұзақ мерзімді дамудың тиімді форматы және жарқын болашақтың кілті.


Қолданған әдебиеттер тізімі


  1. Навстречу «зеленой» экономике: пути к устойчивому развитию и искоренению бедности – Обобщающий доклад для представителей властных структур.ЮНЕП, 2011.

  2. Қазақстан Республикасының президентінің 2013 жылдың 30 мамырындағы №577 Жарлығымен «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасы

  3. Перспективы перехода Казахстана к «зелёной» экономике / С. Рахимбекова, Н.Ачилов, С.Ивлев, - электронный ресурс - http://greenkaz.kz/publikacii/perspektivy-perexoda-kazaxstana-k-zelyonoj-ekonomike/

  4. Kazakhstan National Inventory Submissions 2012 to UNFCCC.

  5. BMI Kazakhstan Oil & Gas Sector Report 2012, ADB Country Partnership Strategy: Kazakhstan 2012–2016.

  6. Development of Kazakhstan National Green Growth Plan by Korean Global Green Growth Institute, 2012.

  7. 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы.

  8. ҚР Ұлттық статистика агенттігі // электронды ресурс / http:// www. stat.kz


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет