ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан экономикасын реформалау зерттеулер көрсеткендей әлеуметтiк-экономикалық процестерге мемлекеттiң аз араласуын қарастыратын жаңалибералдық модельге көшуге бағдарланған. Бұл модельге сәйкес даму барысында мемлекеттiк кiрiстердi негiзiнен салықгық түсiмдер есебiнен қамтамасыз ететiн Республикалық салықтық жуйесi де қалыптасады. Соның iшiнде жанама салықтарға маңызды орын берiлген, яғни ҚҚС, акциз және кеден баждар.
Жанама салықтар мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi. Оларды саналы түрде пайдалану тұтыну қүрылымына эсер етедi және баға белгiлеу процесiне оңды ықпал етуi мүмкiн. Сонымен қатар, салық төлеушiлер үшiн олардың табыстарына тiкелей салымдардың өзiнен гөрi, олардың шығындарына салық салудың өсуi тиiмдiрек. Олардың пайдалану тиiмдiлiгi келесi артықшылықтардың болуымен түсiндiрiледi:
^ Салық мөлшерлемелерiмен алу процедураларына бiртектi қiрiсу;
^ Олардан жалтару қиынырақ;
^ Олармен байланысты экономикалық бұзушылықтар аз болады;
^ Олар еңбекке ынталылықты азырақ қысқартады;
^ Тауарлар мен шығындар қозғалысын бақылаудың қарапайымдануы;
^ Экспортты ьшталандырады;
^ Бюджетке тұрақты түсiмдердi қамтамасыз етедi;
Жанама салықтардың соңғы артықшылығы оларды ҚР экономиқасы үшiн мейлiнше тартымды еттi. Республикада жанама салықтар көбiнесе фискалдық қызметтi орындайды, сонымен қатар экономикалық реттеушiлер ретiнде пайдаланылады.
ҚҚС мемлекеттiк меншiктiң экономикалық жүзеге асырылуын көрсетедi. Оның көмегiмен мемлекет өндiрiстiк және сауда делдалдарынан олардың таза табыс алу мүмкiншiлiгi үшiн таза табыстың бiр бөлiгiн алып отырады.
ҚҚС-ң артықшылығы келесi де:
-
ҚҚС өнiм құнына кiргiзiлмейдi, ол бағаға қосымша белгiленедi де тұтынушымен төленедi. Бұл оның өндiрiс шығындары мен рентабельдiлiгiне ықпалын жояды;
-
Салық салу объектiсi болып бөлшек немесе көтерме бағалардағы айырмашылығы бойынша емес, бiрдей мөлшерлемемен өндiрiстiң барлық фазаларында барлық өнiм жатады, ал бұл ақырғы өнiмдегi салықтың жинақтап қалуына жол бермейдi, салық салу процесiнде қайталап есептелудi болдырмайды;
-
Реттелген жүйеде салықты алу процедураны мейлiнше қарапайым екендiгi салық төлеушiлердiң де салықтық органдардың көз қарасы бойынша да белгiлi. ҚҚС-ты есептеу белгiлi дәрежеде өзiндiк бақылау процесi болып табылады, өйткенi әрбiр кезектi сатып алушы өздерi төлеген салықтың толық мөлшерлемесiн жабдықтаушылар счет-фактурасында дұрыс тiрқеуi қызықтырады;
-
ҚҚС мемлеқеттiк табыстарды ұлғайтудың мейлiнше тиiмсiз құралы болып табылады. Салық салу базасының кеңдiгi ҚҚС мөлшерлемесiнiң болжамы өсуi есебiнен бюджет түсiмдерiнiң елеулi өсуiне мүмкiндiк бередi.
-
ҚҚС эқономиқалық қызмет түрлерiмен барлық салалары үшiн кәсiпорын мөлшерiне еңбеқ сйымдылығы мен капитал сйымдылығына тәуелсiз салық салудың бiрдей нақты деңгейiн қамтамасыз етедi;
-
Көптеген елдерде экспортты ынталандыру үшiн эқспорттық өнiмнiң бағасына енетiн айналымнан алынатын салық бөлiгiн экспорттаушы фирмаларға қайтару тәртiбi қолданылады. ҚҚС бүл соммаға дәл сол фирманың экспорттық өнiмге кетқен нақты шығындарын ескере отырып, анықтай алады. Импорттау жағдайында ҚҚС протекционистiк саясаттың құралы ретiнде кеңiнен қолданылады. Осыдан ҚҚС-ң сыртқы экономиқалық байланысты реттеудiң тәсiлi ретiнде пайдалануға болатынын қөремiз;
-
ҚҚС интеграциялық қызметтердi әртүрлi елдердiң бiрдей салықтық саясатын жүргiзуiне ықпал ете отырып атқарады. Ал бұл ұлттық экономикалардың жақындауына әкеледi және оны ҚҚС меншiктi құралдарын негiзгi көзi болып табылатын Европалық экономикалық одақ елдерiндегi тәжiрбиесiмен дәлелденедi.
-
ҚҚС-ң экономикалық мазмұнындағы маңыздылығы оның жоғарғы салыктық тәртiптiлiгi өзiн өзi реттеушiлiк өндiрiс шығындарын автоматты түрде босатуында;
ҚР-ғы ҚҚС-н қызмет ету мәселесi мұндағы салықтық экономикалық мәнiмен қалыптасқан ерекшелiктерi арасындағы қайшылықтардан туындайды.
Әлсiз экономика жағдайында ҚҚС-ң тiкелей тұтынушылармен бiрге өндiрушiлерге де тiкелей ықпал ететiн барлық жагымсыз жақтары көрiнедi. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
1. Кәсiпорынның айналым құралдарын оқшауландырады, ягни шикiзат пен материалдар жабдықтаушыларына ҚҚС төлеу кезi өнiмнiң өткiзiлу бағасымен сатып алушылардың ҚҚС алу кезеңiнiң сәйкес келмеуi;
2. Барлық басқа да жанама салықтар сияқты ҚҚС өзiнiң мәнi бойынша регрессивтi салық және тұтынушылардың иығына ауыр салмақ болып жiктеледi және салық ауыртпашалыгының салмағын көбiнесе табысы аз
тұлғалар сезiнедi, яғни ҚҚС тұргындардың өмiрлiк деңгейiнiң төмендеуiне
әкеледi;
3. ҚҚС-ң жоғарғы мөлшерлемесiн пайдалану жағдайында тұрғындардың сатып алу қабiлетi төмендейдi және өндiрушiлердiң өткiзу нарығы тарылады; 4. Қызмет етушi салық есептеу механизмiнiң бiрқатар кемшiлiктердiң туындауына байланысты түзетулердi талап етедi:
-
Бiздiң республикада ҚҚС салу базасы болып, ҚҚ ғана емес, сонымен қатар оған ешқандай қатысы жоқ элементтер табылады (акциз соммасы, амортизациялық аударымдар, кедендiқ баждар).
-
Оның кемшiлiгi ҚҚС-ын нақты төлеу кезiнде олар бойынша аванстық төлемдер төлеу салық салынған өнiмдi өткiзу кезiнен әлде қайда бұрын болатындығында. Салықтық есепте ақша есептеу әдiсiн қолдану жағдай шиеленiсе түседi. Ақша есептеу әдiсi кезiнде өткiзу кезең ретiнде құралдардың есептiк шотқа түсу күнi болып табылады.
-
ҚҚС-ң артық төленген және қайтаруға жатқызылған соммасының бюджеттiк проблемаларға байланыстьi; 88
-
ҚР-ң экономикасын реформалау бойынша жүргiзiлген деректердегi зерттеу ҚҚС-ң қызметi бойынша қорытынды шығарып, жетiлдiрiлуiне ұсыныстар жасауға мүмкiндiк бердi:
• Кәсiпкерлiктi дамыту және салықтық базаны күшейту, тұрғындарға салық ауыртпалығын азайту үшiн ҚҚС-ның салық ауыртпалығын елеулi түрде азайту қажет.
• Айналымға салынған ҚҚС-тан акциз соммасын кеден төлемдерi мен амортизациялық аударымдарды алып тастау керек. Олар салық салынатын айналымға ҚР-ң салық және басқа да мiндеттi төлемдер туралы заңға қосымшалар арқылы мезгiлдер енгiзiлiп және шығарылып отырылады. Соңғы заң баспасында акциздер соммасы айеалым салығына енгiзiлмесе жақында шыққан салық кодексiнiң жобасында қайта енгiзiлiп отыр.
• Бюджеттен ҚҚС соммасын қайтару немесе есептеу инфляциялық түзетулердi есқерiп жүзеге асырылады.
• Шағын және орта бизнестiң өндiрiс кәсiпорындарына артық төленген ҚҚС-ң соммаларын болашақта төленетiн басқа салықтар бойынша есебiне аударуға рұқсат беру керек.
Осының барлығы екi рет ҚҚС салуды жойып, ақрығы өнiмнiң қүнын елеулi төмендетiп, бюджетпен есептеудi оңайлатқан болар едi. Бұл өтпелi кезең елдерiнiң экономикалық жағдайына толыгымен сәйқес келедi. Ресеймен экономикалық қарым қатынас ретiнде «тағайындау қағидасы бойынша салықты пайдалануга кошу».
-
Салықтық әкiмiшлiктi жетiлдiруде, сонымен қатар бiрiншi кезектегi камералдық тексерiстi пайдалану, бюджет соммасын қайтаруды талап етудi ескеру (басқа салықтар бойынша жетiспеушiлiктер) мен байланысты нормалар үсынылады; салық органдарының ҚҚС-ын төлеушiлер ретiнде тiркелмеген тұлғаларды тiркеудiң декларацияланған нормаларын орнату; бұлардың барлыгы жеке тұтыну кезiнде нарықтық бағаларды пайдалану мүмкiндiгiн ескередi;
-
Қазақстанның мемлекеттiк бюджеттiң жағдайын талдау мен бағлау, бюджеттiң кiрiс бөлiмiнiң атқарылуында жанама салықтардың шешушi рөл атқаратындығын анықтады. Олардың iшiнде жиi-жиi экономикалық реттеуiш рөлiнде көрiнетiн ҚҚС атқаратындығы көрiнедi. Осыған байланысты республикадағы саылтық заңнаманы жетiлдiру әлемдiк стаңдарттарға сәйкес, яғни жеңiлдiктердi қысқартып, мөлшерлемелердi унификациялау бағытында жузеге асырылуы тиiс.
Бұл шаралар ҚҚС-ын қолданудың және сәйкесiнше салық салудың барлық жанама жүйесiнiң жағымсыз жақтарын барынша түзетуге мүмкiндiк бередi.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексi, 12 маусым 2001 жыл.
2. «Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауаларға қолданылатын қосылған құнға салынатын салық пен акцизге қатысты тәртiп туралы» № 131-П Нұсқанама, 29.11.95 жыл.
3. «Қосылған құнға салынатын салықты есептеу тәртiбi туралы» №37 Нұсқанама
4. «Акцидi есептеу тәртiбi туралы» №36 Нұсқанама
5. Алейбеков М. «Бюджет жүйесiн қалай сауықтыру керек» Аль-Пари, №3-4
2000ж. 26-бет.
6. Алимжанов И. «Мақсатқа жету жолындағы салық реформасы» // Деловая
неделя, №42, 2000 б.
7. Бачурина М. «Қосылған құнға салынатын салық» // ҚР МКМ-ң жаршысы, №11, қарашша, 2000ж.
8. Вопапава Н. ««Қосылған құнға салынатын салық» // Налоғи 1998ж.
9. Габдрахманов И.Н. , «Лукойл» мұнай компаниясы. «Мұнай кенiштерiне
икемдi салық жүйесi көмектесi қажет» Финансы, 1998ж., №7 276.
10.3аяц Н.Е. Қаржы теориясы. Минск: «Жоғарғы мектеп», 1998ж.
11.Игудин А.Г. Попова Н.А. «германия және Ресей бюджетаралық қатынастар арасындағы кейбiр көкейтестi мәселелер» // Әлемдiк экономика және халықаралық қатынастар, 1999ж., №4
12.Ыдырысова Э.Қ. ҚР-да салық салу мәселелерi / Халықаралық конференция материалдары, Астана, «Экономика» 1999 ж. 345-35166.
13.Ыдырысова Э.Қ. «Қосылған құнға салынатын салықты енгiзудiң алғышарттары және оның экономикалық мазмұны» // Қаржы-Қаражат, №101996ж. 86.
14.1лиясов Қ.Қ. «Экономиканы жандандырудың қаржылық мәселелерi» Қаржы-қаражат, №10 1996.
15.Iлиясов Қ.Қ., Зейнелгабдин А.Б.; Ермекбаева Б.Ж., Салық және салық салу. Алматы 1995ж. 866.
16.Рогачев А. әлеуметтiк әдiлеттiктiң контексiндегi салықтар. Қаржы-Қаражат 1996ж.
17.Никитин С., Глазова Е., Степанова М., Мемлекеттiк қаржы жүйесiндегi салықтар. Ақша және несие. 1995ж.
18.Починок А. Үзақ қиын жолдағы салық реформасы. Салық хабарламасы. 1996ж.
19. Ларионов И.О. «РФ салық жүйесi туралы». Қаржы 1995ж.
20.Оспанов М. Т. «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений» С-П.:издательство С-П. ГУЭФ 1997г. стр. 120-122
Достарыңызбен бөлісу: |