28
-танымдық процестерінің, эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
-байланыстырып сөйлеуін анықтау;
-тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру денгейін анықтау.
Логопедиялық тексеру барысында алынған мағлуматтарды жинақтап,
талдап, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтауда толығымен келесі қағидаларға
сүйену қажет:
-даму қағидасы;
-жүйелік;
-сөйлеу тілінің бұзылыстарын психикалық дамудың басқа жақтармен
байланысты көрсету.
Логопедиялық тексеру қағидалары
Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың өзінің диагностикалық және
коррекциялық іс-әрекетінде негізгі теориялық ұстамдарды басшылыққа алуы
деп түсіну қажет.
Диагностикалық және коррекциялық
жұмысты ұштастырудың басты
теориялық негізі Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің
еңбектерінде қарастырылған компенсаторлық
және даму заңдылықтары,
баланың дамуының қозғалтқыш күштері туралы ілімдері болып саналады.
Тексерудің бірнеше қағидалары белгілі:
1. Жүйелі тексеру қағидасы сөйлеу тілінің әр түрлі компонентерінің:
дыбыстық,
фонематикалық,
лексикалық,
лексикалық-грамматикалық
жағының жүйелі байланысына негізделген.
2. Кешенді ықпал – сөйлеу, интеллектуалдык, танымдық іс-әрекетінің
мағлұматтарымен қатар көру, есту, қимыл сферасы, соматикалық жағдайы,
жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
3. Іс-әрекеттік қағида. Аталған қағиданың іске асыру - түзету
жұмысының
мақсатын, бағытын анықтап, түзету тәсілдерін, жұмыс
барысында қолданатын іс-әрекет түрлерін (ойлау, оқу, танымдық)
анықтауға мүмкіндік береді.
4. Динамикалық тексеру қағидасы- баланы оқыту процесінде бақылап,
тексеріп оның потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауды көздейді.
5. Онтогеникалық қағида. Тексеру және түзету жұмысын
ұйымдастыруда баланың
онтогенезде сөйлеу тілінің, психикалық даму
заңдылығын ескеру.
6. Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру және түзету жұмыс барысында
алынған мағлұматтарды сапалы талдау қағидасы динамикалық тексеру
қағидасымен тығыз байланысты. Барлық аталған қағидалар өзара тығыз
байланысты және бұл қағидалар түзету жұмысында кеңінен қолданылады