I техника – технологиялық БӨлім 1 Мұнай кәсіпшілік жабдықтанының классификациясы



бет2/6
Дата11.11.2022
өлшемі75.77 Kb.
#464573
1   2   3   4   5   6
ТЖ (копия)

1.2 Құбырлар.
Ұнғы өнімдерін жинау және дайындаудың барлық элементтері, бір-бірімен кұбырлар аркылы байланысады.Мұнай кен орындарында көптеген әртүрлі кұбырлар кездеседі.Мұнай кен орындарындағы аландарда ұңгы өнiмдерiн тасымалдайтын кұбырларды келесi түрдегiдей жіктейді.Тағайындалуы бойынша-мұнай кұбырлары газ кұбырлары,мунай-газ-су құбырлары және су кұбырлары арыны бойынша - арынды және арынсыз,жұмыс қысымы бойыншажоғарғы(6,4 МПа және одан жоғары),орташа(1,6МПа) және төменгі (0,6МПа)қысымды;төселу тәсілі бойынша-жерасты,жерүстi және су асты; функциясы бойынша-үңғы сағасын топтык өлшсу қондырғсына дейінгі лақтыру желiсi деп аталып ішкі кәсіпшілік кұбырлары; кеп орындарынан ұңғы өнiмдерiн жинау және орталық жинау пунктіне немесе газ өңдеу зауытына тасымалдауға арналған кәсіпшілік аралык құбырлар; магистралы тауарлы өнімді тұтынушыға беруге арналған ұзынынан созылған мұнай жэне газ кұбырлары:Айдалатын өнімнің құрамы бойынша-мұнай,газ,мұнай-газ коллекторлары, тауарлык мұнай құбырлары.Жұмыстың гидравликалық схемасы бойынша-тармақталмаған қарапайым құбырлар, тармақталған күрделі құбырлар(оларға тұйықталған сақиналы құбырлар жатады). Қабат кысымын ұстау үшін суды айдау ұңғыларына тасымалдауға арналған кұбырлар былай бөлiнедi: магистралды су кұбырлары-қысымды көтеретін сорпты станциялардан;Жеткізетін су кұбырлары- магистралды су кұбырларынан шоғырлы copaп станциясына (ШСС-КНС) дейін;тарататын су кұбырлары-ШСС-нан айдау ұңғыларына дейiн.
Барлық кұбырлар сұқйыққа толық толтырылған және сұйыққа толық толтырылмаған кұбырлар болып бөлінеді. Қимасы, сұйыққа толық толған кұбырларды арынды деп атайды толық толмаған кұбырларды арынды деп те арыгсыз деп те атайды. Лақтыру желiлерi және мұнай жинау коллекторлары әдетте сұйықтармен толық толмайды. Өйткені олардың қимасының бiр бөлiгi газбен толтырылады. Ұңғы өнiмдерi лактыру желiсiнен автоматты топтық өлшеу қондырғысына дейін сағадағы және АТӨҚ-дағы қысымдардың айырмашылғы есебінен қозғалады. Ұңғы өнімдеріне байланысты лақтыру желілерінің диаметрлері 75-150 мм аралығында қабылданып және де жер асты рақылы төселеді. Олардың ұзынығы техника-экономикалық есептер анықталады жане қашықтығы 4км-ге дейін жетеді. АТӨК-нан сығымды сорап станциясына дейін немесе мұнай дайындау қондырғысына дейін әдетте диаметрлері 200-500 мм болатын жинау коллекторлары төселедi және қашықтығы 10 км-ге дейін жетеді. Кен орындарында мұнайдан бөлінген газды жинау және дайыдау үшін газ құбырлары теселеді.
Мұнай өндiруде құбырларды скважина бағанасына бекітуге скважина iшiне канал жасауға,скважинаға жабдықтар түсіруге, кәсiпшiлiк iшiнде мұнайды, газды және суды тасымалдауға қолданылады. Қолданылатын кұбырлардың түрлері өте көп, бiрақ негiзгi үш топка бөлуге болады.
1. Бұрғылау және шегендеушi кұбырлар.
2. Сорапты-компрессорлы кұбырлар.
3.Мұнай касіпішілік байланыс үшін арналған құбырлар.Пайдаланау скважиналарының жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге байланысты жұмыстар жүргiзу барысында бұрғылау кұбырлары қолданылады. Жөндеу және бұрғылау жұмыстары жүргiзiлетiн скважиналардың шендеушi кұбырларының диаметрлерiнiң кiшiлiгi бұрғылау кұбырларының әртүрлі өлшемдерiн қолдануды шектиді. Мұнай және газ өндiру кезінде пайдаланатын бұрғылау кұбырларының өлшемдері 1- кестесiнде көрсетілген

Көрсеткіштер

Сандық мәні

Шартты диаметр
мм

60

73

89

102

114

127

Қабырға

7

7,9,1

7,9

 7,8,9

7,8,9,10

7,8,9

Қалыңдық,мм

9

1

11

11

11

10

Бұрғылау құбырлары жеті беріктік тобына жинақталған көмiртектi және төмен шынықтырылған болаттардан жасалады. Бұрғылау кұбырлары ГОСТ 631-80 бойынша жасалады. Бұрғылау құбырларының шартты белгілері. 
a) Құбыр П140 х 9 Д ГОСТ 631- кабырга калындығы ГОСТ631 диаметрі 140 мм,қабырға қалыңдығы 9 мм, Д берiктiк топты болаттан жасалған соның iшкi бетi ұлғайтылған құбыр. 
б) Құбыр П 140 x 9 Д ГОСТ 631 - дәл сондай құбыр,тек жоғары дәлдiктi жасалған. 
в) Құбыр Н 140 x 9 Е ГОСТ 631 - Е беріктік топты болаттан, қарапайым дәлдікпен жасалған соның сырткы бетi улғайтылған құбыр. 
г)Муфта Н 140 х 9 Е ГОСТ 631 - сол кубырға муфта.
Сол резьбалы құбыр және муфтаның шартты белгiсiне <<Құбыр>> және <<Муфта>> сөзіне кейiн Л әріпі койылады. 
Бұрғылау құбырлары келесі ұзындықтарда дайындалады:  
а) шартты диаметрі 60 -102 мм - 6,8 және 11,5 м;
б)шартты диаметрі 114 -168 мм -11,5 м.
Мұнай өндiру барысында көбіне диаметрі 146 мм iшкi диаметрі 130 мм (қабырга калындығы 8 мм) және диаметрі 168мм ішкі диаметрі 148 мм (қабырға қалыңдығы 10 мм) шегендеушi кубырлар қолданылады. Газ скважиналары үшiн көп қолданылатын шегендеушi құбырлардың диаметрлері 168, 178, 219, және 273 мм.
Шегендеуші құбырлар ГОСТ 632 және ТУ 14-3-71-72 бойынша дайындалады. Құбырлар келесі диаметрлерде жасалады: 114, 127, 140, 146, 168, 178, 194, 219, 245, 273, 299, 324, 340, 351, 377, 407. 426 және 508 мм. Қабырға қалыңдығы 6 мм-ден 12 мм-ге дейiн өзгеруі мүмкін, 1 метр массасы - 16 - 134 кг. Ұзындығы 9,5 - 13 м. 
Шегендеуші құбырлар цементтеуші сақинасымен бірге қабатпен шегендеушi тiзбектiң iшкi бетiн бөле отырып скважинаның құбыр сыртының кеңістігін саңылаусыздандырады. 
Шегендеуші құбырлар кез-келген жағдайларда сорапты-компрессорлы құбырлар орнына колданылады, мысалы үлкен диаметрлі скважинадан 5000-7000 м./тәу су өндіру кезiнде. Мұндай пайдалану барысында шегендеуші құбырлардың кемшілігі периодты түрде ажыратып және қосуға резьбаларының жарамсыздығы болып табылады. 
Бұрғылау құбырлары да мақсатта кей жағдайларда қолданылады. Шегендеуші құбырларға қарағанда кеп металл сыйымдылықты, бірақ резьбалар периодты түрде бұрап ажыратуға және қосуға бейімделген.
Сорапты компрессорлы құбырлардан (CKҚ) скважинаға түсiрiлетiн тiзбектер құралады CKҚ тiзбектерi негiзiнен кeлесi мақсаттар үшiн қызмет атқарады:
- қабаттан өндiрiлетiн сұйықты, сұйық және газ қоспасын немесе газды жер бетiне көтеру;
- скважинаға сұйық немесе газ айдау (технологиялық процесстерді, өндiрiстi қарқындатуды немесе жер асты жөндеуді жүзеге асыру);
Сорапты компрессорлы құбырлардың шартты белгілірі төменде көрсетілгендей; 
Е беріктік топты болаттан жасалған диаметрі 60 мм, қабырға қалыңдығы 5 мм құбырлар; 
- 60х5-Е ГОСТ 633-80 - тегiс құбырлар үшін;
- B-60x5 TOCT 633-80 соңғының сырты ұлғайтылған құбырлар үшiн;
- HKM-60x5 жоғары сан ызданған құбырлар үшін;
- НБК-60х5 ГОСТ 633-80-жоғары саңылаусызданған муфтасыз құбырлар үшін.
Tегіс құбырлар дайындалуы оңай, бірақ олардың соңы резьба ойылғандықтан әлсiз болады. Соңының сырты ұлгайтылған құбырлар негiзгi денесi бойынша жане резьба бөлiгiнде бiрдей берiктiкке ие болады. Бұл құбырлар тең берiктiктi деп аталады. Олардың муфталарының сырткы диаметрлерi тегiс құбырларға қарағанда үлкен болады. Tегіс және соңы ұлғайтылған сорапты-компрессорлы құбырлдардың конустығы 1:16. профиль бурышы 60º СКМ және СКБ құбырларының резьбалары конусты,бiрак трапециальды профильді. Құбырлардың салмағы бойынша А дайындамасы бойынша (өте дәлдікті) ауытқу +6,5 %-тен -3,5 %-ке дейiн және Б дайындамасы үшiн (аз далдiктi) +В % тен -6%-ке дейiн рұқсат етіледі. 
Құбырлар болаттың келесi берiктiк топтарынан жасалады: Д. К. Е. Л. М. Р. Будан баска Д16Т маркалы алюмин құймасынан жасалуы мумкiн. Бұл кұйманын аққыштық шегі шамамен 300МПа, шыдамдылық шегi 110 МПа, салыстырмалы тығыздығы 2,72. Алюмин құймалы құбырлар болат құбырларға қарағанда едәуір аз салмакты, олардың беріктігі аз төмендейді альюмин құймалы құбырларды үлкен тереңдікке түсiруге болады. 
Д16T құймалы құбырлары күкірт сутек бар ортада үлкен коррозиялық төзiмдiлiкке ие болады. Мұнай кәсіпшілігінде ішкі беті шынымен және эпоксидті смоламен қапталған CKҚ кеңінен қолдануда, эмалданған құбырлар аз таралған. Мұндай қаптамалар құбыр қабырғасына парафин қатудан және құбырдың ішкi бетiн коррозиядан қорғау үшiн қолданады.Бұдан басқа олар ағыстың гидравликалык кедергiсiн 20-30 %-ке темендетедi.
Шынымен қапталған құбырлар аз деформацияда жеткiлікті берiк және жоғары температураға төзiмдi.Шыны бетi тегiс парафин катпайды. Бiрақтан,шынымен қаптаудында өзiншiлiк кемшiлiктері бар. Бірінші - қаптау барысында өте кішкене жарықшақтар пайда болады, оған тұздар қатады, нәтижесiнде металл коррозияга ұшырайды. Екінші - құбырлар деформацияға түскен кезде шыны сынады. Бұған себеп металлдын серпiндiлiк модулі (0,21-10 МПа] және шынының серпiндiлiк модулі (0,057-10- МПа) бiрдей емес. Яғни құбырларды терең түсiруде және оларды тасымалдауда құбырлар иiлуден сақталмайды. 
Эпоксидті смола шыныға қарағанда икемдi, құбыр түскенде сынбайды. парафин қатпайды,тегіс бiрак оныңда кемшіліктерi бар. 
Смоланы пайдалануға болатын температура әдетте жоғары емес- 60-80°C жоғары емес. Соңғы жылдары эмалданған құбырларды қолдану кеңінен таралуда. Олар үлкен беріктікке, жоғары температурада төзiмдiкке және парафин қатпайтын тегіс бетке ие болады. СКҚ ішкі бетін ортадан агрессивті қорғау үшiн бiрнеше қабатпен қаптайды. Эмалмен қаптау технологиясы шыны және эпоксидтi смоламен қаптау технологиясына қарағанда едәуiр қиын және күрделі. Құбырларды эмалмен, шынымен және эпоксидтi смоламен қаптау парафин қатумен тиiмдi күрес ретінде қарастырылады. Каптау әдістері негізінен пайдалану шарттарына байланысты тандалып алынады.
Жалпы кемшiлiктері муфталы қосылыстың ішкі беті қорғаусыз қалады. Бұл жерлерге протекторлы сақиналар салынады. 
Мұнай кәсiпшiлiк байланысқа арналған құбырлар әдетте жалпы сортаментi құбырлардан дайындалады. ГОСТ 3262-75 бойынша температураға шынықтырылған құбырлар дайындалады.Олар негiзiнен резьбасыз келеді. Ұзындығы 12 м-ге дейiн жетедi. Бұл құбырлардың диаметрлері әр түрлі. 
ГОСТ 3262 бойынша құбырлардың шартты диаметрі 6 мм-ден 150 мм-ге дейін болады.Олар 3,2 Мпа аспайтын сынау қысымына тәуелді жеңіл ,орташа және күшті болып бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет