Мемлекеттік құрылымы
|
-Қағанатта басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты.
-Мемлекет басында жабғу болғанмен, олардың билігі әлсіз болды. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды.
|
766-775 ж.ж.
|
-Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтті.
-«Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Олардың Тараз, Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді.Атлах түбіндегі шайқасқа өздері де қатынасқан болатын. Сондықтан кауіп болдырмау үшін 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтті».
|
ІХ ғ. басы
|
-Қарлұқтар шығыстағы жауы Ұйғыр қағанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес жиырма жылға созылған.
|
840жыл
|
-Енесей қырғыздарымен одақтасып Ұйғыр қағанатын жеңді.
|
Білге Күл Қадырхан
қаған
|
-Ұйғыр қағанатын жеңгеннен кейін Испиджаб билеушісі Білге Күл Қадырхан өзін «қаған» деп жариялайды.
-Түркі әлеміне үстемдік ету ниетін білдірді.
-Отырықшылық пен қала мәдениетін дамытты.
-Қаған тұсында қағанаттың аумағы Алтай тауынан Ыстықкөлге дейінгі аралықты қамтыды.
|
Саманилер шабуылы
|
-Самани әулеті (820-1005ж.ж)билігі Орта Азияда орнады. 840 жылы саманилер ислам дінінің шекарасын кеңейту мақсатымен қарлұқтарға қарсы «ғазауат соғыс» жариялап, 840 жылыИспиджаб қаласын басып алды. Қала билеушісі Саманилер сарайына алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Испиджаб Оңтүстік Қазақстанда ислам дінін таратудың орталығына айналды.
|