І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет29/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. Денсаулықтың түрлеріне сипаттама беріңіз. Психологиялық денсаулықтың маңызын айқындаңыз.

2. Салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру жолдарын атаңыз.
3. Қоғамның әрбір мүшесінің өмірі, тіршілігі қоғамның әлеуметтік жай-күйін көрсетеді. Олай болса Қуатты мемлекетті құруға қандай үлес қосар едіңіз?
4. «Біз салауатты өмір сүру салтын қалаймыз» атты Жоба дайындаңыз.
Әдебиеттер

  1. 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмiр салты"
    бағдарламасы. – Астана, 2007.

  2. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 Қаулысы.

  3. Ұлттық тәрбие: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқу құралы. Құрастырушылар: Пралиев С.Ж., Нарибаев К.Н., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г.К., Махметова Б.Т., Берикханова А.Е., Нұрғалиева Д.А. –Алматы, 2010. -208б.

  4. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.

  5. Иманбеков Т. Өнеге сөз - өрісің. –Алматы: Ғылым, 1991. -32б.

  6. Иассауи Қ.А. Даналық кітабы/ Құраст. Ж.Әбдірашев. – Шымкент, 2000. -31б.

2.8 Студент жастардың гендерлік ерекшелігіне ұлттық тәрбиенің әсері
Жоғары оқу орны студентті тұлғалық дамыту, кәсіби қалыптастыру және әлеуметтендіру институтының бірі болып табылады, онда ұрпақтан ұрпаққа білім беру ғана емес, әлеуметтік тәжірибе беру, сонымен қатар тұлғаның ділі мен құндылығын қалыптастыру, кәсіптік дайындау, мамандық бойынша тұлғаның дамуы мен қалыптасуы жүзеге асырылады. Басқа да әлеуметтік институттар секілді жоғары оқу орны да қоғамдағы ер адам мен әйел туралы түсініктерді жаңғыртады, осыдан гендерлік стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекшелене түсуде.
Сондықтан соңғы жылдары гендерлік мәселе адамзат жынысын әлеуметтік және мәдени жете ұғынумен байланысты жоғары білім беру жүйесінде жиі талқылануда.
Қазастанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлінісіндегі қызмет түрлерінің адамдардың жыныстық белгілеріне байланысты бөлінуі секілді қайшылықты шиеленістіріп жіберді. Осындай бөлінудің нәтижесінде «әйелдік және еркектік еңбек нарқы» деген ұғым пайда болды. Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық-саяси жағдайларға байланысты оның ықпалы Қазақстанға өз әсерін тигізуде. Осындай жағдайда өзіңнің өзгешелегіңді сақтау үшін де, көптеген мәселелерге, соның ішінде гендер мәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың тарихи тәжірибесін зерттеудің қажеттілігі туындады.
Соңғы он жылдықта халықаралық гендерлік саясат қалыптасты, әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік бойынша халықаралық стандарттар жасалды, өкілеттік халықаралық форумдар өткізілді. Ең маңызды құжаттың бірі - Қазақстан 1998 ж. енген әйелге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы.
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
2003 жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында үкіметтің қаулысымен (№ 1190) Қазақстан Республикасында Гендерлік саясат тұжырымдамасы мақұлданды. 2005 жылдың қараша айының 29-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 1677) Тұжырымдаманың негізінде «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді. Ол әйелдер мен еркектердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді, тоғыз бөлімнен тұрады.
Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес жүргізіледі. 2009 жылы «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заң қабылданды.
Кейінгі кездерде ғалымдар адамның жынысынан, яғни биологиялық жынысынан гөрі жыныс иесінің әлеуметтік қызметін сөз етуге беталды. Бұл ретте белгілі бір мәдениет аясында ер адам мен әйелге тән (еркектік, әйелдік) қалыптасқан тілде көрініс беретін мінез-құлық (стереотип) ерекшеліктерін білудің мәні зор. Қоғамда ер адам не әйел болу анатомиялық ерекшеліктерді меңгеруді ғана емес, сонымен бірге белгіленген әлеуметтік рөлді орындауды білдіреді.
Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибемен стратегияларды зерттеу негізінде «гендер» ұғымы жеке даралықтан әлеуметтік ­мәдени және саяси категорияға айналды. Ол қоғамның адамдардың биологиялық жынысына тәуелді орындайтын әлеуметтік және мәдени нормалардың жиынтығы деп түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет