I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Х ТАРАУ. Тәуелсіз Қазақстан



бет81/94
Дата15.06.2022
өлшемі4.07 Mb.
#459248
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Х ТАРАУ. Тәуелсіз Қазақстан.


§ 73.КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

1922 жылы құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1991 жылы өз өмір сүруін тоқтатты. Бұған бірнеше жылдар бойы қалыптасып, қордаланып қалған, шешуін күткен мәселелер себеп болды. КСРО құрамындағы одақтас республикалар, соның ішінде Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетінше шеше алмады. Үнемі Мәскеуден берілген нұсқауды ғана орындап отырды және орындауға тиісті болды.


Қазақстан сияқты республикалардың ұлттық ерекшеліктері ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Қазақтар өз тілін, салт-дәстүрін, дінін ұмытып, мәңгүрттену қаупі төнді. Экономикалық жағынан да қазақ халқы өз байлығына өзі ие бола алмады. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының тек 1% ғана түсті. Уақыт өте келе әр республика өзінің тәуелсіздігін, КСРО құрамынан бөлініп шығатын талап-тілектерін ашық айта бастады.
Сөйтіп, 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары Минск қаласында (Беловеж келісімі) кездесу өткізді. Кездесуде талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге келу. Бас қосуда осы мәселелер туралы құжаттарға қол қойылды. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашгабадта бас қосты. Онда Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск шешімін қолдайтындықтарын білдірді. Ал 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, РСФСР, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан, Белорусь, Украина, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда бас қосты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қойды. Грузия бақылаушы есебінде қатысты. Ал КСРО Президенті М.С.Горбачев кездесуге шақырылған жоқ.
1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев КСРО Президенті қызметінен босатылды. Осы жылы 26 желтоқсанда КСРО-ның өмір сүруін тоқтатқандығы туралы Декларация жарияланды. Республика егемендігінің орнығуымен бірге Республика Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттігі туындады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында «Президент сайлау жөніндегі Заң» қабылданып, Президенттік қызметке Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - экономикалық дамуда арта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар аралығында 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-ші бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді. Жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықты ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырығаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейілінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
1990 жылы «Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қатынастарға көшудің бағдарламасы» қабылданды. Бұл құжат мемлекеттік меншікті жекешелендіру нарыққа өтудің басты шарты ретінде қарастырылды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруді екі кезеңде өткізу жоспарланды. «Шағын жекешелендіру» деп аталатын бірінші кезең (1991-1993) мемлекеттік тұрғын үйді купон механизмі арқылы жеке меншікке беруді және әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық объектілерді жекешелендіруді қамтыды. «Үлкен жекешелендіру» деп аталатын екінші кезең (1993-1995) қалған мемлекеттік меншікті азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет