І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет34/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:



  1. Жастардың (қыздар мен ұлдар) отбасын құруға дайындығын әлеуметтік-адамгершілік, психологиялық, педагогикалық мәселе ретінде түсіндіріңіз.

  2. Жастардың отбасын жоспарлау туралы көзқарастарына талдау жасаңыз (өзіңізді мысалға ала отырып).

  3. «XXI ғасыр – отбасы институтының дағдарысы ғасыры» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

  4. Қазіргі жастардың некеге көзқарасы.



Әдебиеттер

  1. Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана.- Алматы, 2006.- Б. 199.

  2. Оспанова Д.Б.Қазіргі Қазақстандағы гендерлік психологиялық зерттеулердің дамуы. Жоғары білім берудің қазіргі мәселелері: жетстіктері мен болашағы. А., 2010- Б. 105-108

  3. Жүнісова-Елшібаева Қ.Ғ. Қазақ отбасы мәселелерінің психологиялық аспектілері. -А.; 2010.- Б.131. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңы. 17.12.1998ж.

  4. Карабанова О.А. Психология семейных отношений и основы семейного консультирования. М., Гардарики. 2007.- С.309.

  5. Шапиро А.З. Семейная психология // Социальная энциклопедия. – М., 2000.-С. 134.

  6. Арғынбаев Х. Қазақтағы семья және неке. –Алматы, 1978.

  7. Шнейдер Л.Б. Семейная психология: Уч. Пособие для вузов.М.: Академический проект, Екатеренбург: Деловая книга,2005.-С. 786.

  8. Жұмадуллаева А. Жастарды отбасы-некелік өмірге даярлаудың негізі-ата-ана өнегесі. /Ұлт тағылымы.-Б.12-15.

  9. Ибраимова Л. Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі. Оқу әдістемелік құрал.-А.-Б.65

2.10 Студент жастардың бос уақыты және оны ұйымдастыру мәдениеті
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Үнемі өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек ...
Абай

Уақыт - өмірдің қай саласында болмасын ең маңызды өлшем. Сонымен бірге уақыт кез келген іс-әрекетіміздің негізі. Уақытқа байланысты біз өз жұмысымызды жоспарлаймыз.


Адам өмірін тіршілік әрекетіне байланысты жұмыс уақыты мен бос уақыты деп екі сатыға бөлуге болады. Жұмыс уақытындағы өмір салтының негізгі көріністері – әртүрлі формадағы еңбек.
Бос уақыттағы өмір тіршілігінің негізгі сипатты белгілері әртүрлі қоғамдық өмірге қатысу, денсаулығын нығайту, білімін көтеру, дұрыс демалу, игілікті істермен айналысу, т.б.
Шындығында, бүгінде жастар өздерінің бос уақытын дұрыс, салауатты пайдалана білмеуінің кесірінен теріс жолға түсіп, арақ ішу, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерге ұрынып,оның аяғы тіпті қылмыс жасауға әкеліп соғуда.
Бос уақыттың жұмыс уақытынан айырмашылығы оның еркіндігімен және іс-әрекеттің түрі адамның қызығушылығымен сипатталуында. Осының негізінде еркін уақыт адам өмірінде ерекше құндылық ретінде орын алады. Еркін уақыт, еркін елдің, еркін тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлардың бірі. Ол әр адамның түсінігіне, талпынысына, салауаттылығына, еңбексүйгіштігіне, бос уақытт дұрыс пайдалана алуына байланысты.
Сондықтан бос уақыт: адамды еркіндікке тәрбиелейді; рухани дүниені байытуға мүмкіндік туғызады; дұрыс демалуға жағдай жасайды; қоғамдық жұмыспен, спортпен, денешынықтырумен шұғылдануға мүмкіндік береді; жан-жақты кәсіптік қалыптасуға ыұпал етеді және т.б.
Бос уақыт адам белгілі бір жұмыс, оқу, үй шаруасынан қолы босаған кездегі уақыт кезеңі.
Бос уақыттың үш түрін ажыратуға болады: жұмыстан кейін күш жинап алу уақыт кезеңі (рекреационалдық); тұрмыстық және рухани күш жинап алу уақыт кезеңі (ұтымды пайдаланушылық); белгілі бір шығармашылық жұмыспен өткізу уақыт кезеңі (іс-әрекеттік).
Жалпы жастардың бос уақытын өткізу аясында ұлттық, салт-дәстүрлерге деген қызығушылығы, рухани жан дүниені байыту аясында іс- әрекеттер мен ұмтылыстардың жоқтығы байқалады.
Жастардың бос уақыт дегеннің өзін дұрыс түсінбеуі, бос уақыттарын қалай болса солай өткізуі айқын көрініп тұр. Бос уақытты тиімді өткізу деңгейі жоғары болса, бұл өз кезегінде мемлекеттің тұрмыстық жағдайы ғана емес, рухани, мәдени жағынан да дамуына үлесін тигізетіні анық.
Жастардың көпшілігі бос уақыт деген сөздің өзін басқаша түрде түсінетін тәрізді. Басым көпшілігі бос уақытты тиімді өткізу жолдарын білмейтін де тәрізді. Олар бос уақытты барлық нәрселерден тәуелсіздік ретінде санап алған тәрізді. Яғни, белгіленген бір әдеп пен тәртіп нормаларынан тәуелсіз ретінде түсінетін тәрізді.
Қазіргі бос уақытты өткізу және көңіл көтеру формалары, атап айтқанда компьютерлік клубтар, ойын автоматтары, интернет-ресурстары жастардың әлеуметтік-психологиялық дамуына және денсаулығына жағымсыз әсер етуде.
Соңғы кездері ойын автоматтарының күннен-күнге тарала түсуіне байланысты құмар ойындар мәселесі ерекше маңызды мәнге ие болып отыр. Ойын автоматтары әлем бойынша бұрыннан таралған. Сонау 1970 жыл ХХ жүзжылдықтың өзінде Англияда ойын автоматтары залдарының еларасында белгілі болуымен, кинотеатрларға келушілер саны төмендеп, тіпті оларды жабу қажеттігіне дейін жеткен. АҚШ-да Р.Фольберг (Volberg, 1996), деректері бойынша «проблемалы гемблер», құмар ойыншылар саны – ойынға жанымен берілген, тіпті олардың өмірі осы құмарлыққа толықтай бағынышты болатын тұлғалар саны тұрғындардың 5 % дейін жеткен. Басқа да зерттеушілердің (Ladouceur et al., 1999) мағлұматтары бойынша 1190 жылдардың бірінші жартысының өзінде Канада да ойынқұмарлар саны 75 % дейін жеткендігін растайды.
Осыған байланысты шетелдік зерттеушілер құмар ойындарды тұрғындарға қауіп төндіретін өзекті әлеуметтік мәселе деп санайды. Олардық пікірінше, ойын үрдісінде босаңсу, әсерлік қызуын басу, басына түскен ауыр жағдайлардан құтылу, жанға жайлы уақыт өткізу сияқты сезімдер туындап, оған деген тәуелділік дами түседі.
Ойын құмарлықтың медицина мен психологиядағы ресми атауы – лудомания (латын тiлiнде «ludus» – «ойын» дегендi бiлдiредi). 1980 жылы Американың Психиатрлық Ассоциациясы (“American Psychiatric Association”) лудоманияны ауру ретінде жіктеген. Бүгінде ол Халықаралық Аурулар Жіктемесінде «Ересек жастағы жеке тұлға және мінез-құлықтың бұзылуы» бөлімінде Ф 60-69 деп белгіленіп, «Әдет пен әуескойлықтың бұзылуы» тарауында F 63.0 кодымен қарастырылады.
Ғалымдардың пікірінше, «лудомания - субъектінің өмірінде ерекше орын алған және адам өмірінің барлық өрісі мен жеке тұлғасына, оның физикалық, психикалық, эмоционалды және әлеуметтік денсаулығына кері, әрі жойқын ықпал ететін, әлеуметтік, кәсіби, материалды және жанұялық байланыстарды жоғалтуға әкелетін құмар ойындарға жиі-жиі үнемі қатысу арқылы болатын құлдырау, алжасу» деп анықталады.
Тәуелділік – адамның ерекше ішкі күйі. Ол ылғи жеке тұлғаның, сол немесе өзге дәрежеде, адамның басқа жанды мақұлықтан бөлінетін өзекті қасиет - ерік бостандығының жойылуымен сипатталады.
Құмарлық ойындарға тә­уел­ділік бойында құ­мар­паздық, еліктегіштік басым, өз еркін билеу дә­ре­жесі төмен мінез-құлықты адамдарды тез меңдейді. Бұл тәуелділік, жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Құмар ойынға тәуелділік себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Бүгінгі жастарға қауіп төндіріп тұрған зиянды әдеттердің бірі виртуалды тәуелділік болып табылады.
Бүгінде компьютер адамзаттың өмірін же­ңілдетіп, ақпаратты тез алуға ғажап мүм­кін­дік береді. Алайда уақыт өте келе компьютер алдында көп отырудың көз жа­нарына, адамның қан айналымына кері әсер ететінін былай қойғанда, ол ойын құралына, он­да да адам жүйкесін бұзатын құмар ойын құралына айналды.
Қазіргі уақытта жастар, әсіресе ба­ла­лар үшін компьютерлік ойындар – көңіл кө­терудің ең бір кең тараған түрі. Компьютер ойнына тәуелділіктің арақ, шылым, есірткіге тәуелділік сияқты адамға денсаулығына қауіпті жақтары да бар. Тіпті компьютер басында отырып инфаркт, инсульт алған ойын­құмарлар да аз емес. Сондай-ақ компьютер адам генофондына кері әсер ететін, электромагнитті сәуле шашатын радиация көзі екенін де ұмытпау керек.
Ғалымдар интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелділіктің белгілерін төмендегідей көрсетеді: интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру; Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру); айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу); жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру; интернетте отыруды әдетке айналдыру; интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы.
Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру мынадай зиян шектіреді: отырғанда денені дұрыс ұстамау, омыртқа мен мойынға күш түсіреді; ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады; интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады; кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін. Әрине интернет күнделікті өміріміздің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Дұрыс қолданылса, адамға өте көп пайдасы бар. Олай болса сабырлы, салмақты, үйлесімді болу жастардың жан дүниесі үшін өте маңызды ерекшеліктер болып табылады. Сондықтан виртуалды дүниені тәрбиеге, ұлттық және адамдық құндылықтарға сай түрде жасауымыз керек.
Жалпы жастардың бос уақытын өткізу аясында ұлттық, салт-дәстүрлерге деген қызығушылығы, рухани жан дүниені байыту аясында ешқандай іс - әрекеттер мен ұмтылыстарды көріп жатқан жоқпыз. Жастардың бос уақыт дегеннің өзін дұрыс түсінбеуі, бос уақыттарын қалай болса солай өткізуі айқын көрініп тұр. Жастардың бос уақытын дұрыс өткізуіне айтарлықтай бақылау жасасақ, бос уақыт жалпы мәдени, шығармашылық, жағымды мінез бен әдеп т.б құндылықтарымен толықтырылар еді. Бос уақытты тиімді өткізу деңгейі жоғары болса, бұл өз кезегінде мемлекеттің тұрмыстық жағдайы ғана емес, рухани, мәдени жағынан да дамуына үлесін тигізер еді. Себебі, жастар біздің мемлекетіміздің айнасы мен болашағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет