1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудыц түсінігі, мәні және маңызы.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.
Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бүл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.
Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.10
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс.11 С.И. Ожегов орыс тілді сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: Аппеляция - істі қайта қарау максатымен жоғары сатыдағы сотқа сот шешімі жөнінде шағымдану"12 деп түсіндіріледі. И.Фойницкий өзінің “Қылмыстық сот өндірісінің курсы" деген енбегінде аппеляцияны толық күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен үкімін нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді (Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. (533-бет). Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытга дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.
Қылмыстық істің мәні бойынша қабылданған сот шешімі әрқашанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға, іс жүргізуге қатысқан азаматтарға, қоғамға және мемлекетке өте маңызды болып табылады. Сот шешімдері көбінесе сол іспен байланысты адамдардың тағдырын, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін түбегейлІ түрде өзгертеді. Мемлекет сот төрелігін жүргізу өкілеттігін өзіне ала отырып, бүкіл халык атынан әрекет етеді және қоғам алдында қылмыстық істердің әділ, ізгілікті, жылдам және уакытылы шешілуіне жауапты болады. Үкім шығаруда заңды және фактілік қателерге бой алдыруға, заң бекіткен тәртіптен ауытқуға болмайды.
Алайда, сот қателерін және іс жүргізушілік нысан нормаларының бұзылуын толық жою өкінішіке орай мүмкін болмай отыр. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: субъективизм, біліктілігінің төмен болуы немесе судьялардың шатасуы. коррупция, қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері және т.б. Мұндай кереғар жағдайларды жою үшін заң истанциялы сот шешімдерінің және үкіметінің түпкілікті емес екендігін және оларды қайта қарау үшін шағымдану және наразылық келтіру тәртібін көрсетеді.
ҚР ҚІЖК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешмдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. ҮкімнІң заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Баскаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚІЖК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзім белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қам тамасыз етеді.
Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгіліктІ және демократиялы жүргізілуіне кепілдІк туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.13
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей қүқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Апелляциялық инстанция — тараптар үкІм туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.
-
3. Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі.
Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚІЖК-нің 396-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда. тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға. ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетгік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, обылыс прокурорлары мен оның орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде наразылық білдіруге құқылы.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпелядиялық өндірістің жоқ болуына әкеп соғады.14
Шағымдау және наразылық келтіру - аппеляциялық қайта қарау сатысының бастамасының жалғыз ғана шарты болып табылады.
Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:
-
төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да .
қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімІн, сот отыры
сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын,
сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
-
ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, айыпкер ретінде тартумен,
бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген
зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге
асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс;
- егер сотталушы ерекше жаза турі - өлім жазасына кесілген болса
төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру куқығьн түсіндіреді.
Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды. ҚР ҚІЖК-нің 407-бабына сәйкес, аппеляциялық шағымда:
-
шағым. наразылық жолдап отырған согтың атауы;
-
Іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам
туралы деректер;
4) шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
5) үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету;
6) шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімнің, қаулысының дұрыс емесгігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні;
7) арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
8) шағымға, наразылыкқа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі;
9) шағым, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген
адамның қолы болуға тиіс.
Жасалған шағым, келтірілген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшІн мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс
етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.
Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқыктық табиғатына байланысты қисындалған арнайы шағым ретінде түсінуге болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл құжатта ең маңызды кұжаттардың бірі - мемлекет атынан шығарылған
сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым арқылы заң негізінде қабылданған сот төрелігінің актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда бекітілген жағдайда және тәртіпте, тиісті құқықтары мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиІс.
Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және онын салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге, оның берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар беруге міндеттейді.
Наразылық заңмен прокурордың заңбұзушылыққа шара көру актісі ретінде анықтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазакстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күші бар Жарлығының 19-бабына сәйкес: прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне наразылық жасайды. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға беріледі.
Аппеляциялық наразылық білдіру құкығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы Қазакстан Республикасының Бас Прокуроры мен онын орынбасарларына, облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларына, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар «мен олардың орынбасарларына тиесілі. (ҚР ҚІЖК-нің 396 б. 3 б.)
ҚР ҚІЖК-де немесе жоғарыда аталған Жарлықта прокурордың наразылығының аныктамасын толық түрде ашып көрсетпейді. Алайда. заңның мағынасынан мынаны анықтауға болады, яғни, сот шешіміне прокурордың наразылығы - бұл прокурордың ҚР Конституциясына, ҚІЖК-не немесе басқа нормативтік актісіне кайшы келетін сот шешімін толык немесе ішінара күшін жою туралы талабы көрсетілетін, үкім шығарған сот арқылы жоғарғы тұрған сотқа берілетін бекітілген нысандағы жазбаша өтініші.
Прокурорлық наразылыктың іс жүргізшілік нысаны заңда көрсетілмеген, алайда, жалпы ережелерге сәйкес, бұл құжатта прокурордың, сыныбы (шені), тегі - наразылықтың бастамашысы, істің қысқаша фабуласы және наразылық келтірілетін шешімнің мәні, күшіндегі заңға сілтемемен көрсетілетін прокурордың позициясы, үкімді жою немесе өзгерту туралы және шара көру туралы талабы, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 407-бабында көрсетілген басқа да жагдайлар болуы тиіс.
Шағымның наразылықтан негізгі айырмашылығы. шағымның авторы сотталушы , ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтык жауапкер немесе олардың өкілдері болса, ал наразылықтың авторы тек мемлекттің арнайы лауазымды тұлғасы - прокурор болады. Шағымаданушылар көбінесе жеке мүдделерін қорғаса, прокурор өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне байланысты қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамсыз етеді. Сонымен қатар, Қазакстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күші бар Жарлығының мазмұнын талдауда, прокурордың наразылық білдіруге фактілік негізі заңның бұзылуы болса, шағымның пәні ҚІЖК-де нақты түрде шектелмеген. Яғни, шағымданушы тек қана заңға қайшы әрекеттерді ғана емес, оның ойынша құқыққа қайшы әрекеттерді мысалы, олардың моральға немесе этикаға жат әректтерді де даулай алады. ҚІЖК-нің 398-бабына сәйкес, шағымдар, наразылықтар үкім қабылдаған сот аркылы беріледі. Аппеляциялық сатыларға тікелей келіп тускен шағымдар, нарзылықтар сотталушыны немесе ақталушыны, қоғаушыны. айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ак егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, шағымды немесе наразылықты хабарлау үшін үкім қабылдаған сотқа жіберілуге жатады. Шағымның, наразылықтың көшірмесі бұл тұлғаларға жазбаша түрде және келсіпеушіліктерін білдіру мүмкіндігі, оның мерзімі түсіндіріліп жіберіледі.
Шағым бірнеше нұсқада сот кеңсесі арқылы беріледі. Бір нұсқасы сот кеңсесінде қалады және кейін судьяға жіберіледі. Екіншісінде штамп қойылып, құжаттың кіріс номері және мерзімі қойылады. Бүл нұсқа шағымданушыда қалады және тіркеуде шағым беру фактісін куәландырады. Үшінші нұсқасы немесе көшірмесі осы актімен мүддесі қозғалатын тұлғаға жіберіледі. Прокурордың наразылығы секратариатта (кенседе) тіркеледі және сотқа курьер немесе пошта арқылы жіберіледі. Заң аппеляциялық шағымның басқа әліспен жіберілуіне тыйым салмайды. Шағымдарды заказда хатпен немесе экспресс-поштамен де жіберуге болады.
ҚР ҚІЖК-нің 399-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылық білдірулер аппеляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде, ал қамауда ұсталған сотталушыларға оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде жасалуы мүмкін. Заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне шағымданудың бірегей мерзімін орнатудың мақсаты: бірінші инстанциялы сотпен қаралған қылмыстық іс материалдарын жылдам рәсімдеу; процеске қатысушыларға қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру; шағымдарды. наразылыктарды аппеляциялық инстанциямен үкімнің занды күшіне енуін немесе күшін жою, өзгерту максатында жылдам қарау болып табылады.
Үкімге шағым жасау белгіленген мерзім ішінде іс соттан талап етіле алмайды. Мерзім өткеннен кейін берілген шағым, қарсылы қараусыз қалдырылады. Аппеляциялық шағым немесе наразылық беру мерзімін (есептеу ҚР ҚІЖК-нің 54-бабында бекітілген жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі. ҚР ҚІЖК-нің 399-бабы бекіткен он туәлік үкім шығарғаннан кейінгі күннен бастап немесе қамауда ұсталған сотталушыға үкімді бергеннен күннен бастап есептеледі.
ҚР ҚІЖК-нін 403-бабында бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру тәртібі көрсетілген. Оған сәйкес, сот қаулысына шағым, наразылық білдіруге тараптар құқылы.
Дәлелдерді тексеру тәртібіне, процеске қатысушылардың өтініштеріне, сондай-ақ сот мәжілісі залында тәртіп сақтауға, ҚР Конституциялық Кеңесіне адамның құқықтары мен бостандыктарының мәселесін қозғайтын нормативтік актінің конституциялылығын анықтауға қатысты өтініші, ақшалай айып салу туралы қаулыны коспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды.
Жоғарыда аталған шешімдерге қарсылық білдіру үкімге аппеляцнялық тәртіпте шағымдану немесе наразылық білдіру кезінде жасалуы мүмкін.
Бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешім шығарылған күннен бастап он тәулік ішінде беріледі және аппеляциялық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады.
Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, наразылық білдірілген жағдайда, іс жоғары тұрған сот сатысына үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер үкімге аппеляциялық шағым берілген, наразылық білдірілген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі аппеляциялық тәртіпте қарайтын сол сот сатысы жүргізеді. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ егер қаулы олардың мүдделеріне қатысты болса, бұл істе тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.
Бірінші инстанциялы соттың шағымды мерзімінің бұзылуымен қабылдаған жағдайда, аппеляциялық инстанция шағымды өткен мерзімнің (қалпына келтірілу мүмкіндігін шешу мақсатында бірінші инстанциялы сотқа жібереді. ҚР ҚІЖК-нің 400-бабына сәйкес, шағым беруге, наразылык білдіруге арналған мерзім дәлелді себептермен өтіп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық білдіруге құкығы бар адамдар үкімді қабылдаған сотқа өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш жасай алады. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш қарапайым нысанда толтырылады, онда шағымданушы туралы мәліметтер, істің қысқаша фабуласы, өтініш білдірушінің шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімін өткізіп алуының дәлелді себептермен өткізіп алуының жағдайлары және оны дәлелдейтін қүжаттар келтірілуі тиіс. шағымдану мерзімін өткізіп алудың (дәлелді себептеріне ауруға шалдығу, жақын туысының өлімі, үкімнің көшірмесін уакытылы алмауы, қызметтік іс сапар, табиғи апаттар және соттың ойынша шағымдануға мүмкіндік бермеген баска да объективті себептердің болуы.
Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті істі сот талқылауы кезінде төрағалық етуші судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжілісінде қарайды, ол өтінішті қозғаған адамды түсінік беру үшІн шақыртуға құқылы. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы судьяның қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық білдірілуі мүмкін.
Заңның бұл ережесі менің ойымша мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті әділ түрде шешуге тиісті жағдайлар туғызбайды. Яғни, үкім шығарған судья өзінің қол қойған үкімінің жоғарғы сотта қаралуына мүдделі болмайды. Біріншіден, егер шағымданушының әрекеттері нәтиже беріп жатса, бұл оның қызметінде, оның жүмысының нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Екіншіден, адамдық факторға келетін болсақ, адамдар өздерінің пікірлерін даулағанды ұнатпайды. Сондықтан, мерзімді ұзарту туралы өтінішті осы істі қарауға қатыспаған судьяның уәкілеттігіне берген дүрыс болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, заң өкінішке орай мерзімді ұзарту туралы өтінішті қараудың мерзімін бекітпейді.
ҚР ҚІЖК-нің 402-бабында шағым берудің және наразылық білдірудің салдары көрсетілген:
1. Уақытылы берілген шағым немесе нарзылық үкімнің орындалуын тоқтата тұрады. Мерзімі кешіктіріліп, бірақ мерзімнің сотпен қалпына келтіріліп берілген шағым мен наразылық та үкімнІң орындалуын тоқтата тұрады. Үкімнің орындалуы тоқтатылған қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған сотталушыны және камауда отырған тұлғаны жазасын өтеуге жіберуге, басқа да негізгі және қосымша жазаларды атқаруға жіберуге, сондай-ақ үкімнің азаматтық талап бөлігін және сот шығындарын өтеттіруге болмайды. Үкімнің орындалуының тоқтатылуы шағым берілмеген сотталушыларға да қатысты, барлық сотталушыларға қатысты жүргізіледі.
2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтіру үшін белгіленген мерзім біткеннен кейін кешіктірмей, мүдделі тұлғаларға шағым беру және наразылық білдіру туралы хабардар етеді, содан кейін істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса аппеляциялық сатыға жібереді және процеске қатысушыларға істің аппеляциялық сатыда каралатын уакыты мен орнын хабарлайды.
-
Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам өзінің шағымын, наразылығын аппеляциялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейін
қайтарып алуға кұқылы. Прокурордың наразылығын жоғары тұрған
прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін.
-
Үкімге шағымданған, наразылық білдірген адам сот отырысы басталғанға
дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдемелермен толықтыруға құкылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында
немесе оның наразылықты туралы мәлімдемесінде, сол сияқты
жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің үкімге
шағымдану және наразылық білдіру мерзімі өткеннен соң берілген қосымша
шағымында, егер мұндай талап бастапкы наразылықта немесе шағымда
болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мынаны анықтауға болады. Заңшығарушы бірінші инстанциялы соттың үкімімен мүдделері қозғалған барлық субъектілерге ол шешімді еркін шағымдану құқығын береді. Бұл құқықты жүзеге асыру барлығына, қорғау және айыптау тарабына да теңдей берілген. Сот өндірісінің барлық субъектілерінің өзінің позициясын негіздеуге қосымша фактілік мәліметтерді, кұжатгарды және материалдарды беру мүмкіндігі бар. Шағым беру немесе наразылық келтіру қарсы тарапқа құқықтық шектеулер туындатпайды және қылмыстық іс жүргізудің қағидаларына, тұлғаның құқықтарына және бостандықтарына қайшы келмейді.
II - тарау. Аппеляциялық шағымдар және наразылықтар бойынша істерді карау.
2.1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері.
Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі зан нормаларының бұзылуын аныктау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ қылмыстык іс бойынша өндірістің қатысушыларының құкыққа кайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы
Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:
-
шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және
ақталушының корғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер немесе олардың
өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот
үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге
құкылы;
-
істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні
болып табылады;
-
аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе
наразылықтың шегімен шектелген;
-
аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды,
соттың жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
-
аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын
жағына да өзгертуі мүмкін;
6) аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін.
Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуінің бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса; қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.
Аппеляциялық өндірісті қозғаудың құқыктық негізі аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады. Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылыктың мазмұны ҚР ҚІЖК-нің 407-бабында көрсетілген. Бұл кұкьқтық кұжатта міндетті түрде келесІ бөлімдер болуы тиіс.
1. Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы.
Істі екінші инстанцияда қарауға уәкілетті сот соттылықтың жалпы
ережелерімен және ҚР ҚІЖК-нің 397-бабымен анықталады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестірілген соттардың кылмыстық істер жөніндегі алқасы карайды.
Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды.
Осыған сәйкес, аппеляциялық шағымда жіберілетін соттың толық және нақты атауы көрсетілуі тиіс (мысалы, "Онтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы").
2.Іс жүргізілгендегі жағдайы, түрғылыкты жері немесе жүрген жері
көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер.
Деректер анык, нақты және дұрыс көрсетілуі тиіс. Шағымданушының тегі, аты-жөні, құқықтық мәртебесі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, тіркелген тұрғылықты жерінің мекен-жайы, егер прокурордың наразылығы болса, оның қызметі және шені, сыныбы міндетті түрде көрсетІлуі тиіс.
Сонымен қатар, байланыс (үй немесе қызметтік) телефонын көрсеткен дұрыс болады. Бұл мәліметтерді келтіру шағымның, наразылықтың мазмұнын тексеруге. шағымданушы туралы қосымша мәліметтер алуға. істің материалдарына қажетті толықтырулар енгізуге, сондай-ақ шағымданушыға немес прокурорға шағымның, наразылықтың мәні бойынша іс жүргізушіік әрекеттер туралы хабарлау үшІң кажетті.
3.Шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және
осы шешімді шығарған соттың атауы.
Шағымдалып отырған үкімді ғана емес, істің кысқаша фабуласын :еткен көрсеткен дұрыс болады. Бұл аппеляциялық сатыдағы соттың бағдарландырылуына, жасалған әрекеттің жағдайлары туралы алғашқы көзқарас тудыруға, қажетті мәліметтерді толық ашуға көмектеседі.
4.Үкімге, қаулыға толық немесе онын бір бөлігіне шағым жасалып,
наразылық келтіріліп отырғанын көрсету.
Бұл бөлім осы іс бойынша аппеляциялық өндірістің пәнін және шегін дәл анықтауға мүмкіндік береді, үкімнің орындалуын токтату мәселесін дұрыс шешуге, бұлтартпау шарасына, қосымша куәларды шақыруда, сараптама тағайындауда және іс бойынша объективтік шындықты орнатуға көмектеседі.
5. Шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімінің,
қаулысьның дүрыс еместігі неде екендігі жөнінде дәлелдері және оның өтінішінің мәні.
Шағымның бұл бөлімі шағымданушының (наразылық білдірген прокурордың) позициясын келтіруге арналған. Бастамашы шағымданушының қортындылары анық, кезектілікпен, және логиялық тұрғыдан дұрыс келтірілуі тиіс. Автор бірінші инстанциялы соттың үкімінің қай бөлмдерімен және қандай себептермен келіспейтіндігін нақты және аргументті көрсетуі тиіс және ол заң бүзушылыктық немесе фактілік қатені жоюда не ұсынатын өтінішін нақты көрсетуі тиіс. Өтініш құқықты, орындалатын және негізді болуы тиіс.
6. Арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші
сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер. Шағымның (наразылықтың) бұл
бөлімінде шағымданушының қорытындыларын куәландыратын барлық
фактілік мәліметтерді, материалдарды және кұжаттарды келтіру керек.
7. Шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі. Аппеляциялық шағымды, наразылықты тізбелеу тәртібінде барлық құжаттар және материалдар шағын мәтінінде көрсетіледі. Тізбеде шағымның наразылыктың) нұсқаларының саны, анықтамалар, мінездемелер, тексеру немесе ревизия актілері, сараптама қорытындысы. бұрын жауап алынбаған тұлғалардың арыздары немесе түсініктемелері және т.б. шағымданушыда бар құжаттар көрсетіледі. Аппеляциялық шағымға немесе наразылыққа белгілі бір құжаттың көшірмесІн қосуға болады, бірақ істі аппеляциялық өндірісте қарау барысында шағымданушы құжаттың түпнұсқасы көрсетілуі қажет немесе басқа әдіспен көшірменің дұрыстығы фактісін дәлелдеу қажет.
8. Шағымдану, наразылық келтірген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс.
Шағымдану уақтысы аппеляциялық өндіріс сатысында іс жүргізушілік мерзіімдерді санау үшін қажет болғандықтан, үлкен маңызға ие болады. Шағым немесе наразылық берген тұлғаның қолы міндетті болып табылады. Өйткені, арыздың бұл түрі нақты персонифицирленген және ол тұлғаға іс жүргізушілік құқықтар мен міндеттердің толық кешені жүктеледі.
Егер шағым немесе наразылық жоғарыда келтірілген талаптарға сай болмаса. істің каралуына кедергі туғызады, шағымдар белгілі бір тәртіппен тіркеуге алынуы тиіс. Шағым, наразылық берілген болып саналады. бірак судья оны шағымданушыға, наразылық берілген болып саналады, бірак судья оны шағымданушыға немесе прокурорға белгілі бір мерзім ішінде қайта рәсімдеуге жібереді. Егер, көрсетілген мерзім ішінде аппеляциялық шағым немесе наразылық түзетілген түрде берілмесе, шағым, наразылық берілмеген болып саналады.
Аппеляциялық өндірістің мәні ҚР ҚІЖК-нің 405-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, аппеляциялық сатыдағы сот аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді. Яғни, аппеляциялық сатыға мыналарды толық тексеру міндеті жүктелген:
-іс бойынша фактілік жағдайларды бекітудің дұрыстығын. Қылмыстық істербойынша дәлелдеу пәні ҚІЖК-нің 117,481 баптарында көрсетілген;
- материалдық құық нормаларының қолданылуының дұрыстығын (ҚІЖК-нің 416,417 баптары). Бұл жерде қылмыстық құқық нормаларымен қатар, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары да ескерілуі тиіс, өйткені, ҚР ҚІЖК-нің 1-бабының 3 бөліміне сәйкес, егер кылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық немесе әкімшілік құқықтарға сәйкес шешілуі тиіс мәселені қарау кажеттігі туындаса, ол азаматтық немесе әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Сонымен қатар, әңгіме кьілмыстық сот өндірісі барысындағы азаматтық талап (ҚІЖК-нің 20-тарауы) және әкімшілік шара қолдану (ҚІЖК-нің 160-бабы) мәселелері жөнінде де болуы тиіс;
-қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізу барысында қылмыстық іс жүргізу нормаларының сақталуын. Қылмыстық сот өндірісінің тәртібін анықтайтын заң ҚІЖК-нің 1-бабында көрсетілген.
-бірінші инстанциялы соттың үкімінің немесе қаулысының заңдылығын және негізділігін. ҚІЖК-нің 369-бабына сәйкес, егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, аппеляциялық сатыда істі қараудың пәні істің фактілік жағдайларын бекітудің дұрыстығын және қылмыстық заңның колданылуының, сондай-ақ өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сакталуының дұрыстығын, бірінші инстанциялы соттың үкім немесе каулысының заңдылығын және негізділігін бекіту болып табылады. Яғни, аппеляциялық өндіріс сатысындағы тексеру объектісі шағымдалып немесе наразылық келтіріліп отырған сот шешімінің фактілік жағы ғана емес, занды жағы да тексеру объектісі болып табылады. Сонымен жоғарыда келтірілген негіздерге сүйене отырып, аппеляциялық өндіріс туралы мен өз ұғымымды ұсынамын. Аппеляциялык өндіріс дегеніміз - заңды күшіне енбеген сот шешімдерін шағымдануға (наразылық білдіруге) құқықты субъектілердің, сондай-ақ екінші инстанциялы соттың шағымдалған (наразылық білдірілген) сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға қатысты қызметінің іс жүргізушілік әрекеттердің жиынтығы.
Заңда аппеляциялық сатыда істі қараудың шектері нақты түрде көрсетілген. ҚР ҚІЖК-нің 404-бабына сәйкес, аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді. Егер, істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот осы ҚР ҚІЖК-де көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ак шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылык білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
Бұл көрстілген ереже мына талаптармен негізделеді: - соттың бастамасымен сотталушының жағдайын нашарлатуға жол бермеу, өйткені, біріншіден, сотталушыға тағылған айыпты дәлелдеу айыптаушыға жүктелген; екіншіден, сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптау тарабының жағында болмайды (ҚР ҚІЖК-нің 23-бабының З,5 бөлімдері); -сот шешімдерінің атқарылуының созылуына жол бермеу.
Басқаша сөзбен айтқанда, аппеляциялық сатыдағы өндірісте сот төменгі тұрған соттың үкімін толық қарауға, қылмыстық істі қайтадан зерттеуге міндетті емес. Заң, бойынша ол шағымдалған бөлігінде ғана материалдарды зерттеумен (фактілік жағын) және наразылық білдірілген бөлігіндегі тұлғаларға ғана қатысты зерттеумен шектелуі мүмкін. Толық тексеруге іс бойынша өндіріс барысында заңдылықтың сақталуы ғана жатады. Алайда, апеляциялық сатыдағы қарау шектерін жеткілікті түрде аныктау, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың құқықтары мен .бостандықтарын қорғауға соттың өкілеттіктерін шектеуді білдірмейді. Егер сотпен сотталушының құқыктары мен бостандыктарының заңсыз шектелгені және заңсыз үкім шығарылғаны анықталса, аппеляциялық сот шағымның немесе наразылықтың шегінен шығып және өзінің өкілеттіктерін үкімді өзгертуге немесе жоюға қатысты жүзеге асыруға құқылы. Сонымен қатар, заңда құқыктары мен заңды мүдделері бұзылған сотталушылардың ғана көрсетілуі және қылмыстық процестің басқа қатысушыларының ескерілмеуі (жәбірленуші, азаматтық талапкер, жауапкер және т.б.) заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі қағидасынан ауытқығанды білдіреді. Мүны әділ деп санауға болмайды және біздің ойымызша күшіндегі заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс.
Іс аппеляциялық тәртіппен ол келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіліп жатқан аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі аппеляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүргізілуі мүмкін |(ҚРКІЖК-нің 406-бабы).
Бірінші инстанциялы соттың үкімдерінің және қаулыларының атқарылуының созылуын болдырмау максатында аппеляциялық тәртіпте істі қарау мерзімі бір ай болып орнатылған. Бұл мерзім дәлелді себептермен бір айға ұзартылуы мүмкін. Дәлелді себептер: қаралатын істің күрделілігі; судьяны ауыстыру қажеттілігі; қосымша шағымдарды, наразылықтарды қарау қажеттілігі болуы мүмкін.
Енді істі аппеляциялық сатыда қарау шектерінің даулы құқықтық мәселелеріне токталсақ. ҚІЖК-нің 404-бабына сәйкес, "аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және шағым немесе наразылық білдірілген сотгалушыларға қатысты ғана тексереді". Бұл баптың екінші бөлімі істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот ҚР ҚІЖК-де көзделген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы екендігін көрсетеді. Сонымен катар, ҚІЖК-нің 405-бабы аппеляциялық сатыдағы сотқа үкімнің заңдылығы мен негізділігін “толық көлемде» тексеруді жүктейді. ҚІЖК-нің 405-бабы аппеляциялық қараудың пәнін анықтаса да, ол аппеляциялық қараудың шектерін де көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген ҚІЖК-нін 404-бабы мен істі "толык көлемде" тексеру ережесі және ҚІЖК-нің аппеляциялық қаулының мазмұнына қатысты 422-бабы тәжірибеде қалай байланысады екен? Бұл сұраққа жауап біздің ойымызша, әрбір норманың мазмұнын түсінумен анықталады.
Толық тексеруге: шағым. берілмегеніне қарамастан барлық сотталушыларға қатысты қылмыстық істің толық тексерілуі; істің фактілік жағдайларын анықтаудың және қылмыстық заңның колданылуының дұрыстығы, қылмыстық іс жүргізу заңы номаларының сакталуы, сондай-ақ үкімнің заңдылығы мен негізділігі жатады. Мұндай тексеру бірінші инстанциялы сотпен бағаланған және аппеляциялық сатыға жіберілген материалдарға жүргізіледі.
Кейбір жағдайларда шағым, наразылықта құқық бұзушылық туралы мәлімет болмайды, бірақ аппеляциялық өндіріс барысында олар анықталады. Істің қателіктері шағым берілмеген немесе наразылық білдірілмеген сотталушыларға да қатысты болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, сотталушылар жоғарғы тұрған соттарға жазалау шарасы туралы шағымданады. Шағым, наразылықтың үкімінің әділдігі немесе әділ еместігі туралы қорытындыларына істің фактілік жағдайларына талдау жасамастан бұрын және материалдық құқық нормаларының колданылуының дұрыстығын анықтамастан бұрын жауап беру мүмкін емес. Тараптар әрекеттің саралану мәселелеріне әрқашан дұрыс мән бере бермейді, олардың шағымдарында заңға сілтеме көп бола бермейді, көбінесе істің фактілік жағдайларына көңіл бөлінеді. Сотталушылардың шағымының қорытындылары көбінесе кінәлі немесе кінәсіздігі туралы мәселелерге байланысты болады.
ҚІЖК-сі нормаларының сотқа дейінгі және сот отырысында сакталуын тексеру аппеляциялық сатының негізгі мақсаттарының бірі. Аппеляциялық сатыдағы сот шағымда, наразылықта олар туралы көрсетілмегеніне қарамастан, істің фактілік жағдайларын тексеруі міндетті. Кассациялық соттардың қателіктерін сынай отырып, А.М.Ларин, мынаны көрсететін: «Шағымда дәлелдемелерге сілтеменің жоқтығы, соттың дәлелдемелерді зерттеу және өзінің қаулысында сотталушының кінәлілігін анықтайтын дәлелдемелерді көрсету міндетінен босатпайды".15 Қолданыстағы ҚІЖК-сі заңның бұл бөлімдегі қателігінің орнын толықтырды және шағымдану, наразылық білдіру субъектілерін "олардың ойынша үкімнің, қаулының дұрыс еместігі неде екендігін" және "арызданушының өзінің талаптарын негіздейтін дәлелдерін" келтіруді міндеттеді (ҚІЖК-нің 407-бабының 1 б. 5,6 тармақтары). Алайда шағымның, наразылыктың бұл міндетті элементерінің жоқ болуы сотты істі толық көлемде тексеру міндетінен босатпайды.
Үкімнің дұрыстығын тексерудің ревизиялық тәртібі барлық сотталушыларға қатысты нысаны және мәні бойынша шағымданбаған сотталушыларға да қатысты тексеруді білдіреді. Мұндай тексеру аппеляциялық негіздер бойынша жүргізіледі, бірақ шағымдалмаған, наразылық білдірілмеген және құқықтары мен мүдделері қозғалмаған шағымдар бойынша шешім заң бұзушылықтың сипатына байланысты болады. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің кабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Осыған сәйкес, заңшығарушы аппеляциялық сатының үкімнің күшін жою немесе өзгерту мүмкіндігін жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес болу керектігін бекітіп, нақты және біржақты шектеп қойды. Көрсетілген тәртіптен басқа, аппеляциялық сатының өкілетгіктері жок.
Өкінішке орай, аппеляциялық соттың істі толық көлемде және ревизиялық тәртіпте тексеру міндетін тәжірибе өте кең қабылдады. Мысал келтірейік. Л және А ҚР ҚК-нің 178 б. 2 б. "а", "в", "г" тармақтары бойынша «өмірге немесе денсаулыққа зиян емес күш қолдану арқылы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен және тұрғын үйге заңсыз кірумен тонау қылмысы үшін сотқа берілген. Аудандық соттың үкімімен олар кінәлі деп табылып, II-ға қатысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, елеулі зиян келтіріп, қорқытумен және күш қолданып, озбырлық жасағандығы үшін ҚР ҚК-нің 327-бабының 3 бөлімімен сотталған. Іс Л-дың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы шағымымен аппеляциялық тәртіппен қайта қаралды. А-ға қатысты үкім шағымдалмаған және наразылық білдірілмеген. Аппеляциялық саты соттың үкімінің күшін жойып, соттың корытындыларының істің фактілік жағдайларына сәйкес еместігін негізге ала отырып, істі сот отырысының жаңадан қарауына жіберген және өзінің қаулысында төмендегілерді көрсеткен:
"Сот айыптау үкімінің сипаттау бөлімінде Л және А біреудің мүлкін өмірге және денсаулыққа зиян емес күш қолдану арқылы П-ға катысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, түрғын үйге заңсыз кіріп тонау жасағандығын көрсетеді. Алайда, айыптау үкімінің қорытынды бөлімінде сот Л жене А-ны ҚР ҚК-нің 327 б. 3 б. көзделген қылмыс үшін кінәлі деп тапқан. Бұл ҚІЖК-нің 414-бабына мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда үкімнің күші жойылуы және іс жаңадан қаралуға жіберілуі тиіс. Істі жаңадан қарауда іске маңызды жағдайларды толық, жан-жақты және объективті зерттеу керек және заңның барлық талаптарын сақтай отырып дұрыс үкім шығару қажет".16
Бірақ, шағымданушының берген шағымының бөлігінде ғана бұл іс қайта қаралуы тиіс болатын. Аппеляциялық саты шағымданбаған тұлғаға да қатысты істі толық көлемде карауға кірісіп кеткен. Менің ойымша аппеляциялық инстанциядағы сот өз өкілеттіктерінен асып кеткен. Аппеляциялық сатыға берілген шағымда үкімнің күшін жоятын немесе өзгертетін негіздер болмаған. Істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы белгілі болған жағдайда ғана заң соттың үкімнің күшін жоюға және үкімді өзгертуге құқылы екендігін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген үкімнің қателіктеріне берілген шағымның өзінде аппеляциялық сатыдағы сот үкімнің күшін жоюға немесе өзгертуге құқығы болмаған.
Аппеляциялық сатыдағы қылмыстық істер бойынша соттардың қаулыларының мазмұнының талдаулары көрсетіп отырғандай, тәжірибеде шағымдар мен наразылықтардың қорытындыларына тиіссіз тексеру нәтижелерін аппеляциялық каулы мөтіндерінде "толық көлемде" деп көрсету орын алған. Мысал келтірейік. К және Т-ға қатысты сот кылмыстың рецидивін дұрыс көрсетпеген. К бұрын ауыр қылмысы үшін екі рет сотталған жене қайтадан ауыр қылмысы үшін сотталған. Сондықтан да оның әрекетінде аса қауіпті рецидив бар (ҚК-тін 13 б. 3 б. "б" т.).
Т бұрын бас бостандығынан айыруға үш рет сотталған, соңғы рет ауыр қылмысы үшін, және қайтадан ауыр қылмыс үшін сотталып отыр. ҚК-тің 13-бабының 2 б. "а,б" тармақтарына сәйкес, оны ҚК-тің 13 б. 1 б. көрсетілген рецидив ретінде емес, ауыр рецидиы ретінде тану қажет болатын. Бұл көрсетілген қателіктерді К және Т-ға қатысты аппеляциялық сот прокурордың наразылығының жоқтығына қатысты жоюға құқықты емес.17
Достарыңызбен бөлісу: |