182
М және
Н дыбыстарын бұдан ерте үйрету зиянды болуы мүмкін, себебі олар
ауызбен дұрыс
дем шығаруға кедергі жасайды; әсіресе осы дыбыстардан
кейін тұрған дауыстыларға. Жуан дыбыстар бойынша жұмысты аяқтап №2
кестені толық толтырамыз.
4 кезең. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.
Жіңішке дыбыстарды үйрету кезеңінде бала өз айтуында барлық жуан
дыбыстарды естіп үйренуі қажет (дәптерде олар әріптермен белгіленген).
Жіңішке дыбыстармен жұмыс міндеттері алдын-ала балаға түсіндіріледі.
Қосымша бұзылыстар (кереңдік, мүкіс құлақтық, дизартрия т.б.) жоқ болған
жағдайда балаға жіңішке дыбыстарды үйрету қиынға түспейді. Көбінесе олар
ішкі себептермен пайда болады. Бірақ қиындықтар да, болуы мүмкін.
Жіңішке
дыбыстарды
айту
тілдің
арқасының
орта
жағының
артикуляциядағы қатысымен сипатталады. Жуан және жіңішке дыбыстар
еріндердің зорлану деңгейімен ажыратылады (айрмашылығы бар).
Сондай-ақ, төменгі артикуляцияның дыбыстары
жіңішкертілгенде төменгі
ерін белсенді (зорлықпен айтылады), ал, жоғарғы артикуляцияның
дыбыстарында – жоғарғы ерін. Бұл құбылыс жіңішке дыбыстарды
қалыптастыруда қолданылады. Ерекше назар еріндердің белсенділігіне
аудару қажет (ұртты, ауыз бұрыштарын жылжыту).
Еріндер қозғалысының
симметриясына назар аудару қажет.
Жіңішке дыбыстар ауыз бұрыштарын жеткілікті түрде толық жылжытқанда
пайда болады, әрі балаға жіңішке дыбыстарды ауыз бұрыштарын сәл
ұзағырақ жылжытып көрсетуге болады. Жіңішке дыбыстармен жұмыс
кезектілігін жуан дыбыстардағыдай.
Достарыңызбен бөлісу: