I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет83/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   224
24344 (1)

Негізгі кезең 
1) Ауызбен демді (тынысты) ұзақ шығару кезінде дауыс қосу; 
2) Үзілмелі дауыссыз дыбыстарды айтқандағы ауызбен қысқа дем 
шығаруды қалыптастыру; 
3) Сонорлы дыбыстар тобын және аффрикаттарды айтуды қалыптастыру 
кезінде ауызбен және мұрынмен қысқа және ұзақ дем шығаруды 
ажырату, 


180 
4) Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру. 
Бұл кезеңнің сабақтарының негізгі мақсаты – бірінші кезеңдегідей, яғни 
артикулемаларды дамытумен бір уақытта сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды 
қалыптастыру. 
1 кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі 
дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі. Себебі үйретілген 
артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады. 
1 кезеңнің мақсаты – балаға демді ұзақ шығару кезінде дауысты қосуға
үйрету. 
Дауыс қосуды дауысты дыбыстар артикуляциясына сүйеніп жасауға болады, 
бірақ дауыссыз ф-дан дауыс шығаруды бастаған тиімді (бала екі дыбысты ф 
және в ажырата алады) . Қатаң Ф, ұяң в дыбыстарды айтқан кезде дауыстың 
қосылған – қосылмағанын білу үшін көмейдің қозғалысын бақылау керек. 
Ол үшін тактильді-вибрациялы бақылау қолданамыз. Баланың сұқ саусағы 
логопедтің көмейіне (қалқанша шеміршегінің үстіне (жоғарғы жағына)) 
қойылады да, логопед балаға түсіндіреді. Дауыссыз тыныс шығарғанда (ф-
дыбысында) көмей жұмсақ, ал, дауыс қосылғанда (в -дыбысында) көмей 
қатайып алға қарай қозғалады да, бұл қатаю дауыс естіліп болғанша 
байқалады. Бұл құбылыстың механизмі оңай түрде балаға түсіндіріледі ( бұл 
қатаюдың болу себебі дауыс перделері жақындап көмейді алға қозғалтады). 
Бала қатаюды өзінің тамағында сезінуі және есінде сақтауы керек. 
Жұмыстың бұл кезеңінде №2 кестеде тағы бір бөлім пайда болады: 
дауыспен бірге дем шығару. Артикулеманы айту сәйкес әріппен белгіленеді. 
Яғни бала өзінің дыбыс айтуын есту арқылы қадағалауы керек. Сонымен, №2 
кесте мынадай болуы мүмкін: 
Дем алу Дауыссыз дем шығару 
Дауыспен дем шығару 
Ауыздың 
суреті 
Артикулемалар суреттері: 
а) дауысты дыбыстардың; 
ә) қатаң дауыссыз дыбыстардың және 
олардың әріппен белгіленуі. 
Сәйкес 
дыбыстарды 
әріппен белгілеу 
2 кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі 
қалыптастырылады: ауыз арқылы дем шығару. Баланың назарын 
шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет. 
Дем шығарудың бұл түрін меңгеру п,б,т,д,к,қ,ғ,г дыбыстарын қалыптастыру 
кезінде жүргізіледі. Қысқа дем шығаруға дайындық жаттығуы ретінде й 
дыбысын айту кезінде дем шығарып жаттықтыру алынады. Суреттері №1 
кестеде 1-ші, 2-ші қатардағы дауыстылардан кейін белгіленеді.
П дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді
шапшан (алақандағы мақтаны ұшыратындай) болатындай етіп, үрлеуі керек. 
Дәптерге артикуляция сызбасы салынады ( жабық еріндер). Кейіннен дәл 
осындай тыныс шығару б дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі 
(дауыстың қатысуы жоғарыда айтылғандай). 
Т дыбысын қою үшін тілдің ұшы жоғарғы тістер артында болып, жоғарғы 
альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді 


181 
(қысқа) дем шығару тілмен альвеолдар арасындағы қабысуды үзеді. 
Кейіннен Т және Д дыбыстарын дыбыстаумен айналысамыз. 
К дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға 
тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, 
ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі К 
дыбысын Т –дан қою әдістемесін пайдаланамыз.
Келесі жұмыс - Г дыбысын қалыптастыру . Қалыптастырылып жатқан 
дыбыстар біртіндеп №2 кестеге толтырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет