I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет215/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   224
24344 (1)

1-педагогикалық тапсырма 
Сабақ үзіндісі бойынша әдістеменің авторын анықтау.
Логопед: - Сен не істеп жатырсың?


457 
Бала: - Мен жалаушаларды жабыстырып отырмын.
Логопед: - Ал сен, Сауле, не істеп жатырсың?
Бала: - Мен де жалаушаларды жабыстырып жатырмын.
Логопед: - Ал сен, Асхат, не істеп жатырсың?
Бала: - Мен көк жалаушаларды жабыстырып жатырмын.
2-педагогикалық тапсырма 
Сабақ үзіндісі бойынша тұтықпаны түзету әдістемесін анықтау: 
Логопед: - Тыңдаңдар, сосын артынан қайталаңдар, мен еденнен допты 
көтердім. 
Бала: қайталайды
Логопед: - Бұл доп – ашық көк түсті
Бала: қайталайды.
3-педагогикалық тапсырма 
Логопед В. И. Рожденственскаяның әдістемесі бойынша сабақ 
жүргізеді. Бірінші сабақтан спонтанды сөйлеу тілін жаттықтырады. Логопед 
дұрыс жасады ма?
4-педагогикалық тапсырма 
Сабақ С. А. Миронованың әдістемесімен жүргізіледі.
Екінші сабақта логопед бір балаларға бір құрамды жауаппен, басқаларға – екі 
құрамды жауаппен жауап беруін талап етеді.
Талдаңдар. 
 
 5-педагогикалық тапсырма
Логопед М. А. Чевелева әдістемесі бойынша сабақ жүргізеді.
- босансу жаттығулары;
- тыныс алу жаттығулары;
- дауыс жаттығулары;
- сөздік жаттығулар (сөз бен қимылды үйлестіруге арналған);
- сөздік үстел үсті ойындары, мәтінді айту.
Сабақтың үзіндісін талдап, қорытынды жасау.
IX. 
Кестені толтырыңдар.
8-кесте. Мектепке дейінгі тұтықпа балалардаы оқыту және тәрбиелеу 
бағдарламасының мазмұны. 
Квартал 
Сөйлеу тілі түрі 
Көрнекілік 
1 квартал 
2 квартал 
3 квартал 
4 квартал


458 
Х. Тұтығатын балалар үшін арнайы балабақшаның бағдарламасынан әр 
кварталдың міндетін және мазмұнын жазып алу.
ХІ. Тұтығатын балаларға арналған арнайы балабақшаның жұмысының 
перспективті жоспары негізінде сабақ жоспарын құру.
Топтағы студенттермен талдау.
ХІІ. Тұтығатын балалаға арналған арнайы балабақшаның кварталды және 
сабақ жоспарымен танысу. 
ХІІІ. Педагогикалық тапсырманы орындау.
 1-педагогикалық тапсырма 
Логопедиялық сабақ үзіндісін талдау. Сабақ конспектісі қандай 
әдістеме бойынша құрылған? Жұмыс деңгейін анықтау.
Логопед: - Сен оң жаққа неше таяқша қойдың?
Бала: - екі 
Логопед: - Ал сол жаққа ше?
Бала: - бір 
Ескерту: Баланың сөйлеу тілі толық емес жауаптан тұрады, ол тек көз 
алдындағы заттың атын атаумен шектелген.
2-педагогикалық тапсырма 
Түзету жұмысының негізгі бағыттарын анықтау.
Бала туралы мәлімет: Асель О. 5 жас. Қыз зиялы отбасында 
тәрбиеленеді. Айналасындағылардың сөйлеу тілі мазмұны жағынан қиын
жылдамдығы жағынан тез. Тыныш, тілалғыш бала болып өсуде. 
Өзбетіншілікке, қалауына жетуге талпынысын көрсетпейді. Ересектер 
баланың өзбетіншілік әрекеттерін оятпайды, керісінше инициатива әрқашан 
олардың қолында. Сәтсіздікке жоғары сезімділік, өзіне сенбеу әдеті қызға 
тән.
Сөйлеу тілі жай, сенімсіз. Зерттеу барысында өзіне сенімсіз, бірде-бір 
конструкциялық тапсырманы өзі орындамайды.Үлкендермен қарым-
қатынасы нашар.
Ата-аналарға ұсыныс:
1-педагогикалық тапсырма 
Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі 
бағыттарын анықтау.
Бала туралы мәлімет: Ата-аналар қызының күшейген тұттықпасы 
жайында келген. Сөйлеу тілі нашар, сөздік қоры аз. Анасы қызының 
балабақшадағы басқа балаларға қарағанда тапсырманы баяу орындайтынын 
айтты. Үйде баланы жылдамдыққа тәрбиелейді, тапсырманы баяу орындаса 
жазаланады.
Ата-аналарға ұсыныс:


459 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет