I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет116/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   224
24344 (1)

Моторлы (экспрессивті) алалия– мағыналық және сенсомоторлық 
операцияның біршама сақталуы кезінде сөз сөйлеудің зақымдану 
барысындағы тіл операцияларының қалыптаспауымен шартталған орталық 
органикалық сипаттағы экспрессивті сөйлеудің жүйелі дамымауы. 
Моторлы алалия әртүрлі сөздік және сөзсіз симптомдар кешені 
кездесетін күрделі синдромға жатады. 
Сөйлеу тілінің симптоматикасы.
Моторлы алалиядағы сөйлеу тілі 
дамымауы жүйелі сипатқа ие, ол сөйлеу тілінің барлық компоненттерін 
қамтиды: фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық . 
Негізгі белгілері бойынша 2 топқа бөлуге болады: 
1. 
фонетикалық-фонематиканың дамымауы (олардың саны аз). 
2. 
лексика-грамматиканың дамымауы.
Біріншісі доминантты жартышар қабығының орталық моторлы алалиясының 
төменгі бөлімдерінің зақымдануымен негізделген. Онда артикуляциялық
немесе басқа қимылдар жасағанда бұлшықеттерден түсетін тітіркенулері 
шоғырланады. 
Екінші топ бас ми қабығының моторлы аясының алдыңғы бөлімдерінің 
зақымдануымен негізделген (моторлы – премоторлы аясының төменгі 
бөлімдері және белсенді сөз аясы төменгі маңдай қатпарының артқы 
бөлімдерінде орналасқан). Алалиясы бар балалардың дыбыс айту жүйесінің 
дамуы сапалы және сандық ерекшеліктермен сипатталады, ол сөйлеу тіл 
дамуының әрбір кезеңінде әрбірінде байқалады. 
Нейрофизиологиялық зерттеулерде бас миының белгілі бір аяларының 
дамымауы салдарынан нәзік артикуляцияларды ажырату қиындайды. 
Сондықтан дыбыс айтуы және сөздің буындық құрылымы қалыптаспайды 
(Р.А.Белова – Давид, И.И.Трауготт).
Психологиялық–педагогикалық жұмыстарда (Р.Е.Левина, В.К.Орфинская, 
А.К.Маркова, Е.Ф.Соботович, О.Н.Усанова т.б.) фонематикалық бұзылыстар 
алалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық 
жағының даму ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырады. 
Фонетикалық жағының дамуы сөз қорының дамуына тәуелді және онымен 
белгіленеді. Дыбыстар кейбір жағдайларда өзінен-өзі сөз қорының дамуы 
салдарынан пайда болады, алайда олардың сөз құрамында қолдануы қиын 
болады. Ол туралы сөздің дыбыстық құрамын балалардың қайталағанда 
жіберген қателерден білуге болады (жеке дыбыстарды дұрыс айтқан кезінің 
өзінде сөз құрамында қате жібереді). 
Кейбір жағдайда сөз қорының молаюының арқасында жаңа дыбыстар 
пайда болады, басқа жағдайда ең алдымен жеке артикуляциялар қалыптасып, 
сөздерде бекиді. Сөйлеу тілінің жеке элементтерін бір бүтінге біріктіруде 
қиындықтар байқалады. 


258 
Қалыпты жағдайда артикуляциялық қимылдар және олармен 
байланысты кинестетикалық импульстар (сөйлеу аппаратынан бас ми 
қабығына баратын) дыбыстық талдау және жинақтау процестерінде үлкен 
рөл атқарады, сөздің дыбыстық құрамын анықтауға, дыбыс қатарының 
қажетті кезектілігін сақтауға көмектеседі. Алалияда бала сөздегі 
дыбыстардың, фразадағы сөздердің дұрыс кезектілігін таба алмайды, бір 
сөзден екіншіге ауыса алмайды. Мұның салдарынан парафразиялар, 
ауыстырулар, персеверациялар көбейіп, негізгі жүйке процестерінің 
қимылдары бұзылып, сөз қимыл анализаторындағы қозу мен тежелудің 
тұрақталған аялары пайда болады. Ол моторлы алалиясы бар балалардың 
есту қабілеті қалыпты және сөзді түсінуін сақталғанымен, параличпен 
күрделі парездері (артикуляциялық мускулатураның) жоқ болған жағдайында 
өзіндік сөйлеу тілі дамымай, көп уақытқа дейін жеке дыбыстар, сөздер 
деңгейінде қала береді. 
Бас ми қабығының жетілмеу деңгейі неғұрлым көп болса, сөйлеу 
дағдысының қалыптасуы анағұрлым күрделі болады. Артикуляциялық 
праксис бұзылыстарымен сөз қимылдарының ұйымдастырылуы арасындағы 
байланыс байқалады. Яғни сөйлеу тілінің фонетикалық жүйесі бір жағынан, 
екінші жағынан сөйлеу тілін қабылдап түсінуі. 
Н.Н.Трауготтың зерттеулері бойынша моторлы алалиясы бар 
балалардың 70% айтылған сөзді жақсы, толық түсінеді, 20% түсінуі сәл 
төмен, 10% түсінбейді.
Балалар дыбыстық қабылдауының анықсыздығынан тек фразаның жеке 
элементтерін қағып алып, біркелкі мағыналық құрылымда байланыстыра 
алмайды. Түсінудің мұндай шектеулілігі негізгі ақаудың екіншісі белгісі 
болады (өз сөйлеу тілінің дамымауы). Балалардың белсенді сөз қоры өте 
кедей болғанымен, енжар сөз қоры жеткілікті болып келеді. Бір қарағанда 
сөзді түсінуімен балалар кейбір күрделенген сөйлемдерді түсінуде қиналады. 
Түсінудің әр түрлі деңгейлері белгілі: грамматикалық формаларды мүлдем 
түсінбеуден, жеке грамматикалық құрылымдарды түсінудегі қиындықтарға 
дейін.
Алалияда сөз бен фразаның ырғақтық құрылымының қалыптаспауы 
байқалады. Сонымен қатар сөйлеудің әуезділігі, жылдамдығы, ырғақтылығы 
бұзылады. Сөздерді қайталағанда нұсқасын нақты айтпайды, сөздердің 
орнына бірнеше бұрмаланған түрлерін айтады: февраль- «фраль», «вираль», 
«фараль», қызанақ – «қанақ», «қызақ», «зазанақ» т.б. Сөз қоры көбейген 
сайын сөз құрамын меңгеру қиыншылықтары да күшейіп, көзге түсе 
бастайды. 
Моторлы алалиясы бар балалардың сөз қоры өте баяу, бұрмаланып 
дамиды, әңгімелеуде қате қолданылады. Лексикалық–семантикалық 
құралдардың кедейлігі ұқсастығы бойынша алмастыруларға әкеп соғады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет