155
қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі болғанына байланысты.
Ашық ринолалияның функционалдық тексеруінде қатты және жұмсақ
таңдайында органикалық өзгерістер байқалмайды.
Дауысты дыбыстардың
айтылуының күрделі бұзылуы функционалдық ашық ринолалияның негізгі
белгісі. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде таңдай мен жұтқыншақ
жақсы
қабысады
және
олардың
үндері
мұрыннан
шықпайды.
Функционалдық ашық ринолалияның болжамы органикалыққа қарағанда
едәуір қолайлы. Ол фониаторлық жаттығулардан кейін жойылады, ал дыбыс
айтуының бұзылуы дислалияны түзетуінде
қолданатын тәсілдер арқылы
жойылады.
Бітеу (жабық) ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы
кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы
қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын
полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының
майысуы және басқалары
себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым-жартылай дауыс
қалыптасу барысында өшеді, дауыс бір қатар обертонын жоғалтады, мұрын
жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын
резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б’, д, д.
Бітеу
ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады.
М. Зееман бітеу ринолалияның екі түрін ажыратады:
алдыңғы бітеу
және артқы бітеу ринолалия.
Алдыңғы бітеу ринолалияда ауаның мұрын қуысынан өте алмайтыны
байқалады.
Мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршығының қалыптан тыс
ұлғайып кетіп /гипертрофия/, тұрақтап ұзаққа созылуынан /хроникалық/,
мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісінуінен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: