2.2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі.
Бірінші сатыдағы сот аппеляциялық шағым мен наразылық келтіруге арналған мерзім біткен соң және мүдделі тұлғаларды шағым беру туралы және оған қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіргендігі хабарландыру талабы орындалған соң, істі қараудың жоғары тұрған сотпен келісе отырып белгіленетін уақыты мен орнын көрсетіп, істі тиісті аппеляциялық сатыға жібереді (ҚР ҚІЖК-нің 408-бабының 1 б.).
Істің қаралу орны мен уақытын бірінші саты сот тараптарға хабарлайды. Хабарлау тәсілі қарапайым - барлық іске қатысушыларға шақыру қағаздары жіберіледі. Сот отырысына қамауда ұсталып отырған сотталушыны шақыруды заңда бектілген тәртіппен аппеляциялық сатыдағы сот шешеді.
Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның аппеляциялық сатыға қатысу туралы өтініші қанағаттандырылуға тиіс.
Аппеляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уакытылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Аппеляциялық сатыға прокурордың қатысуы міндетті.
Үкіме шағымдану құкығы берілген сотталушы, ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алушы сотталған (ақталган) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың аппеляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша келтірілген шағымдарды немесе наразылыктарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау өндірісі соттың қалыпты жұмыс істеуін және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі. Аппеляциялық соттың сырткы нысаны (ритуалдық жағы) бас сот отырысының тәртібін қайталайды. Бірінші сатыдағы соттағы секілді сот приставы немесе сот отырысынң хатшысы "Сот келеді" деп хабарлайды. Залдағылардың барлығы тұрады, одан соң төрағалық етушінің ұсынысымен отырады. Сот отырысына қатысушылар сотқа тұрып жауап береді. Бұл ережелерден ауытқуға тек төрағалық етушінің рүксатымен рұксат етіледі. Сот отырысында отырып жауап беру мүмкіндігі қарт кісілерге, науқастарға, мүгедектерге беріледі.
Сот отырысына қатысушы барлық тұлғалар сот отырысының төрағалық етушісінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы нұсқауына мойын сұнуы міндетті.
Он алты жастан кіші тұлғалар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса сот отырысына жіберілмейді. Қажет болған жағдайда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжат талап етуге құқылы. Сот залына сонымен қатар, мас күйіндегі адамдарға кіруге тыйым салынады.
Енді аппеляциялық сатыда істі қарау тәртібіне тоқталайық. Оның тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 409-бабында керсетілген.
Төрағалық етушІ сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апеляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамадардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.
Төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың аппеляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіреді. Төрағалық етуші тараптардан олардың бас тартуы мен өтінімдерінің бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, оларды қараудың нәтижелері бойынша қаулы шығарады.
Істі қарау баяндамашының судьяның істің мәнін, аппеляциялық шағымдардың мазмұнын баяндаумен басталады. Аппеляциялық наразылықтың себептері мен дәлелдерін прокурор баяндап береді. Осыдан кейін сот тараптардың шағымдарда келтірілген өз дәлелдерін негіздеп, қарсы тараптың оларға қарсылықтарын айтып сөйлеген сөздерін тыңдайды. Сөз сөйлеу ретін іске қатысушы тараптардың пікірлерін ескере отырып, сот белгілейді.
Аппеляциялық шағымда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер істі қарау басталғанға дейін аппеляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу іс-әректтерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың кандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету кажеттігіне байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Қосымша метериалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәліметтер бірінші сатыдағы соттың қосымша тексеруі мен бағалауын керек етпесе, үкімді, қаулыны өзгеруге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларды қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жойып, істі бірінші саты бойынша жаңадан қарауға жіберуге негіз бола алады.
Аппеляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сотқа қарағанда істің фактілік жағын орнату бойынша өкілеттіктері тарлау. ҚР ҚІЖК-нің 410-бабына сәйкес, аппеляциялық шағыммен немесе наразылықпен келіп түскен істі қарау кезінде сот тараптардың өтініш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:
-
сот психиатриялық сараптама тағайындауға;
-
егер істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша
жүргізу мүмкін болса, өзге де сараптама тағайындауға;
-
сотталғанның, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да
адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы
соттылығы туралы деректерге байланысты кұжаттарды талап етіп
алуға құқылы.
Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбірленушілердің) әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда, сотталғанның сот отырысына катысуы міндетті. Жауап алудың алдында куәға, жәбірленушіге жалған айғақтар бергені және айғақтар беруден бас тартқаны үшін ҚР ҚІЖК-нің 351 -бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен жауапты болатыны ескертіледі, олардың айғақтары хаттамаға түсіріліп, одан әрі дәлелдеме ретінде қарастырылады.
ҚІЖК-нің 411-бабына сәйкес, істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезінде зерттелген қосымша материалдармен бірге бірінші сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негізделген мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
-
үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықгы канағаттандырусыз қалдырады;
-
үкімнің күшін жойып, істі қысқартады;
-
үкімді (қаулыны) өзгертеді;
4) үкімнің (каулының) күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа соттың
жаңадан қарауына жібереді;
5) үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі ҚІЖК-нің 303-бабында керсетілген негіздер бойынша косымша тергеуге жібереді;
6) ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталғанда жеке қаулы шығарады.
Жоғарыда келтірілген сот шешімдерінің кез-келгені қорытынды кұжат, соттың қаулысымен рәсімделеді. Енді апелляциялық қаулының мазмұнына тоқталайық. Апелляциялық қаулы кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлімдерінен тұрады. Қаулының кіріспе бөлімінде:
- қаулы шығарылған уақыт пен орын;
-
қаулыны шығарған соттың атауы және апелляциялық алқаның құрамы;
-
апелляциялық наразылық немесе апелляциялық шағым жасаған адамдар;
-
істі апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетілуге тиіс.
Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген апеляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға қарсылықтардың дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатыскан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешімнің себептері қысаша баяндалуға тиіс. Егер шағьмдар, наразылық қанағаттандырылмай қалдырылса, қаулының сипаттамалы дәлелді бөлігінде шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс. Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс.
Егер апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 421 -бабының бірінші бөлігінде көзделген шешімдерді қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негіздері келтірілуге тиіс. Іс соттың жаңадан талқылауына жіберілген жағдайда қаулыда іс жаңадан қаралған кезде қаңдай заң бүзушылық жойылуы керек екені көрсетілуге тиіс. Бұл ретте апелляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, дәлелдемелер, кгығы туралы немесе бір дәлелдемелердің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қылмыстық заңды колдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқы жоқ.
Қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі (ҚІЖК-нін 422 б.).
Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судьялардың бүкіл кұрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келгеннен кейін отырыс залында оқылады. Сот ҚІЖК-нің 423-бабының бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, қаулының қарар бөлімін шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап жеті күн мерзімде жасалып, оған барлық судьялар қол қояды (ҚІЖК-нің 423 б.).
Апелляциялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей, ал ҚІЖК-нің 423-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, оның толық мәтіні дайындалған күннен бастап іспен бірге үкім шығарған сотқа жіберіледі.
ҚІЖК-нің ЗОЗ-бабына сәйкес іс қосымша тергеуге қайтарылған жағдайда апелляциялық сатының қаулысы іспен бірге тиісті прокурорға жіберіледі. Бұл жағдайда бірінші сатыдағы сотқа апелляциялық саты қаулысың көшірмесі жіберіледі. Сотталған адам соған сәйкес қамаудан босатылуға тиіс болатын қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысып отырса, бұл бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық қаулының көшірмесі немесе оның қарар бөлігінен үзінді сотталған адамды қамаудаң босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.
Егер, кейбір сотталғандарға қатысты белгіленген мерзімде берілген апелляциялық шағымдар, наразылық апелляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты істер қаралғаннан кейін келіп түссе, шағымданудың, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін ҚІЖК-де көзделген тәртіппен сот қалпына келтірсе, апелляциялық қаулының күші жойылмай-ақ істі апелляциялық сатыда қайта қарауға жол беріледі.
Апелляциялық сатыдағы сот сотталғанның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардың апелляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға міндетті. Егер қайтадан шығарылған қаулы апелляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестірілген соттың төрағасы қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бірінің күшін жою туралы ұсыным жасайды (ҚІЖК-нің 423-2 б.).
Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс. Егер айыптаушы тараптың апелляциялық шағымында, наразылығында шдай өтініш жасалса және оны апелляциялық сатыдағы сот бастапқы үкімнің күшін жоюдың негізі ретінде көрсетсе, істі жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға жол беріледі.
Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың: егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы бөлігінің күші жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкімде алып тасталған бөлігінде кінәлі деп тануға;
-егер бастапқы үкімнің күші осы негіздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өткізуді немесе неғұрлым қатаң режимдегі колонияларда өткізуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
Істі жаңадан қараған кезде біріншІ сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға, наразылық білдіруге болады. Бұл ретте, егер бірінші үкімнің күші сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне орай жойылса, істі үшінші мәрте қарап жатқан сот екінші үкімге қарағанда неғүрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ оның бірінші үкіммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ (ҚІЖК-нің 423-3 б.).
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, апелляциялық өндіріс сот және тараптар шағымдануға (наразылық білдіруге) заңда белгіленген әрекеттер жасау істің материалдарын зерттеу, шешімді қайта қарау, негізді және әділ шешім шығару сияқты қылмыстық іс жүргізу қызметінің бірнеше сатысынан тұрады. Бірінші саты, бірінші сатылы соттың шешіміне шағымдану, наразылық білдіруден тұрады. Екінші саты, апелляциялық өндірістің құрылымынан тұрады. Яғни, соттың шағымды, наразылықты қабылдауынан, заңда көрсетілген әрекеттер жасауынан тұрады. Үшінші саты шағымның, наразылықтың мәні бойынша істі қарау және ол бойынша шешім шығару. Апелляциялық өндірістің бұл сатыдағы басты бағыты берілген шағымды, наразылықты толық, жан-жақты қарау, келтірілген дәлелдемелерді зерттеу, тараптардың пікірлерін тыңдау және солардың негізінде негізді, әділ, объективті шешім шығару болып табылады.
ІІІ-тарау. Үкімнің күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер мыналар:
1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі;
2) соттың үкімде (қаулыда) айтылған түжырымдарының істің нақты мән жайына сәйкес келмеуі;
3) қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы;
-
қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады (ҚІЖК-нің 412 6.).
Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады.
Іс бойынша:
- айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан жауап алынбаған
немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті болып табылатын сараптама жүргізілмеген, сол сияқты елеулі мәні бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған;
істі соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген;
-сотталғанның жеке басы туралы апелляциялық саты анықтай алмайтын
деректер жеткілікті дәрежеде толық аныкталмаған барлық жағдайда сот
тергеуі толық емес деп танылады (ҚІЖК-нің 413 б.).
Егер:
- сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
- сот өз тұжырымдарына едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе;
- сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкімде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншілерін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмесе;
-
соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулі қайшылықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлілігі
немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін болса үкім (қаулы) істің нақты мән жайына сәйкес келмейді деп танылады (ҚІЖК-нің 414 6.).
Істі сот қарауы кезінде ҚІЖК-нің принциптері мен өзге де жалпы ережелері бұзылып, олар іске қатысушы адамдарды занда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге кедергі жасаса, соттың қаулысына әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ыкпал етуі мүмкін болса қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылы болып танылады. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі істі талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелерді зерттемеудің салдарынан болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс.
Егер:
• сот ҚІЖК-нің 37-бабында көзделген негіздер болғанда қылмыстық істі қысқартпаса;
-үкімді соттың заңсыз кұрамы шығарған болса;
-ҚІЖК-нің 315-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді қоспағанда іс сотталушы жоқта қаралса;
- заң бойынша қорғаушының қатысуы міндетті болғанда, қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
-сотта сотталушының ана тілін немесе өзі білетін тілді не аудармашының қызметін пайдалану құқығы бұзылса;
- сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе;
- сотталушыға соңғы сөз берілмесе;
- үкім шығарылған кезде судьялар кеңесінің құпиясы бұзылса;
-үкімге судьялардың бірі қол қоймаса;
- істе сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жәғдайда үкімнің күші жойылуға тиіс (ҚІЖК-нің 415 б.)-
Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.
Апелляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 1) -12) тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде кезделген негіздер болған үкімнің күшін жойып, істі қысқартады (ҚІЖК-нің 418 б.).
Апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады.
Егер ақталған адамның кінәсіздігіне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің мәніне дау айтылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңды елеулі бұзылды деген себеппен ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоюға болмайды (ҚГЖК-нің 419 б.).
Егер апелляциялық саты;
1) бірінші сатыдағы сот жол беріп, үкімнің заңдылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзуды;
2) соттергеуінің біржақтылығын немесе толық еместігін;
-
азаматтық талап қою шешілмегенін немесе дұрыс шешілмегенін анықтаса, іс үкім шығарған соттың жаңадан талқылауына, бірақ судьялардың өзге құрамының қарауына жіберіле отырып, үкімнің күші толық немесе бір бөлігінде жойылуға тиіс (ҚІЖК-нің 420 б.).
Заң дұрыс қолданылмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот:
-
сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесінің түрін жеңілдетуге;
-
онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесінің өзгеруіне сәйкес жаза белгілеуге, сондай-ақ түзеу мекемесінің неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға;
3) тағылған айыптау шегінен немесе соттың басты талкылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгілеуге;
4) егер жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкімдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кәнігілігі кезінде жаза белгілеуді реттейтін қылмыстық заңның дұрыс колданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерін ұлғайтуға;
-
егер бірінші сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға;
-
сотталған адамға түзеу мекемесінің заңда көзделгенінен неғұрлым жұмсақ түрін тағайындаудың күшін жоюға және түзеу мекемесінің түрін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес тағайындауға;
7) егер бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиісті қылмыстардың кәнігілігі бар екендігін тануға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес бұрынғы үкІм бойынша шартты соттаудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бірінші сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының ережелері бойынша жаза белгілеуге;
9) егер сот үкімімен тағайындалған жаза тым жұмсақ деп танылса, жаза мөлшерін ұлғайтуға немесе жазаның неғұрлым қатаң турін тағайындауға құқылы.
Апелляциялық сатыдағы сот осы баптың бірінші бөлігінің 3)-9) тармақтарында көрсетілген шешімді осы негіздер бойынша прокурор наразылық келтірген немесе жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым жасаған жағдайда ғана қабылдауға құқылы (ҚІЖК-нің 421 б.).
Енді үкімнің күшін жою немесе оны өзгертудің ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетендерінен мысалдар келтірейік.
С.Сисенғалиев бұрын:
- 1972 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға;
- 1974 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға;
- 1978 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға;
- 1980 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 200-бабының 3-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға;
- 16.06. 1987 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 15,88-бабының 2-бөлігімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталып, ерекше қауіпті рецидивист деп танылған;
- 15.10.1996 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігімен 6 жылға бас тандығынан айыруға сотталып, 10.11.1996 жылы Қазақ ССР ҚК-нің 38-бабына сай ҚК-нің 171-1- бабының 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 93-бабының 2-бөлігімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі — 6 жыл толық қосылып, түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айырылған.
Қазакстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "н" тармағымен 18 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 251 -бабының 1 –бөлігімен 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен I жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің негізінде тағайындалған жазаларды толық қосу жолымен 19 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес 1996 жылғы 20 қарашадағы үкім бойынша толық өтелмеген жазадан ішінара 1 жыл қосып, түпкіліктІ 20 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы беріліп ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Жазаның өтеу мерзімі 2002 жылдың 10 қарашасынан бастап есептелген. Іске тіркелген айғақты заттар туралы мәселе ҚР ҚК-нің 121-бабының талабына сәйкес шешілген.
Үкім бойынша С.Сисенғалиев бұрын адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталғаны бола тұра 2002 жылы 9 қараша күні Индербор поселкісіндегі үйінде арақ ішіп мас болып, әйелін К-Сисенгалиеваны өзара келіспеушілік салдарынан қолымен ұрып; аяғымен тепкілеп өлтіріп, құқыққа қарсы қасақана қаза келтіргені үшін сотталған. Сондай-ақ, атыс қаруы ИЖ-54 маркалы шолақ мылтықты сақтағаны және салмағы 166.22 грамм кептірілген марихуана есірткі затын сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін айыпталған.
Апелляциялық шағымында сотталушы С.Сисенғалиев әйелін ашу үстінде, екеуінің арасындағы бас араздықтың салдарынан өлтірген. Сондықтан оның әрекеті ҚР ҚК - нің 96 - бабының 1-бөлігімен дәрежеленуге жатады. Сонымсн қатар, ол атыс қаруы мен есірткіні үйінде заңсыз сақтады деген айыпты мүлдем мойындамайтынын, сан рет сотталып жүрсе де мұндай әрекеттермен еш уақытта айналыспағанын жазып, әділ шешім қабылдауды және жазасын жеңілдетуді сұраған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы іс материалдарымен толық танысқан соң үкім төмендегі мән-жайларға байланысты өзгертілуге жатады деп шешті. Атап айтқанда, сот мәжілісінде С.Сисенғалиев өзіне тағылған айыптардың адам өлтіруге қатысты бөлігінен басқасын мойындамайтынын, үйінен табылған есірткі мен шолақ мылтық оныкі емес екендігін, колонияда болған кездерінде де, жалпы еш уакытга ондаймен айналыспағанын, үйінде ешқандай артық заттар болмағанын, үйін қарап, осы мылтық пен есірткі затты алған кезде полиция қыззметкерлері оны қатыстырмағанын өзінің жауабында көрсеткен.
Істегі деректерге, хаттамаларға сәйкес окиға болған жерді қарау 2002 жылы 9 қараша күні 18 сағат 45 минутта басталып, 20 сағат 30 минутқа дейін жүргізілген. Оқиға болған жерден, яғни сотталушы С.Сисенғалиевтың үйінен (Индер қаласы, Қонаев көшесі, 19 үй, 18 пәтер) іске қатысы бар айғақты заттар ретінде шөлмек, үш пышақ, шалбар, көйлек сияқты киімдер алынған. Басқа заттар, атап айтқанда, шолақ мылтық пен есірткі алынбаған. Ондай заттар үйді қарау кезінде табылғаны жөнінде хаттамада жазылмаған.
Осымен оқиға болған жерді қарау, бейнетаспаға (фото) түсіру толықтай аяқтап, оған қатысқан адамдардан ешқандай шағым-арыз, ескертпелер болмағаны жөнінде хатгамада көрсетілген. Осылай бола тұрса да, істегі хаттамаға қарағанда, ертсінше қарашаның 10 күні 13 сағат 15 минутган бастап 13 сағат 55 минутқа дейін оқиға болған жерді қосымша қарау жүргізіліп, мылтық пен есірткі алынған.
Қылмыстық іс Сисенгалиевтің өз әйелін қасақана өлтіру фактісіне сәйкес қозғалынып, осыған байланысты жоғарыда аталған оқиға болған жерді қарау, бейнетаспаға түсіру, окиғаға қатысты деген заттарды айғақ ретінде - алу амалдары толық жүргізілген.
Іске 11 қараша күні тіркелген аға тергеушінің рапортында оқиға болған жерді қосымша қарау, қосымша айғақ заттар табу мақсатында жүргізілді делінген.
Бірақ, адам өліміне байланысты қосымша қандай айғақ болу мүмкіндігі, жобамен қандай айғақ ізделінгені айтылмаған. Сондықтан да сотталушы С.Сисенғалиевтың атыс қаруы болып танылған шолақ мылтық пен есірткіге қатысы жоқ деген дәлелі нақты анықталған істің мән-жайларымен жоққа шығарылмағандықтан, сондай-ақ наркологиялық сот сараптамасының қорытындысы бойынша С.Сисенғалиев есірткіге байланысты дертпен ауырмайтындықтан және окиға болған жерді қосымша қарау барысында есірткіні қолданғанына дәлел бола алатын ине, шприц, тампон сияқты заттар табылмағандықтан, сот алқасы ол осы айыптардан ақталуға жатады деп санайды.
Сонымен катар, Сисенғалиевтың әйелін өлтіруге байланысты әрекеттерін ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-белігімен дәрежелеуді сұраған апелляциялық шағымы негізсіз. Себебі ол бұрын қасақана адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталып, жазасын өтеп келген. Оның әрекеттерін 1-ші сатыдағы сот ҚР ІК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "н" тармағымен дұрыс дәрежелеген. Істеген қылмысының ауырлығын және осы кылмысты арақ ішкен мас күйінде жасағанын, жеке басының кім екенін ескеріп, заңның талабына сай дұрыс жаза тағайындаған.
I Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде, ҚР КІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алған Жоғарғы Соттың қылмыстық істер женіндегі алқасы Атырау облыстық сотының 2003 жылғы 10 акпандағы С.Сисенғалиев жөніндегі үкімін өзгертті. Оны ҚР ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігі және 259-бабының 1-бөлігімен соттаған бөлігін айыбы дәлелденбегендіктен бұзып, істің осы бөлігін өндірістен қысқартты. Осы үкімдегі С.Сисенгалиевты ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің "н" тармағымен соттаған бөлігін өзгеріссіз қалдырып, бұрынғы 1996 жылғы 20 қарашадағы сот үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен ішінара 1 жыл қосып, оған түпкілікті өтеу үшін 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі, үкімнің басқа жағы өзгеріссіз қалды.
Сотталушының апелляциялық шағымы ішінара қаңағаттандырылды.18 Ақтөбе облыстық сотының 2003 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Ж.Қазизов (бұрын сотталып, соттылығы жойылған) ҚР ҚК-нің 363-бабымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігінің "а" тармағы мен 4 жылға бас бостаңдығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3- бөлігіне сәйкес жазаларды сіңіру жолымен төрт жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
А.Қарабасов ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігі "а" тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3 бөлігіне сай жазаларды сіңіру жолымен тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.
Р.Орынбасаров ҚР ҚК-нің 363-бабымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға,
ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігімен 3 жыл бас бостандығынан айыруға,
ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай жазаларды сіңіру жолымен үш жылға бас
бостандығынан айыруға сотталған.
А.Қарабасовқа тәрбиелеу жазасы, Р.Орынбасаровқа жазаны түзеу
колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.
Сотталған А.Қарабасовтың заңды өкілі Н.Қарабасовадан жәбірленуші
Күзденбаевтың пайдасына 549046 теңге өндірілген.
Жасы кәмелетке толмаған сотталған А.Қарабасов сот үкімімен келіспеген және оның заңды өкілі Н.Қарабасова баласы жәбірленуші өлтірмегенін, оны жасаған Қазизов екенін айтқан.
Осы тектес жауаптар берген Орынбасаров, Күзденбаевқа пышақ салған Қарабасов екенін айтқан. Оны автокөліктің жүк салғышына көтеріп салған кезде жәбірленуіші тірі болған. Рульге Қазизов отырып, көпір астына келген. Қарабасов екеуі тірі жатқан Күзденбаевты көтеріп, көпір астына апарған. Оның мойнындағы ақ түсті алқаны көріп, шешіп алғанын, ал Қарабасов Күзденбаевтың мойнынан бірнеше рет бауыздап жібергенін айтқан. Осындай жауаптарды ол бірнеше рет берген.Ол жауаптарды алғанда қорғаушы қатысқан. Бүл жауаптар істің объективті жағдайларымен бекітілген, сот-өрігерлік сараптама қорытындысына қайшы келмеген.
Сотталғандар өздері де жәбірленуші Күзденбаевтың өліміне басқа адамдардың қатысы бар деп айтпайды, Р.Орынбасаровтың біле тұра тірі жатқан жәбірлснушінің мойнынан құнды күміс алқаны шешіп алғаны, оның мойындау жауабымен қатар, куә Аманбаевтың оған алқа қалай келгені туралы жауаптарымен анықталып бекітілген.Оның бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген. Істің мән-жайына қарағанда Қарабасов Құрашасай мекеніне баруға ықпал жасап, бірақ ол жерден іздеген адамын таппағасын кері қайтқанда, көп мөлшерде арақ ішіп, мас болу салдарынан қайтадан аталған жерге бару үшін автокөлік иесі Күзденбаевқа ретсіз талап қойған. Ол бара алмайтындығын айтқанда, болмас нәрсені сылтау етіп, бұзақылық ниетпен пышақ жұмсаған. Оның бұл әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің “ж, и» тармақтарында көрсетілген белгілер бар. Сонымен қатар, сотталғандар Қарабасов, Орынбасаровтың айтуынша жәбірленуші Күзденбаев бірінші рет пышақтан жарақатталғанда жанын сауғалап, қаша жөнелген. Бірінші пышақ тигеннен кейін Орынбасаров Қарабасовтың заңсыз әрекеттеріне болысу мақсатында жәбірленушіні жерге итеріп құлатқан.
Қашқан Күзденбаевты Қарабасов қуып жетіп, бүзақылық ниетпен қасақана бірнеше рет пышақ салып, жерге құлатқанда қастарына автокөлікпен Қазизов пен Орынбасаров келген. Біріншісі жәбірленушінің тірі жатқанына көзі жете тұра оны автокөліктің жүк қорабына салдырған. Қайтадан көлікті Қазизов жүргізіп, оны көпір астына әкелген. Осындай нақты іспен көмек жасауыиа байланысты Қарабасов қылмысын одан әрі жалғастырып, олардың, көзінше тірі жатқан Күзденбаевты бауыздап, қасақана өлтірген.
Сотталғандар жазадан құтылу мақсатында бәрі бірдей Күзденбаевты өлтіргеніміз жоқ деп, айыпты бір-біріне жауып, ол қаза тапқанда ұйықтап жаттық, мас болып қалдық, арашалауға мүмкіншілігіміз болмады деп іс жағдайына сенімсіз, қайшы келетін, көңілге қонымсыз жауаптар берген.
Алқа бұл деректерді талқылай келе, алдын ала сот тергеуінде жинақталған дәлелдемелерді тексеріп, оған сын көзбен баға беріп, төмендегі шешімге келді.
Көп мөлшерде арақ ішкен сотталғандар Қарабасовтың орынсыз, ретсіз жәбірленушіге тиісіп, ақыры пышақ жұмсауына жол берген. Оның тірі жатқанын біле тұра, оның өмірін сақтап қалуға шара жасаудың орнына, адам көрмейтін жерге апарған. Р.Орынбасаров алқасын шешіп алып, екеуі де Қарабасовтың әрі қарай кылмыс жасауына тікелей жағдай тудырып, соған байланысты ол қылмысын одан әрі жалғастырып Күзденбаевтың өмірін қиған.
Сондықтан сотталғандар Р.Орынбасаров, Қазизовтың әрекеттері ҚК-нің 28 -бабы 5-бөлігінің, 96-баптың 2-бөлігінің "ж, и" тармақтарымен дәрежеленуге жатады.
Сотталған Қарабасов пен Қазизов әрекеттері ҚР ҚК-нің 185-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен дұрыс дәрежеленген. Себебі олар Күзденбаевтың көлігін алып, кейін бірнеше күн заңсыз пайдаланып жүргендерін теріске шығармайды.
Осы айтылғандардың нсгізінде және ҚР ҚІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін, 421-бабы 1-бөлігінің 2-тармағын басшылыққа алып Жоғарғы Соттың алқасы Ақтөбе облыстық сотының 2003 жылғы 23 маусымдағы үкіміне өзгерістер енгізіп, сотталғандар: А.Қарабасовтың әрекеттерін ҚК-нің 96-бабының І-бөлігінен сол баптың 2-бөлігінің "ж, п'1 тармақтарым қайта дәрежелеп, 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстардың жиынтығы бойынша 12 жыл бас бостаңдығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге соттады.
Ж.Қазизов, Р.Орынбасаровтың әрекеттерін ҚР ҚК-нің 363-бабынан ҚК-нің
28-бабының 5-бөлігі арқылы 96-баптың 2-бөлігінІң "ж, и" тармақтарына қайта дәрежелеп, 11 жылдан бас бостандықтарынан айыру жазасын белгілеп, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 12 жыл бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындап, түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді. Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.19
Достарыңызбен бөлісу: |