Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы



жүктеу 2.25 Mb.
бет1/12
Дата09.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы

пәнінен практикалық жұмыстарға арналған

оқу құралы

Павлодар


2010

ӘОЖ 636 32/38.(075.8)

КБК 46.6я73

П59
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

Бексеитов Т. К. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнология факультетінің деканы;

Базарбеков Қ. О. – биология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры;

Акильжанов Р. Р. – ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы.


Теміржанова А. А.

П59 Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін өндіру

технологиясы : пәнінен практикалық жұмыстарға арналған оқу

құралы. – Павлодар : ЭКО, 2010. – 99 б.


ISBN 9965-573-83-2

Әдістемелік нұсқауда «Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін өндіру технологиясы» пәнінен практикалық жұмыстарды орындауға нұсқаулар берілген, Дене бітімі, жүн, ет өнімі және жұптау,таңдау тақырыптары бойынша тапсырмалар берілген.

Оқу құралы зоотехния мамандығы бойынша оқитын студенттерге араналған.
ӘОЖ 636 32/38.(075.8)

КБК 46.6я73


ISBN 9965-573-83-2
ã Теміржанова А. А., 2010

ã С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Кіріспе
Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады.

Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді. Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр. Осыған байланысты бұл кітапта алға қойылған мақсат тәуелсіз мемлекетіміздің мал шаруашылығына маман дайындайтын оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне пән бойынша алған білімдерін тереңдетуге, зертханалық сабақтарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштастыруға сонымен бірге сабақтан тыс уақытта өздігінен дайындалуға да арналған. Бұл оқулықта мынандай негізгі мәселелер қарастырылып отыр:

- қой малының өсуі мен дамуы, сыртқы түр-сипаты, өнімділігі, қой өнімдерінің, қой малының сыртқы пішінімен, бітімімен байланысы және оларды анықтау жолдары;

- қой шаруашылығы өнімдері жүн, ет, елітірі, тоңдық тері, мәйек.Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізі, дайындау стандарттары, қой өнімдеріне (жүн, ет, елітірі, тері) қойылатын физикалық-техникалық-технологиялық талаптар жөніндегі нұсқаулардың негізгі ережелері (шикізат ретінде), қой өнімдерінен алынатын тауар-бұйымдар ерешеліктері;

- қойдың жоспарлық тұқымдарына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қой тұқымдары) сипаттама бере келіп олардың тұқымдық ерекшелігіне тоқталу;

- қой бонитировкасы бойынша жалпы жұмыстары, қой тұқымын өз төлі есебінен көбейтіп, өсіріп-жетілдіру, сапасын жақсарту, қой қоздату жоспарын құру.



1 Қойлардың экстерьері. Қойдың жасын тістері бойынша анықтау. Қойлардың қоңдылығын анықтау
Экстерьер – жануардың сыртқы бейнесі және дене бітімі. Ол сол дене бітімінің түрінің көлемінде қойдың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан, қой тұқымын асылдандыру жұмысында қойға сыртқы пішініне қарап, баға беруге үлкен мән беріледі.

Қойдың сырт пішініне қарап, мына төмендегі:

1) Дене бітімін бағалау;

2) Нәсілдік ұқсастығын анықтау;

3) Өзіндік ерекшеліктері мен өнім бағытын анықтау;

4) Жасын анықтау;

5) Қоңдылығынын анықтау;

6) Денсаулығын тексеру сияқты селекциялық мәселелерді шешеді.

Малдың пішініне дұрыс баға беру үшін, олардың дене мүшелерінің сыртқы көрінісін, ішкі ағзалары мен, өмір-тіршілігін және нақты өнімділік қаситтерімен байланысын таразылаған жөн.

Қойдың дене пішініне баға бергенде төмендегі негізгі денелердің сыртқы көрінісіне яғни бас, мойын, шоқтық, кеуде, арқа, бел, бөксе, аяқ, желін, жыныс мүшелеріне үйлесімділігіне, келбеттің келісімділігіне жеке-жеке мән беру қажет.


1-тапсырма. Қойдың экстерьерін бағалау әдісін сипаттау және танысу:

1) сипаттама беру (баллмен) – ;

2) Нүктелік өлшеу әдісі – ;

3) Фотосуретке түсіру әдісі –;



2-тапсырма. Қойдың экстерьерінің негізгі бөліктерін жануардың контурында және бөліктер өлшемдері алынатын нүктелерді белгілеу (1.1- сурет).


1.1-сурет

1.1-кесте – Қойдың дене өлшемдерін анықтау нүктелері



Өлшемдер

Өлшеу нүктелері

Құрал

Шоқтық биіктігі

Шоқтығының ең биік

нүктесінен жерге дейін



Өлшеу

таяғымен


Тұрқының қиғаш

ұзындығы


Тоқпақ жілік пен жауырын буынның алдыңғы жағынан шонданай сүйегінің шеткі нүктесіне дейін

Өлшеу

таяғымен


Кеуде тереңдігі

Шоқтығының ең биік нүктесінен төс сүйегінің жиегіне дейін

Өлшеу

таяғымен


Кеуде кеңдігі

Жауырынның артқы бұрышына қарай тігесінен

Өлшеу

таяғымен


Сербек аралығы кеңдігі

Мықын сүйегінің сыртқы шығыңқы шетінен

Циркуль

Жауырын тұсы нан кеуде орамы

Жауырынның артқы бұрышына қарай тігінен

Таспа

Сирақ орамы

Жіліншіктің астыңғы жағынан

Таспа

Өлшемдердің аталуы:

1) Шоқтығының биіктігі ; 2) Шонданай биіктігі 3) Дененің қиғаш ұзындығы; 4) Кеуде тереңдігі; 5) Кеуде кеңдігі; 6) Сербек аралығының кеңдігі; 7) Бас ұзындығы; 8) Бас орамы; 9) Жауырын тұсынан алған кеуде орамы; 10) Сирақ орамы;
Дене бітімінің индекстерін есептеуге арналған формула:
1) Ірілік = кеуде орамы * 100

денесінің қиғаш ұзындығы;




  1. Ұзын тұрқылық = денесінің қиғаш ұзындығы * 100

шоқтығының биіктігі


  1. Мықын-кеуделік = кеуде орамы * 100

кеуде тереңдігі (іші, қуысы)


  1. Сүйектілігі = сирақ орамы * 100

шоқтығының биіктігі


  1. Сирақтылық = шоқтығының биіктігі – кеуде тереңдігі * 100

шоқтығының биіктігі

3-тапсырма. Қойлардың қоңдылық категориясымен танысу және сипаттама беру және қойлардың қоңдылығын анықтау нүктелері.
1.2- кесте – Қоңдылыққа сипаттама

Қоңдылық категориясы

Қоңдылық сипаттамасы

Жоғары




Орташа




Орташадан төмен



Қойлардың жасын тістері бойынша анықтау. Жануарлардың туу мерзімі туралы мәліметтер болмаған, өндірістік жағдайларда олардың жасы сүт тістерінің тұрақтыға ауысуы бойынша, содан кейін күрек тістерінің қажалу деңгейі бойынша, одан әрі олардың арасында (күрек тістердің) саңылаулардың пайда болуы және олардың пішіндерінің өзгеруі бойынша анықталады (кесте 1.3).


1.3-кесте – Қойлардың тістерінің сипаттамасы

Жасы

Күрек тістері

Азу тістері

Тістер саны

1 апта

Қасқа тістер көрінеді

-

2

2 апта

Күрек тістер шығып болады

1-2-3 азу алды тістер

20

3 ай

-

1 азу тіс

24

9 ай

-

2 азу тіс

28

1-1,5 жыл

Қасқа тістер өзгереді

3 азу тіс

32

2 жыл

Ішкі орталық өзгереді

Азу тіс

өзгереді


32

2,5 жыл

Сыртқы орталық өзгереді

-

32

3-3,5 жыл

Шеткі тістер өзгереді, тіс доғасы түзеледі

-

32

4-5 жыл

Тіс доғасы қабысады, күрек тістер қажалады

-

32

6-7 жыл

Күрек тістер қатты қажалады, тіс аралық тесіктер, тістер босап түсе бастайды

-

32

Ересек қойдың тіс формуласы:


4-тапсырма.Қойдың жасын тіс аркадесі бойынша, тістердің аталуын белгілеп анықтау (1.2 - сурет ).

1.2- Сурет
5-тапсырма. Қой фермасында 3 қойға өлшеу жұмыстарын жүргізу және күйлілік (семізділік), созылғыштық, кеуделік, сүйектілігін анықтау.
1.4-кесте – Қойлардың негізгі өлшемдері

Көрсеткіш

Жануардың №, тұқымы, жасы, қоңдылығы










Шоқтығының биіктігі










Шонданай биіктігі










Денесінің қиғаш ұзындығы










Кеуде тереңдігі










Кеудесінің енділігі










Сербек аралығының кеңдігі










Жауырын тұсынан

алған кеуде орамы












Сирақ орамы










Конституциясын бағалау










Тікбұрыш жүйесі бойынша экстерьерін сипаттау










Индекстері: Ірілік, ұзын тұрқылық, мықын-кеуделік, сирақтылық










Жұмыс үшін қажеттілер: 1)түрлі бағыттағы қой тұқымдарының фотосуреттері және нақпішіндері (муляждар); 2)өлшеуіш таяқшалар, циркульдер, таспалар; 3) тірі нысандар – қойлар; 4) қойлардың тістерінің ауысуының кесте-ықшамсызбасы; 5) «Қойлардың өлшемдері» кесте- ықшамсызбасы; 6) МЕМСТ 5111-55. Союға арналған қойлар, ешкілер қоңдылығын анықтау; 7) тақырып бойынша тапсырмалардың түрлі нұсқалары.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет