Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Менталитет және менталдық ұғымдарының мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Ұлттық ділдің негізін құрайтын басты бағыттарды атаңыз.
«Қазақменталитеті» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Ұлттықидея мен ұлттық идеологияның бірлігінің ұлттық ділді айқындаудағы маңызын ашып көрсетіңіз.
Әдебиеттер
Айдаров Дәуірхан Жәлиұлі. Діл және дәстүр - Алматы: Дайк-Пресс, 2010.- 344 б.
БурбаевТ.Қ. Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. Монография. - Астана: С.СейфуллинатындағыҚазМАТУ, 2005.-257б.
Нұрланова К. Земля духовная опора народа // Мысль. -2000. №5 – 63 с.
Ж.Кейкин. Діл - ұлт тіні. // Егемен Қазақстан. - 2010. №76-77 (25923) 27 ақпан.
Т.Бурбаев. Ұлт менталитеті. Астана, Елорда, 2001, 2486
2.2 Студент жастардың кәсіби даярлық үдерісінде әлеуметтенуі
Студент жастардың әлеуметтенуі қоғамдық қатынастардың өздігінен дамуын, адамның өмірін анықтайтын, оның құрылымдық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ететін қоғам дамуының маңызды факторларының бірі. Әлеуметтену қоғамның мүшесі ретінде адамның қалыптасуының күрделі және көпжақты үдерісі.
Өркениеттің дамуында адамның білімі мен руханилығы маңызды стратегиялық ресурс болып табылады. Адамның қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің жоғары технологиялық өндіріс деңгейіне сай келуі үшін интеллектуалды капитал, адамның еңбегі, инновациялық ойлауы қажет. Сондықтан қазіргі заманның даму кезеңінде студент жастардың әлеуметтенуі мен тәрбиесі ерекше маңызға ие.
Сондықтан тәрбие жүйесін жоғары оқу орнындағы ұлттық тәрбиелік идеал жетістігіне, қазіргі жағдайда қоғам үшін басымды маңызға ие студент тұлғасына бағдарлануы тиіс. Әлеуметтену мен тәрбиелеу үрдістерінің өзара байланысы әртүрлі тұрғыдан түсіндіріледі.
Кез келген адам қоғамда (социумда) өмір сүреді. Әлеумет «социум» - ортақ белгілі бір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты үлкен қауым дегенді білдіреді.
«Әлеуметтену» терминін американың әлеуметтанушы ғалымы Ф.Г.Гиддингс адам проблемасымен байланыстырып қарастырған. Ол бұл терминді индивидтің қазіргі әлеуметтік даму табиғатын және адамның әлеуметтік өмірге дайындығын көрсетуге қолданған.
Әлеуметтендіру - индивидті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын еңбек тәжірибелерін, білім мен мінез-құлық нормаларын, құндылықтар мен дәстүрлерді меңгеруге және ары қарай дамытуға бейімдеу, сондай-ақ индивидті қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне ендіру, оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады (Философия).
Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп тұлғаға айналу үдерісі (Ұлттық энциклопедия).
«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, үйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтың қауымдастыру. Әлеуметтендіру мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ адам бұл үрдістің объектісі ғана емес, суъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді. Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Әлеуметтену, яғни адамның қоғамның өміріне енуі, есеюі, өмір сүрудің алуан тәсілдерін меңгеруі, рухани және тәжірибелік қажеттіліктерді дамыту, «өмір тұжырымдамасын» қалыптастыру, өмірлік өзін-өзі анықтауын жүзеге асыру.
Осыдан, әлеуметтенуді жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды ерекшеліктері мен әлеуметтік қатынастарының біртұтас жүйесі ретінде түсіндіруге болады. Әлеуметтендіру мәдени элементтерді, әлеуметтік мұраттар мен құндылықтарды меңгеру негізінде жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде қоғам талаптарын игеруі, сана мен тәртіпті, маңызды әлеуметтік мінездерді, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттеу деп те түсінуге болады.
Адамның әлеуметтенуі - өмір бойы үздіксіз болып отыратын үдеріс. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік маңызды ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру үдерісі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім немесе жастық, есейген, қартайған шақтан тұрады. Оны негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Әлеуметтендіру балалық және жастық шақта қарқынды жүреді. Бұл үдерісте ол белгілі бір өмірлік маңызды әлеуметтік рөлді орындауға мүмкіндік беретін адамзаттың тұрмыс-тіршіліктің әр алуан саласында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгереді.
Әлеуметтендіру тұлғаны әлеуметтік қалыптастыру үдерісі, шарты, көрінісі және нәтижесі ретінде қарастырылады. Үдеріс ретінде тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тіршілік ортасына бейімделуі мен өзараәрекеттестік сипатына байланысты әлеуметтік қалыптасуын және дамуын көрсетеді. Шарт ретінде адамға тұлға ретінде табиғи әлеуметтік дамуы үшін қажетті социумның бар екенін білдіреді. Көрініс ретінде нақты қоғамдық қатынастар жүйесінде адамның жас және әлеуметтік өсуіне қарай әлеуметтік реакциясын, әлеуметтік даму деңгейін көрсетеді. Нәтиже ретінде қоғамның әлеуметтік бірлігі ретінде жасына сәйкес адам және оның ерекешелік сипатының негізі болып табылады.
Демек, әлеуметтену адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі жетілдіруі және өзін іс жүзінде табысты көрсетуі. Бұл адамның қоршаған ортамен стихиялық жағдайдағы әрекеті, сонымен қатар тәрбиенің мақсатқа бағытталуы, педагогикалық ұйымдастырылуы барысында өтетін үдеріс.
Тәрбиені әлеуметтену үдерісінің кең ауқымды контекст ауамағында қарастыру қажет. Себебі, тәрбие әлеуметтік-педагогикалық үдерістің, салыстырмалы бақыланатын және педагогикалық реттелетін табиғи құрамдас бөлігі, ол тұлғаның әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, әлеуметтік жетілуге, шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған және әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыра отырып, өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге ғылымда әлеуметтену үдерісі төрт түрге (стихиялы әлеуметтену, салыстырмалы түрде бағытталып отыратын әлеуметтену, салыстырмалы әлеуметтік бақылауда болатын әлеуметтену, саналы түрде адамның өзіндік өзгеруі арқылы әлеуметтену) бөлініп қарастырылады. Осының ішінде, адамның жеке басының ресурстарына және өмірдің объективті жағдайларына сәйкес саналы түрде өзіндік өзгеру арқылы әлеуметтенуі маңызды.
Демек әлеуметтендіру адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі жетілдіруі және өзін іс жүзінде табысты көрсетуі.
Әлеуметттендіру – бұл екі жақты үдеріс, бір жағынан, индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеру жолымен әлеуметтік байланыстар жүйесіне, әлеуметтік ортаға енуі; екінші жағынан, индивидтің белсенді іс-әрекеті, әлеуметтік ортаға белсенді енуі есебінен әлеуметтік байланыстар жүйесін ұдайы өндіру үдерісі.
Г.Тард әлеуметтену үдерісі жеке адамның өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асатынын алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Ол тұлғаның өзі өмір сүретін қоғамның әлеуметтік мөлшерлері мен құндылықтарын еліктеу жолымен игертінін дәлелдеді.
Ж.Пиаже бойынша, әлеуметтендіру – бұл баланың дамудың белгілі бір деңгейіне жетіп, басқа адамдармен ынтымақтастыққа қабілетті болу, әлеуметтік ортаға бейімделу үдерісі.
Әлеуметтену мәселесі туралы ой тұжырымдар көп, оны екі бағыттағы көзқарастарға топтастыруға болады:
Субъект-объект көзқарас тұрғысынан: әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позицияны ұстанады; адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады; әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. (Э. Дюркгейм, Т.Парсонс). Э.Дюркгейм әлеуметтенуді тәрбиенің әсерімен «адам ету» ретінде анықтайды, бұл «ересек ұрпақтың жас ұрпаққа әсер етуі», яғни әлеуметтену арқылы әр келесі ұрпақ бұрынғы түсініктерді, әдеттер мен дағдыларды мұра етеді, сөйтіп қоғамның жаңа жағдайларына бейімделеді. Т.Парсонс жеке тұлғаның белгілі ортаға бейімделіп, әлеуметтік ортада толық сабақтасып кету үдерісін әлеуметтену деп атады, адамның белгілі ортада әлеуметтенуі оның сол ортаға бейімделу деңгейімен анықталады деп есептеді.
Субъект-субъект көзқарас тұрғысынан: адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде ғана қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді; өзі-өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсерін тигізе алады (Ч.Кули , Д.Г. Мид).
Гуманистік психологияның өкілдері Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс «жеке тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз оның өзіндік өзектелуінен, яғни «Мен» тұжырымдамасы үрдісінен, қандай ортада болмасын белгілі мағынаға ие болуынан көрінеді» - дейді. Жеке тұлға әлеуметтену барысында өзін-өзі тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына өзі ықпал ете алады.
Әр адам өзінің өмірі барысында «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беруге талаптанады. Бұл сұрақтың мәні оған біржақты және біржолата жауап берудің мүмкін еместігін көрсетеді. Әр адам өзінің «Менін» өзімен түйісетін басқа адамдардың әсерлесуін түйсіну арқылы ғана қалыптастырады.
Т.Парсонс отбасын әлеуметтенудің бастапқы құралы деп есептейді, себебі онда тұлғаның мотивациялық ұстанымдары қалыптасады. Шындығында нәрестені алғашқы күнінен бастап ең жақын қоршаған ортасы қалыптастырады. 1 жастан асқанша, ол дыбыстарды, адамдардың түрлерін, аттарын ажыратуды үйренеді, содан кейін «Мен» деген ұғымды пайдалана бастайды. 2-3 жас аралығында сәби басқаларды түсіне бастап, әлеуметтік «Мен» екенін ұғынатын болады. Сәбидің алғашқы тәжірибесі әр түрлі тұлғалардың, оның ішінде өзінің де бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осыдан бастап адам өмір бойы жеке тұлға ретінде өзін басқа тұлғалармен салыстырып жүреді.
У.Кулидің дәлелдеуі бойынша жеке «Меннің» парасатты табиғатының әлеуеті бастапқы топтың ішіндегі тұлғааралық қатынаста ғана әлеуметтік сипатқа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |