I техника – технологиялық БӨлім 1 Мұнай кәсіпшілік жабдықтанының классификациясы


Құбырлардың коррозиясы (тоттануы)



бет3/6
Дата11.11.2022
өлшемі75.77 Kb.
#464573
1   2   3   4   5   6
ТЖ (копия)

1.3 Құбырлардың коррозиясы (тоттануы) 


Құбырлардың коррозиясы (тоттануы) 
Коррозия кәсіпшілік құбырлардың жұмысының сенімділігі және қызмет ету мерзімі - көбiнесе олардың сыртқы және ішкі ортамен әсерлесуінің нәтижесiнде бiрте-бірте өздігінен бұзылуынан корғау дәрежесiмен анықталады.
Коррозия жылдамдығы белгiлi бiр уақыт ағымында 1 метр квадрат ауданға келетiн бұзылган металлдың грамдық санымен немесе коррозияның тереңге таралу шамасымен (мм/жыл) корсетіледі.
Құбырдың коррозияға ұшырайтын ортасы коррозиялық немесе әрекетті орта деп аталады. 
Кен орындарда құбырлар үш түрлі коррозияға ұшырайды: атмосфералык, топырақтық және ішкі.
Атмосфералық коррозия - бұл жердiң жоғарғы бетінде төселген құбырлардын кәдімгі тоттануы және оны кұбырлың бетіне лактар немесе майлы бояулар жағып жоюға болады. 
Топырақтық коррозия – ең қауіптісі және күрес әдісі анағұрлым күрделi және қымбат.
Коррозия екпіні топырақтың химиялық құрамына оның ылғалдылығына, металлдың химиялық құрамына және біртекті еместігіне тауелдi.
Iшкi коррозия - құбырлар қабырғаларының сілтіні немесе қышқыл сұйықтармен шектесуiнен пайда болады. Металл құбырлың ортамен әрекеттесу сипаты бойынша коррозия екi түрге бөлiнедi: химиялық және электрохимиялық.
Химиялық коррозия деп - химиялық агрессивті агенттермен шектесу барысында металл бетінің толық бұзылу үрдісін айтады, бұл үрдісте металда электр тоғының пайда болуы және өтуі болмайды.
Химиялық коррозияға мысал ретінде металмен әсерлескенде оның бұзылуына әкелетiн күкіртті мұнайды тасымалдау немесе сақтау кезіндегі құбырдың немесе резервуардың ішкі бетінің бұзылуын жатқызуға болады. 
Электрохимиялық коррозия - бұл электр тогының пайда болуымен және өтуiмен бірге жүретін металдын бузылу үрдісі.
Химиялык коррозиядан ерекшелігі электрохимиялық коррозияда металл бетінде тұтас емес, кейде үлкен тереңдікті куыс және малюска қабыршасы немесе дақ тәрiздi жергiлiктi зақымтанулар пайда болады.
Электрохимиялык коррозияның мәні - электр тоғының өтуімен бірге жүретін металдың қоршаған ортамен әсерлесуі нәтижесінде металдың еруi. 
Траншеяларда төселген құбырлар топырақта тұз және ылған болғанда электролиттік ваннада тұрғандай болады. Бұл жағдайда құбыр металының бiртектіемес бөліктері арасында анодтан катодка ағатын электр тоғы пайда болатын гальванобулар жасайды.Былайша айтқанда,анодтан (құбырлар) электролитке (топырақ) оң зарядталған иондар түрiнде металл бөліктері өтедi және құбырда терең жара пайда болады. 
Электрокоррозияга электрленген көлік релстерінен тоқтың шыгуынан болатын адасқан тоқтардан пайда болуы мумкін. Айтылған коррозиялардан басқа мұнай-газды жинайтын құбырлар жүйесінде биокоррозия пайда болуы мүмкін, бұл микроағзалардын белсенді өмір сүруі әрекетінен болады. 
Өмір сүру әрекеті оттегі жоқ жерде өтетін - анаэробты және өмір сүру әрекеті оттегі бар жерде өтетін - аэробты бактериялар ажыратылады. Табиғатта, әсіресе ағынды суларда, мұнай ұңғыларында және өнімді колбеу қабатта тіршілік ететін сульфатты қайта қалпына келтірітін анаэробты бактериялар кеңінен таралган. 
Олардың тіршілік ету нәтижесінде белсендi коррозиялық агент болып табылатын күкіртсутектер пайда болады.Құбырлар мен резервуарларда коррозиядан қорғау активті және пассивті болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет