21
@shezhimbai
ОН БІРІНШІ БӨЛІМ
ТАҚУАЛЫҚТЫ
ӨЗІҢЕ АЗЫҚ ЕТ
Балақай! Қашан
тақуалықты өзіңе серік етсең, бүкіл жақ-
сылықтың көзі ашылады. Тақуалық танытқан адам – өзгелермен ара-
ласу барысында шекара сақтап, дініне
зиян келтіретін амалдардан
алыс болады. Кім Алланың шекарасын сақтаса, Алла оны сақтайтын
болады. Алла елшісі Ибн Аббасқа былай деп айтқан:
«Алланың сызып берген шекарасын сақтасаң, Алла сені сақтай-
ды. Алланы алдыңнан табатын боласын».
Балақай мынаны есіңде сақта! Юнус пайғамбар алып кит-
тің ішінде болып, құрдымға кетейін деп жатқанда, жинаған азығы
– тақуалығы болды. Тақуалығы оны құтқарып шығарды. Ол жайлы
Алла Тағала:
«Егер ол Раббысын үнемі лайықты деңгейде ұлықтап, дәріптей-
тін жан болмағанда, Қиямет орнап, өлілер қайта тірілтетін күнге дей-
ін сол балықтың қарнында қалар еді».
8
Ал
перғауын болса, тақуалықты өзіне азық қылып жина-
мағаны себепті қиналған сәтінде жалбарынып дұға еткені ешқандай
пайда бермеді! Алла Тағала Құранда былай деп айтады:
«Енді ғана ма? Расында сен бұдан бұрын үнемі Аллаға қарсы
келіп, асы болдың һәм лаң салушы бұзғыншылардың бірі һәм біре-
гейі болдың».
9
Сол себепті өзіңе әрқашанда тақуалықты азық ет. Өміріңде
әсерін көресің.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Қандай да бір жас – бала жас
шағында Алладан қорқып, ізгі істермен шұғылданса, Алла оның қар-
тайған шағында дәрежесін көтеріп қояды» деген.
Алла Тағала Құранда:
«Сөйтіп ол ер жетіп, кәмелетке толғанда, оған асқан ақыл-па-
8 Саффат сұресі 143-144 аят
9 Юнус сұресі 91-ші аят