І тарау. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық ерекшеліктері жұмыспен қамтылудың мәні 5


Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту 2020 жол картасы



бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі103.85 Kb.
#465494
1   2   3   4   5   6   7
Жұмыссыздық

2.3 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту 2020 жол картасы
«Қазақстанда осы жұмыссыздық дейтін дерттен арылу үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын қабылдады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінен үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт аясында кәсіптік оқыту арқылы жұмысқа орналастыру көзделеді. Екінші бағыт бойынша ауылда кәсіп ашып,жеке ісін жандандырғысы келетіндерге жәрдем жасалады. Яғни бағдарламаның басты бағыты ‑ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Жалпы, өз бетінше жұмыспен айналысатындардың, жұмыссыздар мен табысы төмен отбасылардың көпшілігі ауылды жерлерде тұратынын ескерсек,оның үстіне елді мекендерде жалдамалы жұмыс орындарын құру оңайға түспейтінін есепке алсақ, ауыл кәсіпкерлігін дамытудың маңызы зор болмақ.Үшінші бағыт - тұрғылықты жері бойынша келешекте жұмысқа орналастыру немесе бизнесті дамытуға мүмкіндік жоқ болғандықтан, бағдарлама арқылы ондай адамдардың экономикасы дамыған өңірлерге көшуіне мүмкіндік қарастырылған.



Атауы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы




Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы

Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Мақсаты

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту

Міндеттері

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту;
кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадрлық әлеуетті дамыту;
атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Іске асыру мерзімдері және кезеңдері

1-кезең – 2015 жыл;
2-кезең – 2016 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға қарай:
жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;
жастар (15-28 жас) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 %-дан аспайтын болады.

Қаржыландыру көздері және көлемі

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға республикалық бюджетте 2015 жылға 37,3 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

2-кесте. Бағдарлама паспорты

1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында өнімді жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, еңбекке ынталандыруды жоғарылату және халықтың табысын өсіру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту қажеттілігін көрсетті.


Бұл үшін қажетті шарттар Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің бүкіл барысында әзірленген. Елімізде серпінді дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда.
Дағдарысқа қарсы реттеу тәжірибесі жинақталды. Жол картасы (2009 – 2010 жылдары) шеңберінде әзірленген жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс ықпалына байланысты уақытша экономикалық қиындықтар жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
Соған қарамастан, әлемдік дамудың тұрақсыздығы және әлеуметтік жаңғырту жағдайларында серпінді өзгеріп отыратын ішкі болмыстар еңбек нарығын реттеуге және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жаңа талаптар қояды.
Осы бағдарлама – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аталған талаптардың жауабы болып табылады. Ол 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Бағдарламаға Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кеңейту және жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау бөлігінде берген тапсырмаларын ескере отырып өзектілендірілді.
Ағымдағы ахуалды талдау.
2. Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз тиімділігін дәлелдеген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын» сақтап қалу қажеттігін атап өтті. Айталық, 2011 – 2014 жылдар аралығында оның шеңберінде табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатынан 462 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Көзделген шараларды іске асыру нәтижесінде 472 мың адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, оның ішінде 66 %-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, ал 121 мыңнан астам адам жаңа кәсіп меңгеруге мүмкіндік алды, шамамен 29 мың ауыл тұрғыны жеңілдікті шарттармен микрокредит алды.
Бұл жұмыссыздық деңгейіне оң әсерін тигізді, оның деңгейі 2014 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша 5,0 %-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға азайған.
Бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың саны тиісінше 8,1 млн. адамнан 8,6 млн. адамға көбейді. Жұмыспен қамтылған тұрғындардың құрамындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың үлесі 33 %-дан (2010 жылы) 29,4 %-ға (2014 жылдың 4-тоқсаны) азайды.
2013 жылдың басымен салыстырғанда нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың саны 1,0 млн. адамнан 721 мың адамға төмендеді.
Жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын құру бағдарламаларын іске асыру жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге ықпал етті.
Оның көрсеткіші 4,0 % деңгейінде (15-28 жастағы) қалыптасты, бұл соңғы 20 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш болып табылады.
Осылайша, Бағдарламаның іске асырылуы қабылданып жатқан қадамдардың, олардың оң әсері мен атаулылық бағытының дұрыстығын дәлелдейді.
Оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бөлініп отырған қаражат шалғай ауылдарға дейін жетіп, қоғамда қордаланған проблемаларды шешуге ықпал етуде. Алайда, қабылданып жатқан шараларға және оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңестірілмеген. 458,6 мың жұмыссыз бола тұра, олардың көпшілігі 34-ке дейінгі жаста, бос жұмыс орындары сақталуда. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқытудың нақты байланысының болмауына байланысты жұмыс күшінің тапшылығы, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсететін жұмыскерлердің тапшылығы байқалады. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі басым. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығымен айналысады, олардың табысы көбінесе күнделікті тіршілігіне ғана жетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.
Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. Оларда:
1) еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау);
2) жұмыс күшіне сұранысты ұлғайту (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, жаңа жұмыс орындарын құру);
3) жұмыспен қамту саясатын институционалдық және ақпараттық қамтамасыз ету (жұмыспен қамту қызметтерін, ақпараттық жүйелерді құру, ақпараттандыруды ұйымдастыру);
4) еңбекке ынталандыруды күшейту (кәсіптік бағдар, келісілген әлеуметтік көмек көрсету) көзделеді.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын ЕНББ-нің көпшілікке танылған құрамдастары:
1) мемлекеттік жұмысқа орналастыру қызметтері (бұдан әрі – МЖҚ) қабылдап жатқан жұмыссыздық кезеңіндегі алдын алу шаралары және жұмыс іздеп жүрген адамдар мен МЖҚ консультанттарының арасындағы тығыз байланыс;
2) ұдайы есептілік және жұмыс орындарының болуы мен жұмыс іздестіру жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу;
3) жұмыссыз клиенттерді бос жұмыс орындарына тікелей жіберу;
4) жұмысқа қайту туралы келісімдер немесе жеке іс-қимыл жоспарларын жасау;
5) кәсіптік дағдылардың төмендеуін, жұмыс табу немесе ұзаққа жалғасқан жұмыссыздық кезеңі салдарынан ынталандыру факторларының жоғалуын болдырмау үшін ЕНББ-ға жіберу болып табылады.
2015 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлемдік тәжірибені бейімдеу мүмкіндігі ескеріле отырып осы Бағдарлама әзірленді.
Ол дағдарысқа қарсы ден қою, еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығының мониторингі, табысы аз, жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту тетіктерін қамтиды.
Бағдарламаның күшті жағы еңбек нарығының сын-талаптарына тез арада ден қою мүмкіндігінен тұрады. Бағдарламаның әлсіз жағы бюджет қаражаты қысқарған жағдайда нысаналы топтарды қамту бойынша негізгі индикаторлардың орындалмауына байланысты.
Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және нәтижелер көрсеткіштері
3. Бағдарламаның мақсаты. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту.
4.Бағдарламаның нысаналы индикаторлары.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған міндеттерді іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:
2020 жылға қарай:
1)жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-дан аспайтын болады;
2) әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 %-дан аспайтын болады;
3) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) 4,6 %-дан аспайтын болады.
Бағдарлама шеңберінде 2015 жылы мыналар:
1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдардың жалпы санынан – 6,1 %-ы; 2) жұмыссыздардың жалпы санынан – 21,0 %-ы; 3) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан табысы аз отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерінің жалпы санынан – 20,0 %-ы мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту.
- Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған азаматтардың үлесі 2020 жылға қарай – 92,0 %;
- Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған адамдар қатарындағы Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған әйелдердің үлесі 2020 жылға қарай – 44,6 %;
- Әлеуметтік келісімшартқа қол қойғандар қатарындағы Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 2020 жылға қарай–43,5%;
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2016 қарай – 64,5 %, 2020 жылға қарай – 66,5 % болады;
2) кадрлық әлеуетті, оның ішінде Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін дамыту:
Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі 2016 жылға қарай – 70 %, 2020 жылға қарай – 71,0 % болады.
3) атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру:
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы – 30 %;
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар болып табылады.
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар
7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту;
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біздегі жұмыссыздық, жалпы алғанда жұмыссыздық жұмыс күштерін резервациялайтын қойма рөлін атқарады. Әртүрлі структуралық өзгерістерге ұшырау салдарынан пайда болған артық жұмыс күші, әрине, белгілі бір уақыттан кейін басқа салалрды меңгеру арқылы жұмыс табады. Бірақ ол үшін оларға мемлекет және қоғам тарапынан көмек қажет. Қарап отырсақ, біздегі жұмыссыздық екі түрлі қарама қайшылыққа кездеседі. Біріншісі кадр тапшылығы болса, екіншісі белгілі бір салаларда оның артықтығы. Осы мәселелер ең бір шешім қиын мәселелер, дегенмен, оны да жоғарыда айтылған үлкен қоғамдық өзгерістер шешеді.
Жұмыссыздық – ең өткір мәселердің бірі болып табылады. Жұмыссыздықтың халық арасында көп таралуы елдің экономикасына зор нұқсан келтіреді. Қандай да мемлекет болмасын халқының тұрмысының, әл-ауқытының деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық жағынан дер қарқынмен дамуын қалайды. Осыған байланысты қазіргі таңда нарықтық экономика мен әлеуметтік әділеттік негізінде жоғары өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды басынан кешіп отырған республикамыздың бүгінгі тіршілігінің негізгі мақсаты мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты өмірін және мұн-мұқтажсыз ауқытты тұрмысын қамтамасыз ету.
Біз ойлаймыз, қалаларға жаңа технологиялар алып келіп, жұмыс орындарын алмайынша аталмыш шаруа шешімін табуы екі талай деуге негіз бар. Оның үстіне шикізаттың барлығы дерлік шетелдіктер қолында болғандықтан, тауарлардың өзіндік құны жоғары. Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткерлердің жалақысын арттырып отырғанымызбен, ол бәрібір инфлиция жетегінде кетіп жүр. Әсірісе, осыдан жұмыссыз отбасылар қатты зардап шегеді. Сондықтан әрбір отбысының жағдайын жақсарту және инфляция деңгейін бәсеңдету үшін адамдарды жұмыспен қамту шарт. Елдегі жұмыспен қамту мәселесін шешуде кемшіліктер, кедергілер аз емес. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тіреліп тұрған жоқ. Мәселен, халықты жұмыспен қамту туралы заңға бір жылда екі рет өзгеріс еңгізілсе, оның орындалу механизмін кешіктіру жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге кері әсерін тигізеді. Яғни, бұрынғы заңның жетімсіздігін өмір көрсетті. Кейбір мекеме, кәсіпорын басшыларының заңды құрметтеу мәдениетінің төмендігі жұмыссыздарды еңбекке орналастырғанда қиыншылықтар туғызатыны жасырын емес. Осындай сәйкессіздіктің салдарынан күнделікті жұмыста қолбайлаулар да кездесіп жатады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Қорыта келе, жұмыспен қамту мен жұмыссыздық еңбек нарығының бөлінбес элементі болғандықтан Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекет тарапынан реттеуі қажет деп ойлаймын, және де біздің мемлекетімізде «Қазақстан-2050» стратегиясы, Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы, «Бастау-Бизнес» жобасы, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, жаңа өндіріс ошақтары ашылуда, соның салдарынан жұмыссыздар саны азайып, экономикамыздың жылдан-жылға көтерілуі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет