Шетелдік студенттерді жоғары оқу орнына дейін дайындаудың ерекшелігі



Дата04.07.2016
өлшемі59.98 Kb.
Шетелдік студенттерді жоғары оқу орнына дейін дайындаудың ерекшелігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушы Курманова Т.В.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аға оқытушы Сапронова И.И.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, оқытушы Бадан А.З.,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қызметінің маңызды бағыттарының бірі студенттерді Қазақстанның жоғары оқу орындарында, әсіресе, бірінші кезекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алуына дайындау болып табылады. Осы жолдағы түрлі білім беру жұмыстары біздің кафедрамыздың құрылғанынан бастап жүргізіліп келеді. Ұлттық бірыңғай тест емтиханын енгізгенге дейін шетелдік студенттер жоғары оқу орындарына шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінде тапсырған емтихан нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына тіркелген.

2004-2005 жылдардан бастап, Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін шетелдік студенттер Қазақстанның азаматтарымен бірге жалпы негізде кешенді тесттен өтетін болған. Шетелдік студенттерді кешенді тест тапсыруға дайындаудың өзіндік бір ерекше қиындықтары болды, яғни студенттер шектеулі аз уақыттың ішінде жалпы білім беретін мектептердің барлық бағдарламасын негізгі пәндер: математика, орыс тілі және Қазақстан тарихы бойынша игеру керек болды.

Осындай қиындықтарға қарамай, біздің студенттер жоғары оқу орындарына түсу үшін арнайы өту баллдарын жинай отырып (45-50 балл және одан да жоғары), жақсы нәтижелер көрсетіп отырды.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алуын жалғастырғысы келетін шетелдік студенттер жоғары оқу орнына дейінгі факультетте өткізілетін тесттің (бітіру тесті деп аталатын) нәтижесі бойынша өзі таңдаған факультетке түсе алады (негізгі пәндер бойынша материалдарды факультеттің оқытушылары дайындаған). Бұл көптеген шетелдік студенттерді біздің университте оқуға шақыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні бұл дайындық бірнеше бағыттар: гуманитарлық, экономикалық және басқа да мамандықтар бойынша жүзеге асырылады, келешекте ол кеңейтіледі.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындықтың маңызды факторы оқытудағы сабақтастық болып табылады. Қазір біз 2 жыл оқытамыз, дегенмен алдағы уақытта 1 жылға дейін қысқарту көзделуде. Жоғары оқу орындарында оқуға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің студенттерін (ал олар бізде көп) өте жақсы және аса сапалы дайындау үшін 2 жылдық курс, сөзсіз, қажет.

Университетте оқу жағдайында тіл игерудің деңгейлері болады. Бұл шетел азаматтары үшін орыс тілі бойынша Мемлекеттік Стандарт талаптарына сай келетін бастапқы және базалық деңгейлердің тікелей жалғасы болып табылатын 1 сертификаттық деңгей. Кафедрада оқытудың осы қағида сақталып келеді. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындыққа қатысты сапа менеджменті жүйесінде (СМК) пререквизиттер деген түсінік бар – бұл оқытудың 1 жылының пәндері мен оқытушылары, постреквизиты - оқытудың 2 жылының пәндері мен оқытушылары.

Қазіргі кезде бір кезеңнен екінші кезеңге ауысқанда бірден ауыр болмау үшін бізге оқытудың осы екі кезеңнің арасын тығыз байланыстырып және біріктіруге талпыну керек.

Оқу жүйесінің жұмыс істеуі түрлі формада өтеді және арнайы ерекшеліктері болады. Бұл жүйені болашақ мамандықпен байланыстырып оқыту көзқарасы бойынша қарастырып көрейік. Студентттерді болашақ мамандықпен байланыстырып оқыту мәнмәтінді және мәнмәтіннен тыс болуы мүмкін. Мәнмәтінді оқыту студенттердің білім жүйесін болашақ мамандыққа сай бағыттайды, сонымен қатар ең алғашқы кезден бастап кәсіби-бағытталған болып табылады.

Сонымен, дайындық факультетінде орыс тілін «нөлден» бастап оқитындар үшін оқытудың 2-3 айынан кейін күнделікті өмірдегі және білім беру саласындағы тілдесуде кәсіби жағына бағытталады (гуманитарлық, ғылыми-техникалық, жаратылыстану ғылымдары). Бұл тілдесу үшін таңдалған саланың ерекшелігі оқу материалдарын іріктеуде және тілдік құралдармен танысуда көрініс табады.



Мәнмәтіннен тыс оқыту үшін тілдесу саласын және сөйлеу стилін таңдау маңызды болып есептелмейді, оқыту «бейтарап» стильдегі материал бойынша жүргізіледі, мұнда күнделікті лексикаға және еркін синтаксистік құрылымдарға мән беріледі [1, 73].

Біз жоғары оқу орнына дейінгі дайындық жүйесінде кәсіптерге оқытпаймыз (А. Щукиннің айтуымен), бағыттар бойынша оқытамыз (гуманитарлық, экономикалық ж.т.б.), яғни бізге бұл тілдің барлық деңгейінде оқыту үдерісіне кеңірек шолу жасау керек. Мұнда біз оқытудың жүйелі тәсілі деген оқыту әдісін қарастырамыз, бұл оқыту әдістемесінің негізгі санаттарының бірі болып табылады. Оқытудың жүйелі тәсілі «сабақ үшін оқу материалын іріктеуді, оны сабақта беру формалары мен тәсілдерін және оқудың әдістері мен құралдарын анықтайтын, оқу үдерісінің негізгі компоненттерінің жиынтығы» деп түсіндіріледі [1, 68].

Оқыту мақсаттары мен кезеңдерін есепке ала отырып, оқыту мазмұнын іріктеу ұстанымдарына тоқталу керек. Іріктеудің екі ұстанымы бар:

Бірінші ұстаным: оқытудың көзделген мақсатына жету үшін мазмұнының жеткіліктігі және қажеттілігі.

Екінші ұстаным: оның игеру үшін оқу мазмұнының болуы.

Бұл оқытушы тіл үйренушінің сабаққа іріктеп алған материалын меңгере алу мүмкіндігін есепке алу керек. Егер меңгерілуге белгіленген бағдараламадағы оқу материалының көлемі көп болса немесе материал қиын жолмен түсіндірілсе, онда бұл қағида бұзылады [1, 125].

Оқытудың түрлі кезеңдері үшін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, елтанымдық минимумдар бар. Оқытушылар жоғары оқу орнына дейін дайындау жүйесінде шетелдік студенттерге пәндерді тиімді оқыту үшін әрбір деңгейде студенттерді оқытуға мұқият қарау қажет.

Оқу үдерісінің тиімді сапасын көтерудің негізгі жолдарының ішінде сонымен қатар жоғары оқу орнына дейін студенттерді дайындаудың сапасын арттыруда орыс тілін және жалпы білім беретін пәндерді оқытудағы пәнаралық үйлестіру өзекті болып табылады.

Орыс тілін шет тілі ретінде оқыту практикасы көрсеткендей, оқытудың жетістігі орыс тілінің оқытушылары мен пән оқытушыларының бірыңғай тілдік тәртіпті жүзеге асырудағы келіскен күшіне байланысты болып табылады.

Пәнаралық үйлестіру мақсатын, міндетін, құралдарын және оқыту тәсілдерін көрсететін оқытудың мазмұнының барлық компоненттерінің өзара келісілген кешенін көрсетеді.

Сондықтан жалпы білім беретін пәндердің сабақтарында бірыңғай тілдік тәртіпті жүзеге асыру үшін оқытушының әрекеті:

- оқытудың әрбір кезеңінде шетелдік студенттердің орыс тілінен білімін есепке алып отыру керек;

- шетелдік студенттердің сөйлеу қызметінің белгілі бір түрінде, олардың тілдік құзыреттіліктерінде дағдыларының қалыптасу деңгейіне сәйкес келетін сабақты ұйымдастырудың нақты формасын ғана яғни оқу материалын түсіндіру, бекіту, бақылау тәсілдерін қолдану керек;

- мәтіндік материал және үй тапсырмасы бойынша мәліметтің берілу көлемін қадағалау керек;

- оқу материалын түсіндіру кезінде әдістемелік мақсатты түрін таңдай отырып, сабақ барысында сөйлеу қызметінің түрлерінің арақатынасының негізделуін қадағалау керек [2].

Орыс тілінің қызметі бірыңғай тілдік тәртіпті қадағалауды және жалпы тілдік құралдарды қолдануды, сонымен бірге оқытылатын пәнге қатысты нақты лексика мен құрылымды енгізуді көрсетеді.

Мәтіндерді таңдау лексика-грамматикалық мазмұнына, құрылымдық күрделілігі мен ақпараттық мазмұнына байланысты жүзеге асуы керек.

Өз кезегінде орыс тілінің оқытушылары және пән оқытушылары өздерінің сабақтарында:

- оқулықпен - сөйлеу үлгілерімен, таблицамен, схемамен, суретпен, жаттығу жұмыстарымен, мәтінмен, картографиялық құралмен, аудио- және бейне материалмен жұмыс істеуге үйрету керек;

- студенттерді үй тапсырмасын қажетті жүйелілікпен дұрыс орындауға үйрету керек;

- сабақтын тыс өзіндік жұмысты дұрыс жоспарлауға үйрету;

- бейімделген (бастапқы деңгейде) немесе аз бейімделген (жалғастырушы деңгейде) мәтіндерді оқыту дағдыларын қалыптастыру;

- оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын жаздыруға үйрету;

- студенттерді тірек сөздерді анықтауға; сұрақ немесе жоспар құрастыруға үйрету;

- сөздікті және анықтамалық әдебиетті дұрыс қолдануын үйрету [3].

Сонымен, шетелдік студенттерді жоғары оқу орнына дайындаудың, оқуға түсуге, жоғары оқу орнында оқуға дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар. Оқытудың практикалық мақсатына жету үшін тілдік, сөйлеу, оқу, кәсіби, мамандық және әлеуметтік-мәдени міндеттерді кешенді шешу керек.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Щукин А.Н. Методика преподавания русского языка как иностранного: Учеб. Пособие для вузов. – М.: Высшая школа, 2003.

  2. Т.И.Капитонова, Г.И.Кутузова и др. Методические рекомендации для преподавателей общеобразовательных дисциплин, слушателей ФПК по единому языковому режиму. – Иркутск, 1986.

  3. Основы научной речи / Под ред. В.В. Химика, Л.Б. Волковой. – М.: Издательский центр «Академия», 2003.


В статье рассматриваются особенности подготовки иностранных студентов к обучению в вузах.
The special methods of teaching foreign students and preparation to the study in the universities are considered in the article.
Мақалада жоғары оқу орындарында шетелдік студенттерге білім беру дайындығының ерекшеліктері қарастырылады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет