Ибн Жаузидың (Алла ол кісіні мейіріміне алсын) баласына жазған өсиетінің



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата08.04.2024
өлшемі3 Mb.
#497870
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ибн Жаузи Шелпек

@shezhimbai
түспей, құтылып қашып кетті. Арада көп жылдар өткен соң, ашар-
шылық заман болды. Ол сол кезде күн көре алмай, маған келді. Мен 
оған менімен оңаша қалуы үшін – 120 ділда бердім. Ол келісті. Сөйтіп 
мен оны жайлап икемдей берген кезімде, ол – мен саған арам жолмен 
арымды таптауыңа ризашылық білдірмеймін деді. Содан кейін мен 
оған тиісуге ұялып, оған қаттық ынтық болып тұрғаныма қарамай 
кетіп қалдым. Оған берген алтынымды қайтарып алған жоқпын. О 
Аллаһ, мен сол істі Сен үшін, шын ықыласпен істеген болсам, мына 
үңгірден бізді құтқар" деді. Сонда тас адам шыға алмайтындай, тағы 
да кішкене ысырылып ашылды. 
Үшіншісі: "О Аллаһ, мен бір жылдары жалшылар жалдап, жұ-
мыс істеткен едім. Солардың бәріне де өз еңбек ақыларын бердім. 
Бірақ олардың ішіндегі біреуі өзіне тиісті сыбағасын алмай кетіп 
қалған болатын. Сөйтіп жылдар өткен сайын, оның сыбағасы өсе 
берді. Ол қаншама жылдар өткен соң келіп, маған жалақымды беріңіз 
деді. Мен оған мынау көріп тұрған түйе, сиыр, қой – бәрі де сенің 
жалақың. Көбейген мал – бұның бәрі де сенікі, тіпті соларды бағып 
жүрген қызметшілер де сенікі дедім. Ол маған – мені келеке мазақ 
қылым тұрсыз ба? деді. Мен сені келеке етіп тұрған жоқпын, Құдай-
шылығымды айтып тұрмын дедім. Көбейген малдың бірін қалдыр-
май, алдына салып айдап кетті. О Аллаһ, мен сол істі Сен үшін, шын 
ықыласпен істеген болсам мына үңгірден бізді құтқар" деді. Сонда 
тас түгелдей ашылып, олар үңгірден шықты.
Суфиян Саури дүние салғаннан кейін, кейбір шәкірттерінің 
түсіне кіреді.
- "Раббың сенің күйіңді қалай етті?" дейді.
- "Қабірге түскен сәтте, Раббымның құзырында қалдым. Сол 
сәтте Суфиян, сен Раббыңды нәпсі қалауынан артық қылған сәтің 
есіңде ме? - деп сұрады. 
- " Иә. Осы кезде мені жәннатқа алып кетті" деген.


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет