І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері



бет19/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

Демек әлеуметтену жеке адамның нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән құндылықтарды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу үрдісі. Әлеуметтенудің мәні сонда, ол адамды өзі өмір сүретін қоғамының әлеуетті мүшесі ретінде қалыптастырады.
Ғалымдар тұлғаның әлеуметтенуінің саналуан формаларын белгілейді: мәдени, этникалық, саяси, азаматтық, кәсіби, адамгершілік-құқықтық, отбасылық жыныстық рөлдік (гендерлік) әлеуметтену және т.б.
Қазіргі тасымалдаушы қоғам жағдайында жастарды этникалық әлеуметтендіру мәселесінің күшеюі бірнеше факторлармен дәлелденеді: қазіргі көпмәдени және көпэтникалық қоғамда қоғамдық қатынастардың өзгеруінің нәтижесінде туындаған жастарды әлеуметтендірудің ерекшеліктері; жаһандану және құндылық бағдардың жоққа шығуы жағдайында тұлғаның маргинализациясы; этникалық әлеуметтендіру институтының рөлін шешетін қазіргі отбасының біртіндеп жоғалуы; этникалық рухани құндылықты беретін әлеуметтік механизмнің (тетіктің) күрделенуі. Этномәдени факторлардың өсіп келе жатқан жас ұрпақтың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына әсері анық әрі шындық. Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі.
Жастардың әлеуметтік-мәнді жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) ретінде әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік, әлеуметтік белсенділік.
Адам өмірінде этникалық фактордың да рөлі маңызды. Адам өткені мен бүгінгісінде «этникалық» феноменнің болуы мен көрінуі арқылы өзінің әр алуан аспектілерін аша отырып, өзінің мәңгі қажеттіліктерін өзін іс жүзінде көрсетуде, өзін-өзі жігерлендіруде жүзеге асырады.
Этникалық әлеуметтендіру – этностық қауымдастың мүшесі ретінде өмір сүру үшін қажетті және сол қауымдастыққа тән құндылықтарды, бағдарды, мінез-құлық нормаларын меңгеру үдерісі.
Қажеттілік этникалықта үш құраушыдан тұрады: этникалық тиістілікке қажеттілік; позитивті этникалық сәйкестілікке қажеттілік; этникалық қауіпсіздікке қажеттілік. Этникалық – жекелік-тұлғалық деңгейде «Мен» – тұжырымдаманың ерекше формасы ретінде қатысады және оның көріну дәрежесі адамның өзін-өзі айқындауына тікелей байланысты.
Этникалық – діл мен мәдениеттің жиынтығы, халықты сипаттап қана қоймайды, оны біріктіреді және басқа қауымдастықтан ажыратады. Сонымен, «этникалық» сөзінің мәні адамның белгілі бір этнос мүшесі ретінде сол этносқа тиістілігін, сәйкестілігін сезінуі деп тұжырымдауға болады. Этникалықтың мазмұны мына компоненттерді құрайды: өз халқына тиістілігін саналы түсінуі; өз халқының қызығушылығын білуі; өз халқының мәдениетін, тілін, тарихын, ділін білуі. Этникалықты этноәлеуметтік кеңістіктегі топаралық өзараәрекеттесу барысында «Біз» бен «Біз еместі» салыстыру түрінде көрінетін және биогенетикалық пен биоәлеуметтік бірлік негізінде алғаш қалыптасқан, бірақ интенсивтілігі бойынша алуан түрлі, топтық сәйкестілік пен бірдейлік деп те түсінуге болады.
Жекелік және тұлғалық, топтық деңгейде этникалық бірқатар қызметтерді атқарады: Біріншіден, бірдей бірлестіктің мүшесі үшін этникалық институционалды нормаларды, әлеуметтік мінез-құлықты үйлестіруші болады. Этникалық жалпы қабылданған тұрақты құндылықтар, салт, дәстүр негізінде тұлғааралық және топаралық қарым-қатынасты үйлестіреді. Екіншіден, бірдей символикалық ортаны қалыптастыра отырып, этникалық өзіндік ақпараттық сүзгі ретінде қатысады. Үшіншіден, этникалық адамға тән табиғи қажеттілікті белгілі бір психологиялық тұрақтылық пен айқындылықта қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады. Этникалық тұлғааралық және топаралық қатынасты салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде реттейді, жүйелейді, сонымен қатар жалпы қабылданған мәдени құндылықтар мен мұраттарды сүзгіден өткізеді. Этникалық әлеуметтендіру көпдеңгейлі әлеуметтік құбылыс, ол өзіне этностардың әлеуметтенуін, яғни этникалық топтардың ұрпақаралық әлеуметтенуін, сонымен қатар этномәдени фактордың әсерінен тұлғаның дербес әлеуметтенуін енгізеді. Этникалық әлеуметтендіру әлеуметтенудің бір аспектісі, қоғамда қабылданған этноәлеуметтік рөлдерді, этникалық қатынас мәдениетін меңгеру барысында тұлғаның даму және өзін-өзі дамыту үдерісі.
Этникалық әлеуметтену тұлғаның әлеуметтену үдерісінің жалпы бөлігі және бала туылғаннан жеткіншек жасқа, индивидтің этникалық санасы қалыптасқанға дейін созылады.
Этникалық әлеуметтену – индивидтің этникалық мәдениетті меңгеру үрдісі, нәтижесінде ол белгілі бір этникалық қауымдастықпен өзін саналы түрде ұқсастырады. Этникалық әлеуметтену қазіргі заманғы қоғамда жекелік-тұлғалық, топтық деңгейде этникалылықты өндіреді, бірқатар қызметтер атқарады: реттеушілік, ақпараттық, психологиялық, инструменталдық, мотивациялық.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістер этникалық әлеуметтенудің ерекшеліктерін анықтады, оның бастапқы қағидалары мәдени диалог, мультикультурализм. Мультикультурализм бастапқы түсінікте әрбір адамның өзінің бірегейлігін (идентичность) қалыптастырады. Мультикультурализм – толеранттылықтың бір аспектісі, бұқаралық мәдениеттің жалпыадамзаттық арнасында өзара сіңісу, байыту және дамыту мақсатында мәдениеттің болуын талап етеді. Мультикультурализм идеясы Еуропаның жоғары мәдени дамыған қоғамында пайда болды. Қазіргі Еуропада мультикультурализм ең алдымен «үшінші әлем» елдірінің иммигранттары мәдениеті элементтерінің мәдени алаңына қатыстыруды ұсынды. Қазіргі заманғы мәдениет үшін диалог ұғымы ерекше өзекті. Адамзаттың барлық тарихы – ол диалог. Диалог біздің барлық өмірімізге енді. Ол өзінің ақиқаттығы бойынша коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыру құралы, адамдардың өзара түсінісу шарты. Мәдениеттердің өзара әрекеттестігі, олардың диалогы – этникааралық, ұлтаралық қатынастарды дамытудың аса қолайлы негізі.
Әлемнің барлық халықтарының мәдениетіне тән, объективті қарама-қайшылықтардың бірі ұлттық мәдениеттің дамуы және олардың өзара жақындасуы арасында қарама-қайшылық болып табылады. Сондықтан мәдениеттер диалогы адамзаттың өзін-өзі сақтауының шарты болып саналады. Рухани бірлікті қалыптастыру қазіргі заманғы мәдениеттер диалогының нәтижесі.
Этномәдени құзыреттілік сол және басқа этникалық мәдениет туралы күнделікті өмірде және оқу сабақтарында алған білімге негізделген, этникааралық өзара түсіністікке және өзара әрекеттестікке дайындықты көрсетеді. Этномәдени құзыреттілік индивидке бірлескен іс-әрекеттің жоғары нәтижелілігін, келісім мен өзара сенім атмосферасынқолдауға мүмкіндік беретін мінез-құлықтың адекватты үлгісін табуға көмектеседі, демек, терісінің түсі, тілі, құндылығы, мәдениеті бойынша ажыратылатын адамдарға төзімсіздік қатынасты жояды.
Этномәдени құзыретілікті қалыптастыру әр түрлі көздерден білім интеграциясын және этникааралық өзара әрекеттестік міндеттерін шешу қабілетін ұсынады, осыған байланысты жастарды даму барысында оларға жағымды қатынасын дамыту үшін алдымен туған, сосын басқа мәдениетке ендіру қажет. Өз мәдениетінің құндылықтарының басқа құндылықтармен арақатынасын бірлікте меңгеру басқа халықтың мәдениетіне ену үшін, этникааралық түсіністік пен диалогқа қабілетін дамытудың шыққан жері болып табылады. Этникалық құзыреттілікті қалыптастыру адамның өмір сүру барысында жалғасады. Әлеуметтік шындық пен өмірлік жағдаяттың өзгеруі адамның өзін жаңа эномәдени қоршауға алып келеді, ол әр түрлі мәдениет саласында өзінің нақтылауды, түзетуді және хабардарлығымен толтыруды талап етеді.
Этномәдени құзыреттілік – қалыптасқан тұлғалық қасиет, мазмұны өзінің этникалық тиістілігін элементарлы саналы түсіну: этникалық мәдениетке эмоционалды-құндылықты қатынасы; өзінің этникалық мәдениет туралы білімін қолдану қабілеті, өзінің іс-әрекетінідегі қатынастын мәдениеттер арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты көре білу; этномәдени шыдамдылық; эмпатия.
Этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру білім беру кеңістігінде болуы және жүзеге асуы тиіс, ол бүгінде білім мазмұнына этномәдени компонентті ендіру құралы, оқыту мен тәрбие шарты және тасымалдау тәжірибесі формасында ұсынылады.
Этномәдени құзыренттілікті қалыптастыруға бағытталған оқу үрдісінің өзіндік ерекшелігі меңгерілген теориялық білімнің аксиологиялық мәніне байланысты. Бұл міндетті шешу туған және басқа мәдениеттің мәнін танымдық айқындауды, мәдени құндылықтарды таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін рефлексиясыз мүмкін емес.
Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға тікелей байланысты.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен реттеледі.Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігімен сипатталады.
Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтендірудің көптеген тұжымдамаларын талдау, осы аталған ұстанымның біріне жақындатады, адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуін көрсетеді.
Адамның әлеуметтік дамуы оның жеке бастық қалпына, өзін анықтайтын белсенділігіне байланысты болады. Оның белсенділігі өзінің сезіміне, ортаға қандай деңгейде бейімделуіне немесе бейімделмеуіне және өзін ыңғайлы сезінуіне немесе сезінбеуіне байланысты. Адам өзін әлеуметтік ортада неғұрлым ыңғайлы (бейімді) сезінген болса, онда ол соғұрлым өзін бейнелеуге жақын және әлеуметтік даму деңгейі де жоғары болмақ. Нақты қоғам жағдайында адамның бейімделуі мен оқшаулануының бірігуін әлеуметтенудің мәні дейміз. Бейімделу (әлеуметтік адаптация) - субъект пен әлеуметтік ортаның өзара белсенді қарым-қатынасының үрдісі және нәтижесі (Ж.Пиаже, Р.Мертон). Адаптация – индивидтің әлеуметтік тірі жан ретінде қалыптасуының нәтижесі.
Оқшаулану - адамның қоғамда автономиялану үрдісі. Оның нәтижесі адамның өзіндік көзқарастарға дегенқажеттіліктері (құндылық автономиясы); өзіндік құштарлықтары болуға деген қажеттілігі (эмоциялық автономия); тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетімен шешуге деген талпыныстары; өзін-өзі өзгертуге, өзін-өзі танытуға, өзін-өзі билеуге кедергі келтіретін өмірлік ахуалдарға қарсы тұра алуы (мінез-құлық автономиясы). Сонымен оқшаулану адамның жеке тұлғасының қалыптасу үрдісі мен нәтижесі, яғни, тұлғаның ортамен бірге бола отырып, өзімен өзі болу іс-әрекеті және қарым-қатынастарда табанды болуы, өзін-өзі бағалай білуі. Тиімді әлеуметтену – бейімделу мен оқшауланудың белгілі бір тепе-теңдігінен тұрады. Жоғарыда айтылған әлеуметтенудің мәні субъект-субъект көзқарасы жағдайында іске асырылады. Субъект – объект жағдайында - әлеуметтенудің мәні ретінде тек қана бейімделу үрдісі қарастырылады.
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы.
Тұлғаны әлеуметтендіру механизмдерінің бірі сәйкестендіру (идентификация), тұлға белгілі бір мінез-құлық нормалары арқылы құндылықтарды меңгере отырып, сол әлеуметтік топпен немесе индивидпен өзін теңестіреді. Тұлғалық қасиет ретінде әлеуметтік-мәнді жеке қасиеттерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден тез және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды. Әрбір адамның өз өмірінде тығыз байланыста болатын адамдар тобы болады. Оларды әлеуметтенудің агенттері деп атайды. Әлеуметтену барысында бұл агенттер өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді.
Әлеуметтенудің құралдарына адамның өмір сүруінің төмендегідей іс-әрекеттері жатады: қалыптасқан тұрмыстық және гигиеналық біліктіліктері; адамды қоршаған материалдық мәдениет өнімдері; рухани мәдениет элементтері (бесік жырынан бастап, түрлі монументалдық скульптураларға дейін); қарым-қатынас стилі мен мазмұны; отбасында, құрдастар арасында, түрлі тәрбие орындарында қолданылатын мақтау, марапаттау әдістері; спорт; ойында, танымдық үрдісте, тәжірибелік және рухани қызметте, сондай-ақ, отбасы мен кәсіби, қоғамдық, діни сфераларда біртіндеп іске асырылатын түрлі қарым-қатынас типтері. Осындай түрлі әдіс-тәсілдер мен шаралар арқасында адамның және түрлі адамдар топтарының мінез-құлқы, жүріс-тұрысы сол мәдениетте қабылданған үлгі, қалып, құндылықтар негізінде қалыптасып, бір ізге түсіріліп отырады.
Әлеуметтенудің механизмдері жөнінде де әр түрлі пікірлер жеткілікті, бірақ бірыңғай, ортақ пікір жоқ. Мәселен, француз психологы Г.Тард еліктеушілікті негізгі механизм деп санаса, америка ғалымы У.Бронфенбренер белсенді өсіп келе жатқан адам мен ол өмір сүріп отырған ортаның өзгергіштігі арасындағы өзара аккомодацияны (бейімделушілік) әлеуметтенудің негізгі айқындаушы механизмі деп есептейді.
Белгілі Ресей психологы В.С.Мухина әлеуметтенудің механизмі ретінде ұқсастыру (идентификация) мен оқшаулануды ұсынды, ал, А.В.Петровский тұлғаның дамуында бейімделу, жекешелену және интеграция фазаларының заңды ауысуларын маңызды деп санайды.
Ғалымдар осындай және басқа да көзқарастарды зерттей отырып, әлеуметтенудің психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдеріне (импринтинг (ойда сақтап қалу), экзистенциалдық қысым (ықпал), еліктеу, идентификация, рефлексия) құбылыстарды жатқызады.
Әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдеріне мыналар жатады:

  • әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі – адамның өз отбасына, жақын ортасына тән нормаларды, мінез-құлық эталондарын, көзқарастар мен стереотиптерді игеруі. Бұл игерулер әдетте бейсаналы түрде еске сақтау, басым стереотиптерді сынсыз қабылдау барысында жүреді.

  • әлеуметтенудің институционалдық механизмі – аталуынан көрініп тұрғанындай, адамның түрлі қоғами институттармен (өндірістік, қоғамдық, клубтық жүйелер, жаппай коммуникация құралдары) және т.б. түрлі ұйымдармен қарым-қатынастары негізінде әрекет етеді.

  • әлеуметтенудің стилденген механизмі – белгілі бір субмәдениеттің аясында әсер етеді. Субмәдениет дегеніміз – жалпы түрде алғанда, белгілі бір жас мөлшеріндегі, біртекті кәсіби және мәдени деңгейдегі адамдарға тән моральдық-психологиялық және мінез-құлықтық құбылыстардың жиынтығы. Мұндай орта өзіне тән өмірлік және ойлау стилін қалыптастырады.

  • әлеуметтенудің тұлғааралық механизмі – адамның өзіне субъективті түрде маңызды адамдармен қарым-қатынасы үрдісінде іске асырылады. Бұл механизмнің негізіне тұлғааралық эмпатия, ұқсастыру мен салыстыру (идентификация) байланысты психологиялық механизмдерде алынады. Маңызды адамдар - ата-анасы, кез келген жасы үлкен сыйлы адам, құрдас-достары т.б. болуы мүмкін.

Әлеуметтену, әсіресе, балалар, жасөспірімдер үшін, жоғарыда аталған барлық механизмдердің көмегімен жүреді. Бірақ, олардың ықпалының арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, ауылдар мен шағын кенттерде өте маңызды рөлді дәстүрлі механизм иеленуі мүмкін. Ал, қала жағдайында, көбіне, институционалдық және стилденген механизмдердің рөлі басымырақ. Механизмдердің әсер етуі адамның темпераментіне, интро- немесе экстраверттілігіне де байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет