1.2.Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері.
Жұмыссыздық дегеніміз - экономикада экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын кездегі болатын құбылыс.
Жұмыссыздық еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.
Жұмыссыздық деңгейін (и) жұмыссыздар санын (U) бүкіл экономикалық белсенді халық санына (L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен көрсетіледі:
и= , (1,1)
мұндағы: Е-жұмыс істеушілер саны.
Ол халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептеледі.
Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер арқылы сипаттайды:
- Институционалдық емес адамдар (Чни);
- Жұмыс істеушілердің саны (Чз)
- Жұмыссыздар саны(Чб)
- Жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны(Чнрс)
Осы көрсеткіштердің арасында мынадай байланыстар бар:
- Жұмысшы күшінің саны Чни = Чз + Чб;
- Институционалдық емес адамдар Чни = Чз+Чб+Чнрс;
- Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесі Уз = Чз +Чни;
- Жұмыссыздықтың нормасы Nб ═Чб\Чз + Чб*100%;
- Халықтың жұмысшы күші құрамына тартылу дәрежесі Yврс = Чз + Чб\Чни.
Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады :
- фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
- құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады:нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкестіксіз пайда болады;
- циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
- маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Осымен қатар,нақты және жалған жұмыссыздық болады.Бірінші жағдайда,адамның еңбекке қабілеті және ықыласы болады,бірақ еңбек нарығындағы түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екіншіде, әр түрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды. Жұмыссыздық ашық ж\е жасырынды,ұзақ мерзімді ж\е қысқа мерзімді болуы мүмкін.Ұзақ мерзімдікке циклдік және құрылымдық,ал қысқа мерзімдікке маусымдық ж\е фрикциондық жұмыссыздық жатады.
Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін,бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде үзбеген ж\е мөлшерленген жұмыс уақытында жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.
Еркін жұмыссыздық - бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек нарығынан шығуы ж\е әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға айналуы (ұжымдық келісім-шартқа сәйкес немесе өзінің жұмыс күшінің қолайлы еңбек шартын ж\е жақсы төлем табуды көздеп). Осыдан басқа,еңбек нарығын талдап зерттегенде қайталанып келетін жұмыссыздықтың ж\е жұмыс табудан күдер үзіп,жұмысшы күші есебінен шығып кеткен адамдарды есепке алатын,тоқыраулы жұмыссыздықта бар.
Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады ж\е ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік
қатынастар формаларына нақты қауіп тудырады.
Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде үзбеген және мөлшерленген жұмыс уақытында жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.
Жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі – жұмыс іздеу проблемалары.Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді.Онан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін.Мұндай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу деп атайды.
Жұмыссыздықтың келесі себебі жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе–теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.
Жалақы қатаңдығының үш себебі:
–ең төмен жалақы туралы заң қабылдау;
–кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы;
–фирмалардың ынталандыратын жалақы тағайындауы.
Үкімет жалақы қатаңдығын сақтауды, оны тепе–теңдік деңгейге дейін түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғазады. Ең төмен жалақы туралы заң барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді. Жалақыны көтеруді жақтаушылар оны әл-ауқаты төмен отбасылардағы табысты жоғарлатудың тәсілі етіп қарастырады. Ал төмен жалақыны көтерудің қарсыластары мұндай тәсілді еңбекақы төлеуге кететін шығындардың өсуі жұмыссыздықтың көбеюіне әкелер еді, кейіннен көмек арналғандарға тимес еді дейді.
Жалақы қатаңдығының екінші себебіне келетін болсақ,кәсіподақтармен немесе кәсіподақтарға бірігу қаупін тудыратын жұмыссыздық инсайдерлер (жоғары жалақылы жұмысын ұстауға тырысады) мен аутсайдерлер (инсайдерлер секілді жоғары жалақы алуға мүмкіндігі бар жұмыссыздар) арасындағы даудың салдары
Тиімді жалақы теориялары жоғары жалақы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырады деген ұғымнан шығады. Бұл туралы бірнеше теориялар бар:
- нашар дамыған елдерде қолданылатыны-жалақының тамақтану әсері.Жоғары жалақы алатындардың жақсы тамақтана алады, ал денсаулығы жақсы жұмысшылардың өнімділігі жоғары болады;
- жоғары жалақы жұмыс күшін қысқартады. Жұмысшыларға қанша есе жалақы көп төлесе, сонша есе олардың фирмаларда қалу ынтасы көбейеді;
- қызметшілердің орташа сапасы олардың алатын жалақысына байланысты. Егер фирма жалақыны қысқартса,ең күшті жұмысшылар басқа жұмысқа ауысуы мүмкін, сонда фирмада тек нашар, баламасы жоқ жұмысшылар ғана қалады. Экономистер осындай сұрыптауды теріс селекция деп атайды;
жоғары жалақы жұмысшылардың ынтасын көтереді. Егер фирма жұмысшыларына жоғары жалақы төлейтін болса, барлық осы еңбекақыны тиімді төлеу теориялары бірыңғай болады, яғни жалақы деңгейін ұстап отыру кейде фирманың мүдделілігін талап етеді. Осындай түрдегі жалақы қатаңдығының салдары жұмыссыздықты күту болады.
Достарыңызбен бөлісу: |