VIII ғ. ІІ жартысында
|
-Оғыздардың Жетісудан Сырдария бойына ығысуына Қарлұқ қанатының құрылуыықпал еткен.
-Сырдария бойында жергілікті кангар – печенегтердің қарсылығына тап болды.Оғыздармен болған ұзақ жылдарға созылған күрес нәтижесінде кангар-печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған.
|
ІХ ғ.басында
|
-Оғыздар қимақтармен бірлесіп кангар–печенегтерді талқандап Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын жаулап алды.
|
Тайпалар атауы
|
-Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы:«бой», «оба», «көк».
-Оғыздар ұрықтар мен аймақтарға бөлінген. Ұрық атауымен рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталған.
- Ел–оғыздардағы тайпалық одақтар атауы.
- Тілі жағынан түркілене бастаған, арғы тегі финн-угорлар, үнді-еуропалық тайпалар құрамына енген.
|
«Оғыз» сөзінің шығуы
|
Әр түрліпікірлер бар:
«уыз» сөзінен шықты;
«садақтың оғы»;
«өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болған.
-Оғыздардың тотемі- қой.
|
ДЕРЕКТЕР
«Оғызнама»
дастаны
|
-Оғыздар тарихындағы бірқатар оқиғалар баяндалады.
-Оғыз мемлекетін құрған Оғызхан есімді тарихи тұлғаның ерліктері жырланады.«Оғыз қаған Ұлығ құрылтай шақырды. Оғыз қаған үлкен ордада отырды...Оң жаққа Бозоқтар отырды,сол жаққа Үшоқтар отырды. Бұдан соң ұлдарына жұртын үлестіріп берді».
|
Қытай деректері
|
-Оғыздардың құрамына кірген тайпалар: байандұр, имур, қайлар.
|
«Күлтегін» жазуы
|
-Күлтегінде жерлеу салтына қатынасқан түрік тайпаларының ішінде «оғыз білге таңбашының» (мөрші) болғандығы жазылған. Мұнда «таңбашының» немесе мөршінің оғыздардың атынан баруы оғыздардың көрнекті мемлекеттік дәрежеде болғандығын көрсетеді. Бұл жазбадағы «Тоғыз-оғыз халқы өзіме тән еді», «Күлтегін бек...оғыздардың арасына кірді»деген сөздер оғыздар мен Шығыс Түрік қағанаты арасында жақсы қарым-қатынастың болғандығын дәделдейді .
|
Әбу Дулаф
араб саяхатшы
|
-« Қаласы тастан, ағаштан салынған. Патшалары халыққа салық салып, алым жинайды. Үндістан және Син мемлекеттерімен сауда жүргізеді. Бидайды асқа қолданады, олардың елдерінде көкөністер жоқ»
|
М.Қашғари
|
-Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректерді береді.«Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде оғыздардағы 24тайпадан тұратындығы жазылған. ( бұл оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі).
-Жетісу және Ыстықкөл мен Шу аралығынмекендегені.
-М. Қашғари және әл-Марвази еңбектерінде оғыз тайпаларының қынық, баят, язғыр, имур, қарабұлақ т.б. атаулары көрсетілген.
|
Әл-Марвази
|
-Оғыздардың 12 тайпасы жөнінде жазады (12 тайпаға түскен кезі-ол тайпалардың бір-біріне қосылып, халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |