149
Дер кезінде басталған осындай игі істердің – ауытқушылығы бар
балаларды емдеу–түзету жұмысының – қарыштай дами бастауы оң
нәтижелерін беруде. Дамыған мемлекеттерде
арнайы оқыту баланың жеке
басындағы мәселені ғана шешуге бағытталған. АҚШ мамандары ата–
аналарға кеңес беру, оларды ауытқушылығы бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеу ісіне белсендіру жағынан мол тәжірибе жинақтаған. Шетел
тәжірибелері балалар дамуын ата–ана тарапынан бақылау ісіне негізделген.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының денсайлық сақтау
саласында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Мамандандырылған
орталықтың атқаратын жұмысы мүмкіндігі шектеулі балаларды ата –
аналармен бірлесіп емдеу–түзету жұмысының мақсатына бағытталған.
Жұмыс талабы – ауытқушылығы бар бала міндетті түрде
жанұямен бірге
болу керек.
Даму барысында ауытқушылығы бар балаларды «Республикалық
ғылыми – тәжірибелік әлеуметтік қоршаған орта мен кәсіби еңбекке бейімдеу
орталығын» үлгі ретінде мысалға алуға болады.
Дәрігер мамандар мен логопедтердің бірлескен жұмысы дұрыс тыныс
алу, жалпы және жеке қимыл–әрекеттерді түзету, дамыту бағытына сәйкес
жоспарлануға тиіс. Дәрігер психолог–педагог тарапынан ата–аналарға
берілетін көмек пен кеңес негізінде бағдарлама жасалынуда.
Түзету жұмысының негізгі өзегі жанұяға тікелей байланысты
болғандықтан, жұмыс жүргізудің төмендегідей түрлері көзделеді:
Жанұя ықпалы (психологиялық , ақпараттық)
Ата – аналарды жекелей дамыту бағдарламасы бойынша түзету,
орнықтыру әдісін дамытуға қажет қосымша құралдармен қамтамасыз ету.
Маман ата – аналармен кеңесінде тексеру сұрақтарын беріп
отырады, жанұя мен бала жайында қосымша мәліметтер жинайды, ата–ана
тарапынан туындаған түрлі сұрақтарға жауап береді.
Теориялық және әдістемелік жағынан ерекшеленген бағдарлама негізі
тікелей қағидалауды қажет ететін баласы бар ата–аналарға көмек ретінде әрі
ата–ананың көңілін аударып,
қызығушылығын арттырып, «ауырын»
жеңілдету мақсатына көзделген.. Бұл жұмыс балаға қажет көмек түрін жан –
жақты талдау барысында ата – аналардың тұйыққа тірелгендігі мен салғырт
жауабының салдарынан пайда болады. Логопед , психолог, тәрбиеші және
ата–ананың қоян–қолтық байланысы арқылы ғана сөйлесу тілінің мүкістігін
түзетуге, жеңілдетуге болады. Алайда ата–ана кейде өзіне қиындық туғызған
жағдайда түрлі көмек көзіне баруға қарсы мінез танытып отырады.
Қазіргі кезде әрбәр білім беруші мекемелерде, тәрбие беруші бала–
бақшаларда писхолог–педагог
тарапынан берілетін кеңес, көмек түрлері аз
емес. Әр облыс, қала, аудан орталығында бала кемістігін түзеу, дамыту,
тәрбиелеу және жанұя дәрігерінің арнаулы бөлімдері бар.
Түзету жұмысына байланысты мемлекеттік ұйымның құрылуы
педагогикалық ,дәрігерлік, экономикалық, әлеуметтік саяси мәселелердің де
дұрыс әрі оңтайлы шешілуіне ықпалын тигізеді.
150
Орталық нерв жүйесі зақымданған балаларды тәрбиелеуде, оқытуда,
дамытуда ата–аналардың рөлі өте зор.
Белгілі бір кемістігі бар бала өзін қоршағандардан тек көңіл аударуын
ғана емес, сонымен қатар ең бастысы – үзбей әрі жүйелі түрде дамыту, түзету
барысында жүргізілетін еңбек түрін табанды түрде қажет етеді.
Мұндай
қасиетті олардың дүниеге келген сәтінен – ақ байқауға болады. Егер балаға
көмек толығымен әрі жан – жақты түрде берілсе, сөз жоқ, еңбек өз нәтижесін
беріп, мектеп табалдырығын сенімді түрде аттатуға болады. Сол себепті
қажет болар білім ауқымымен, дағдымен, икемділік жайындағы мағлұматпен
ата–аналарды қаруландыру ісінің маңызы зор.
Баланы дұрыс тәрбиелеуді, жақсы әдет, дағды қалыптастыруды ерте
бастан
ескере отырып, баланың ар–намысына, ожданына, пәк сезіміне дақ
түсірмеуді ойлау керек. Әр сөзді дұрыс айтуға, өз ойын, пікірін дәл жеткізуге
баулу – түзету, емдеу жұмыстарын неғұрлым ерте, нәтижелі етіп құруға,
ерінбей–жалықпай еңбектене отырып, баланың өзіне деген сенімін орнату –
ата–ана үшін басты мақсат болуы тиіс.
Дизартрисы бар балалармен атқарылатын жұмыс ауқымы оны түзету
мен жан–жақты дамытуға байланысты қарастырылған.
Әдет пен әдепке үйрену де үй ішінде тамыр алатындықтан, ата–ана мен
логопед маманның қоян–қолтық тынымсыз еңбегі ғана баланы әрі түзетеді,
әрі рухани серпіліске апарады. Мұндай баланың өмірге деген құлшынысы да
артады, қызығушылығы да оянады, ортада өзін еркін ұстауға да икемделеді.
Түзету жұмыстарының
барлық сатысын қамтып, қояр талабын үнемі
әрі жүйелі түрде орындаса ғана, логопед жұмысының нәтижесі болмақ.
Төмендегі
ұсынылып
отырған
әдіс–тәсілдер
жиынтығы
жаратылысында кемістігі бар балаларды түзету барысында атқарылатын
жұмыстарға сәл де болса көмек ретінде қсына отырып, белгілі бір нәтиже
шығатынына сеніміміз мол.
Үй ішінде орындауға болатын жаттығулар тобы да осы мақсатқа
лайықталынып алынған.
Достарыңызбен бөлісу: