337
- әріпті,
буынды
тастап кету;
- алмастыру;
- шатастыру;
- қосып
жазу.
- сөзді бөліп
жазу;
-
сөздерді бірге
жазу;
- контаминация
- сөйлем шегін
айырмау;
- аграмматизм
- (сөйлемдегі
сөздердің
байланысының
бұзылуы)
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуына арналған арнайы әдебиеттерде осы
кезеңге дейін терминологиялық жағына
және ауытқулардың себептеріне,
жазудың бұзылуының анықтамасына байланысты бірдей көзқарас
қалыптаспаған, сондықтан әртүрлі авторлардың жұмысында дисграфияға әр
түрлі анықтама беріледі.
Қазіргі кезеңдегі зерттеулер және көп жылғы өзінің бақылау, жұмыс
тәжірибе негізіне сүйене отырып А. Н.
Корнев дисграфияға мынындай
анықтама берді:
«Көруі, естуі және интеллектісі мен сөйлеу тілінің
жеткілікті дамуына қарамастан графикалық ережелерге сәйкес жазу
дағдыларын меңгере алмауын – дисграфия деп атау қажет».
«Дисграфия - жазуда әріпті алмастыру, сөздің дыбыстық-буындық
құрамының бұзылуы, сөйлемде
жеке сөздердің бірге жазылуы,
аграмматизмдері тұрақты және қайталанып келетін қателермен сипатталатын
жазу үрдісінің жартылай бұзылуы (Дефектология сөздігіндегі анықтама).
Дисргафияның классификациясы
Дисграфияның классификациясы түрлі критерийлер негізінде іске
асырылады: бұзылған анализаторларын,
психикалық функцияларының
бұзылуын, жазу операцияларының қалыптаспағандығын ескеру.
О. А. Токарева дисграфияның үш түрін бөледі:
акустикалық,
оптикалық, моторлы.
Акустикалық
дисграфия
кезінде
естіп-қабылдаудың
ажыратылымдығының, дыбыстық талдау мен жинақтаудың жеткілікті
дамымауы байқалады. Артикуляциясы және дыбысталуы бойынша ұқсас
әріптерді жиі тастап кету, алмастыру, сонымен
қатар жазба жұмыстардан
дыбыс айтудың бұзылысы айқын көрінеді.
Оптикалық дисграфия көру әсері мен бейнелердің тұрақсыздығымен
байланысты. Жеке әріптер түрліше қабылданады. Көріп-қабылдауы нақты
болмағандықтан, олар жазуда алмасады. Көбіне келесі қол жазба әріптерді
алмастыру кездеседі:
П – Н, П – И, У – И, Ц – Щ,
Ш – И, М – Л, Б – Д, П – Т,
Н – К.