І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері



бет31/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

Гендерлік стереотиптер әлеуметтік стереотипке жатады, белгілі бір тұрақты әлеуметтік бейнелер мен оқиғалардың ықшамдалуы деп түсініледі. Гендерлік стереотиптер нақты жағдаятты оңайлатады, бірақ олар қоғамдық санада бекітілген немесе тез өзгереді. Стереотиптер-ырымдар, ескішілдік әрбір адамға әсерін тигізеді, оған мысалдар кеңінен кездеседі.
Гендерлік стереотиптер (таптаурындар) қалай пайда болды? Бұл түрлі тарих талқысынан өтіп, түрлі сенім-нанымға қатысты да мәдениет пен еңбек бөлінісі нәтижесінде жыныс айырмашылықтарына сәйкес жағдай жасалу мақсатында қалыптасты.
Кәсіби салада гендерлік стереотип қызметкер – еркек пен қызметкер-әйел кәсіби жетістігіне қатысты орындайтын жұмысының сипатына қарай қызметтерді бөлуде байқалады. Қоғамның еңбек нарығына ауысқан жағдайында кейбір гендерлік стереотиптер еркек пен әйелдің жұмыспен қамтылу стратегиясына жанама немесе тікелей ықпалын тигізуде. Бұл нақты өмірде көрініс табуда.
Қалыптасқан гендерлік стереотипке сай ер адам экономикалық, әлеуметтік және саяси тәуелсіз индивид ретінде қарастырылады. Әйелдер басқа индивидпен, отбасы айналасы контектінде байқалады. Еркектердің түсінігінде әйелдер «үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелеуі қажет, т.б. қалыптасқан. Еркектер оның жоғары әлеуметтік мәртебесіне кепіл болатын кәсіби еңбекпен айналысып, отбасының сапалы өмірін қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша кәсіптік еңбек саласындағы жетістікті – нәтижені ең алдымен ер адамнан күтеді, оған өмірде дәлелдер жеткілікті.
Студенттік жылдар – таңдап алған мамандықты меңгеретін, қоғамдық өмірге және ондағы өзінің рөліне нақты қатынасты анықтайтын, көпшілігі үшін отбасын құратын, қарқынды тұлғалық қалыптасатын, болашақтағы өзінің ұстанымын, өмірлік қағидаларын және мақсатын анықтайтын уақыт. Кейбір студенттер мінез-құлық манерасын, мамандығын, некелік серіктесін таңдай отырып, өзінің мақсатына, талап-тілегіне емес, қоғамда қабылданған, дәстүрлі гендерлік стереотиптермен белгіленген нормаларға бағдарланады.
Сондықтан студент-жігіттер мен студент-қыздарға қазіргі қоғамдағы гендерлік стереотиптің ерекшеліктерін, олардың өмірдің саласына әсер ету дәрежесін білу, оларға теңқұқылы серіктес болуына көмектесу маңызды.
Жоғары оқу орнындағы студенттердің гендерлік стереотиптерін айқындау мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ эмпирикалық зерттеу жүргізілді. Тарих және физика-математика институының 17-22 жас аралығындағы (34 жігіт, 36 қыз) студенттері таңдап алынды. Респонденттердің әйелдер мен ерлер рөліне тән қасиеттер туралы сұрақтар бойынша жауаптарының нәтижесі ұсынылады (кесте №1).





Еркектер рөліне тән қасиеттер

Жігіттер
%

Қыздар
%

Әйелдер рөліне тән қасиеттер

Жігіттер
%

Қыздар
%

1

Іскер маман

85

63

Үй шаруасындағы әйел

64,5

60,1

2

Патриот

85

78

Жыныстық серіктес

57,6

49,6

3

Әке

71,3

23,7

Ұрпақты жалғастырушы

71,3

74,9

4

Қорғаушы

67

59,1

Бизнес және үй шаруасы бойынша теңқұқылы серіктес

34,4

56,1

5

Басшы, отбасының иесі

87,7

94,2

Басшы, отбасының иесі

3,2

0

6

Асыраушы

98,9

88,4

Жақсы тәрбиеші

3,2

18,8

Демек, кестедегі мәліметтер студенттердің ер адам мен әйелге қатысты басымдық көрсету және бағыну секілді гендерлік стереотиптері тұлғалық және кәсіби қалыптпасуына жағымсыз ықпал етіп, олардың арасындағы серіктестік қатынастың құруға мүмкіндік бермейтінін көрсетеді.


Жалпы алғанда, бүгінгі таңда гендерлік тәбие мен білім бағдарламасын ендірудің өзектілігі жыныстар (ер адам мен әйел) арасында серіктестік өзара қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Гендерлік тәрбиенің мақсаты - оқушы жастарды (жігіттер мен қыздар) әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекетте қабілеттерін ашуға және өзін-өзі танытуына жағдай жасау, оны ұйымдастыруда әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескеру.
Сондықтан студенттерге гендерлік тәрбие беру оларды әлеуметтік бақылау ретінде гендерлік әлеуметтендіру, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • ер адам мен әйел адамның қарым-қатынасы мен ойлауына жаңа тұрғыдан қарау және оның жаңа моделін құрастыру;

  • жеке және қоғамдық өмірдегі ер адам мен әйелдің рөлдеріне жаңа тұрғыдан қарау;

  • гендерлік мәдениетін қалыптастыру;

  • азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;

  • ересектерді тәрбиелеу үрдісін ғана емес, болашақ ұрпақтың да серіктестік пен өзара сыйластыққа негізделген тұлғалық әлеуметтенуін жетілдіру, т.б.

Осы тұрғыдан гендерлік тәрбие қарама-қарсы жыныстарға (ер және әйел жынысы) қатысты гендерлік стереотиптік ұстанымдарды айқындауға және түзетуге, өмірдің барлық саласында – саясат, идеология, мәдениет, отбасылық, т.б. гендерлік серіктестік пен теңқұқылық ұстанымды, гендерлік мәдениетті қалыптастыруға мақсатты бағытталған жұмыс деп түсіндіріледі.
Жоғары оқу орнында гендерлік білім мен тәрбиені жүзеге асыру студенттердің жыныс қандай да бір өлшем мен көрсеткіш бойынша кемсітушілік емес екендігі, ол ер адамға да әйелге де адам құқығын толық пайдалану мүмкіндігін беретіні, өзінің қайталанбас жекелік деңгейінде өзін-өзі таныту жолдары мен формаларын еркін таңдауына болатындығы туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орнында гендерлік тәрбие берудің мақсаты жігіттер мен қыздардың дамуының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне, оларда ер-азаматтық пен нәзіктіктің эталонын, олардың арасындағы үйлесімді өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға жауап беретін, оқыту мен тәрбиенің психологиялық аса комфортты педагогикалық жағдайларын құру болып табылады.
Гендерлік тәрбиенің міндеттерін шешуде өзінің мазмұнында бай әлеуеті бар өнер туындыларының алатын орны ерекше. Болашақ мамандарды (әр түрлі мамандық бойынша, соның ішінде, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті, бейнелеу өнері, музыка, бастауым мектеп оқыту теориясы мен әдістемесі, т.б. ) дайындауда классикалық өнер шығармаларын, көркем өнер туындыларын, т.б талдау осы әлеуетті айқындайды.
Көбінесе студенттер теориялық білімдерін жоғары оқу орнындағы педагогикалық практика барысында мектептегі пән сабақтарын дайындау және өткізуде қолданады, онда оқушылармен шығармаларды талдау үрдісінде өзінің адамгершілік таңдауы, эмоционалдық-сезімдік жігері туралы ойланып, өмірдің мәнін түсінуімен гендерлік тәрбиенің әлеуеті анықтала түседі. Сондықтан әрбір жас кезеңнің өзіндік мәнін, сипаттамаларын зерттеу, білу болашақ ұрпақты өмірге дайындау ғана емес, баланы әр жас шамасына сай, оның талап-тілегімен санасып, жыныстық ерекшеліктерін ескеріп, нақтылы мақсатқа бағыттаумен байланысты.
Гендерлік бағдарламалардың басты назары әйел затына бағытталғандықтан, көпшілік бұл ұғымды әйелдерге ғана қатысты, олардың мүдделерін қорғайды деп түсінеді. Гендер - адамның психологиялық және әлеуметтік дамуын негіздейтін жеке тұлғаның базалық сипаттамаларының бірі. Гендерлік теңдік – қай жынысқа жататынына қарамастан, ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін және саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени өмір салаларына қатысуға нақты қолжетімділігін қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе. Гендерлік теңдік немесе жыныстар теңдігі ерлер мен әйелдердің теңсіздігі мәселесінің жиынтығын шешу мақсатын да сипаттайды. Әйелдер мен ерлердің қоғамда атқаратын рөлдері шамалы дәрежеде биологиялық тұрғыдан және басым түрде әлеуметтік тұрғыдан анықталады. Олар үнемі өзгеріп отырады.
Халықаралық ұйымдар гендерлік теңдікті адам құқықтарымен, әсіресе әйелдер құқықтарымен, сондай-ақ экономикалық дамуын салыстырады. ЮНИСЕФ гендерлік теңдікті «қыздар мен әйелдерге арналған ойын алаңын барлық балалар өз талантарын дамыту үшін тең мүмкіндіктерге ие болатындай қамтамасыз ету жолымен тегістеу» ретінде анықтайды.
Сонымен гендерлік теңдік өмірдің барлық салаларында әйелдер де, ерлер де тең мүмкіндіктерге, құқықтарға және міндеттерге ие болатын қоғамды білдіреді. Әйелдер мен ерлердің арасындағы теңдік – бұл екі жыныстың да өкілдері тең дәрежеде білім мен денсаулыққа, басқару мен биліке қол жеткізуі, біреуге жұмыс істей жүріп немесе өз бизнесін басқара жүріп қаржылық тәуелсіздікке, өзінің тұлғалық және кәсіби сұраныстар мен мүдделерін іске асыруға қол жеткізудің тең мүмкіндіктеріне ие болу.
Қазақ отбасында гендерлік әлеуметтендіру ұлтымыздың ұрпағына тағылым берудегі жыныстық тәрбие мәселесі. Өз жынысына сай сапаларын жойып алмай, өмірге жан-жақты даярлау-басты парыз болмақ. Қазақстан Республикасынаң мызғымас, біртұтас мемлекет ретінде көру мұратымыз болса, онда бақытты отбасылық өмірге жастарды баулу да басты мақсат болатыны сөзсіз. Қазақ халқының өзіне сай ұлттық құндылықтарын дәріптеу арқылы тәрбиелеу ұлт ұрпағын жаһандану кезеңіне өз ерекшелігімен жетіліп, кемелденіп жетеді деген мүддені алға ұстанғанымыз жөн.
Қоғамымызда қалыптасқан әйел мен еркектің отбасындағы міндеті, қызметі төмендегі гендерлік стереотиптен көрінеді: Үйді асырау еркектің міндеті, ал ғашықтар үйленген соң, үйдің ішкі жарасымдылығы әйелге байланысты. Махаббатпен орнаған отбасыны құлатпай сақтау – ең алдымен әйелдің міндеті. Үй болған әйелге ең алдымен үйдің қамын ойлау қажет. Еркектерде кездесетін еренсіздік, атүстілік - әйелге кешірімсіз, үй ұстаған әйел ол үйді адалдығымен ғана ұстай алады. Әйел отбасының ұйытқысы болмаған жерде отбасы ұзақ өмір сүрмейді.
Осы тұрғыдан, гендерлік мінез-құлық белгілі бір мәдениеттегі жыныстың әрқайсысына тән міндетті нормалар мен бағалаудан құралады. Ал екінші жағынан, өмір сүру жағдайы, түрлі әлеуметтік топқа кіруіне, білім дәрежесіне, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жыныстың санқырлылығы да ұшырасады. Қазақ қоғамында әйелдің ерлермен бір сатыда тұрғанын жоққа шығаруға болмайды.
Г.Д.Гачев көшпелі халық отырықшыға қарағанда әйелдерді жоғары бағалайды. Ол: «... өзбектер де, қазақтар да ислам дінін қабылдады. Алайда қазақ әйелдері жүзін паранжамен жасырған емес, олар барынша көп мәселені өздерінше шеше алатын белсенді тұлғаға айналды» деп жазады.
Тарихқа үңілсек, көшпелі қоғамда әйел тек қарапайым үйдің ғана емес, көшіп-қонатын, қайта жығылып, қайта тігілетін шаңырақтың сақтаушысы болды. Оның дүниені қабылдауы жалаң тіршілік кешумен ғана емес, өзіндік сана-сезіммен, ең бастысы табиғилықпен астасып жатыр. Осымен байланысты қазақ әйелдері ерлеріне ежелден құрметпен қарайды, алайда ол құлдық санадағы табынушылыққа жатпайды.
Шынында да, қазақ әйелінің мінез-құлқы табиғи, ол ешқандай боямасыз, тұрпайылық көрсетпей-ақ бақытты, шынайы және қарапайым, тіл табысқыш, ешбір дөрекіліксіз-ақ кез келген адамның тілін таба біледі. Қазақ қоғамында үстемдік еткен әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан гендерлік стереотиптер де бар.
Жалпы әйелді сыртқы келбетіне қарап бағалап келеді, оларды сұлулық, тартымдылық, нәзіктік, мейірімділік, қылықтылық, баурап алушылық, т.б. сияқты стереотиптік қасиеттер арқылы ғана сипаттайды.
Қазақ әйелінің бағасы мен сипатын, қадір-қасиетін дәл тауып, оны өзінің даналық сөздері, мақал-мәтелдері арқылы өрнектеп, ұрпақтарына мирас етуші халқымыздың бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, асылы мен жасығы туралы көзқарасы аталған теңдессіз мұраларында айқын көрініс тапқан. Мысалы, «Әйелдің әйелден артықшылығы – мінезінде», «Көріп алған көріктіден – Көрмей алған текті артық», «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін», «Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады, жаман әйел жақсы еркекті надан қылады», «Жақсы әйел өміріңді ұзартады, жаман әйел үстіңе тұз артады» дейді халық даналығы.
Байқап отырғанымыздай, қазақ әйелінің бойындағы асыл қасиеттерде халқымыз үшін, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, таным-талғамы мен пайым-парасатына қатысты, тілді тұтынушылар үшін түсінікті, ортақ мағыналар алынған. Халық арасында «Ер жігіттің аты жақсы болса - бір бақыт, Алған жары жақсы болса – мың бақыт», «Балаң жақсы болса – екі көздің шырағы, Алған жарың жақсы болса – абыройыңның тұрағы» деген мақал-мәтелдердің айтылуы аталған сөздің жиі қолданылатынының дәлелі. «Қыз – қылығымен» деп санайтын халқымыз әйелдің тек сыртқы сұлулығына ғана мән беріп қоймай, оның мінез байлығын, жан-жақты тартымдылығын, ішкі сұлулығын бағалап, жоғары қойған. Өмір сүру салты табиғатпен тығыз байланысты ата-бабаларымыз болашақ ұрпағын жарық дүниеге әкелуші, оны тәрбиелеуші болашақ анада табиғи қасиет-қабілеттердің үйлесімді болуына жете көңіл бөлген.
Қазақ отбасындағы, қоғамындағы әйелдердің орны мен жағдайы туралы сөз еткенде әртүрлі көзқарастардың кездесетіндігі де табиғи заңды құбылыс. Қазақ әйелдерінің әдептілігін көрсететін көптеген әдет-ғұрыптар бар. Олар оның болмысына, тәрбиесіне ықпал етіп, рухани тазалықтың биігінен көрінуге бағытталған. Қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес.
Сөз зергері Ғ. Мүсірепов халықтың рухани және материалдық мәдениетін, салт-дәстүрін, төл тарихын, дүниеге көзқарасын, ұлттық болмысын таныту, ұлттық рухты бойына сіңіру әйел-ананың жан-дүниесінде тұтасып, жинақталғанын шығармаларына алтын арқау етіп өреді. Жазушының әйел туралы туындылары біріктірілген «Қазақ әйелі» циклі оқырмандарға Нағима, Ақлима, Күләш, Майра, Ұлпан т.б. әйел-аналар бейнесі арқылы қазақ әйеліне тән дүниетанымды танытады. Ол ескі мен жаңа заманнның тартысын «ер мен әйел» қарым қатынасы арқылы ұлттық болмысқа сай етіп шебер бейнелейді.
«Ер адам – әйел» бинарлық оппозициясы қоғамның негізін құрайтын көпмазмұнды қатынастар желісін қамтиды. Гендерлік иерархия аталған көпмазмұнды қатынастарды реттеуші механизм. Дүниедегі аталық-аналық бастаулардың репрезентациясы әйел мен ер адамға тән гендерлік рөлдермен сабақтасып, әрқайсына сипатына қарай белгілі міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді. Бұл міндеттер мен жауапкершіліктер қоғамда отбасы институты арқылы реттеледі. Отбасы институты – қоғамның маңызды құрамдас бөлігі екені белгілі. Әйел мен ер адам бинарлық оппозициясының туыстық қатынастар тұрғысынан көпмазмұнды сипатқа ие және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы мәдени, әлеуметтік құндылықтар жүйесі белгілеген түсініктермен анықталады. Қоғамда қалыптасқан дәстүрлі еңбек бөлінісі ең алдымен отбасы деңгейінде жүзеге асады. Отбасыға әйел мен ер адам тең түрде жауапты және олардың отбасындағы рөлдері әлеуметтік-мәдени қағидалар жүйесі белгілеген тәртіпке негізделіп дүниедегі объективті шындықты қалыптастырады. Антропоцентрлік бағыт аясында гендерлік ерекшеліктер қоғамдағы гендерлік рөлдермен астасып, тамыры тереңде жатқан ұлттық-мәдени ерекшеліктермен, халықтың наным-сенімдері, әдет-ғұрпы, ділі мен дінімен тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет