Ибн Жаузидың (Алла ол кісіні мейіріміне алсын) баласына жазған өсиетінің



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата08.04.2024
өлшемі3 Mb.
#497870
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ибн Жаузи Шелпек

@shezhimbai
расат пен даналық һәм ерекше ілім нәсіп еттік. Міне, Біз ізгілікке 
жаны құштар Алланың бақылап тұратынын жадында ұстап, игі істер 
істейтін ізгі жандарды осылай сыйға бөлейміз».
10
Басқа аятта:
«Кімде-кім асылық қылудан сақтанса әрі басына түскен та-
уқыметке сабырлық танытса, Алла ондай ізгі жандардың сауабын 
әсте зая етпейді»-деген. 
11
Балақай есіңде болсын! Тақуалықты азық қылу дегеніміз – 
өзіңді харам істерден тоқтатуың. Өзіңді барынша артық сөз сөйлеу-
ден тосуың. Әрқашан Алланың шекараларын сақтап, Алланың әмір-
лерін өзіңнің нәсіп қалауларынан жоғары қою. Үңгірге қамалған үш 
адамның қиссасы саған таныс болар?
Бұрынғы заманда үш кісі сапар шекті. Жолда олар түнейтін жер 
іздеп, бір үңгірге келді. Олар осы үңгірге кіріп, демалып жатқанда, 
таудан үлкен тас домалап келіп, үңгірдің аузына кептеліп қалады. 
Сонда олар бір-біріне мына үңгірден ешқашан шыға алмаймыз, тек 
осыған дейін істеген ізгі істерімізді айтып, Құдайға жалбарынсақ 
қана шығамыз десті. 
Олардың біріншісі – "О Аллаһ, менің жасы келген әке-шешем 
бар еді. Таң атысымен мен сол әке-шешемнің жағдайын жасамай 
тұрып, өз бала-шағам мен мал-жаныма көңіл аудармайтынмын. Тек 
бір күні бір шаруаны бітіре салайын деп, жүріп қалып, үйге келсем, 
ол екеуі кешкі астарын ішпей ұйқыға жатып қалыпты. Сөйтіп әдет-
тегідей келе сала екеуіне арнап, күнделікті ішетін сүттерін сауып 
дайындадым. Ол екеуінің шырт ұйқыда жатқанын көріп, екеуінен 
бұрын бала-шағам мен малды тамақтандырғанды жаным хош көр-
меді. Бала-шағамда кешкі астарын ішпеген, малдарға да жем беріл-
меген. Сөйтіп екі қолыма ыдысты ұстаған күйі, таң атқанша екеуінің 
оянуын күтіп, аяғымнан тік тұрдым. Таң атқанда ол екеуі оянып
сүттерін ішті. О Аллаһ, мен сол істі шын ықыласпен істегем болсам 
мына үңгірден бізді құтқар" деді. Сонда тас адам шыға алмайтындай 
кішкене ғана ысырылып ашылды.
Екіншісі: "О Аллаһ, менің қолымда жақынымның қызы тұрды. 
Мен оны қатты жақсы көргендіктен басыма арам ой келді. Сол ой 
мені азғырып, жаман әрекетке бастады. Бірақ ол менің құрығыма 
10 Юсуф сұресі 22-ші аят 
11 Юсуф сүресі 90-шы аят 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет