493
ГЛОССАРИЙ
Аграфия (гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі
кемшіліктеріне
байланысты жазу қабілетінің бұзылуы.
Алексия (грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу
қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және
сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты.
Анамнез (грек т. anamnesis- еске түсіру)-
ауру адамның тұрмыс жағдайы
және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы
мағлұмат.
Анартрия ( гр.т.arthroo
-буын) – сөйлей алмау.
Анартрия дизартрияның ауыр
түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу
қабілетінен толық айырылу.
Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі
тітіркендіргешерін жеке
элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм.
Аппарат (гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі
ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас
қорыту
аппараты, артикуляциялық аппарат).
Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі
мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары,
атқаратын қызметтері.
Афазия (гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай
немесе толығынан сөйлеу
қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан,
мидағы абсцесс, энцефалит
ауыруларының негізінде пайда болады.
Белсенді сөз қоры- сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер.
Билингвизм ( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу.
Брадилалия (гр.т.-lalia -сөйлеу) –cөйлеудің баяулауы.
Достарыңызбен бөлісу: