Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет44/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

«Талас» жазуы

-Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған ежелгі түрік жазуларына берілген атау.Ескерткіштердегі жазулардан оның тек билік иелері немесе мемлекеттер арасындағы байланыс аумағында емес, қарапайым халық арасында кеңінен пайдаланғаны байқалады.
Отыз ұланның адал достары!Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» деген жолда елі, жері үшін құрбан болған достар туралы, оның жастығы, жыл мезгілі жайлы хабар жазылған.

Қимақ жазба дерегі

-Жанақ ибн Хакан әл-Қимақи кітап жазып, оны ХІІ ғасырда араб географы әл-Идриси қимақ елін сипаттаған еңбегінде пайдаланған. Қимақтардың қола айналарындағы бедерлер, олардың ІХ-Х ғасырларда ежелгі түркі жазуын пайдаланылғанын көрсетеді.
-Араб тілді грек ғалымы, тарихшы Йақұт әл-Хамауи өзі аралап көрген қимақ тайпалары туралы: «Кейін қимақ аталатын тайпаға жеттік. Жазық жерде алтынды кесек күйінде шығаратын кеніш бар. Сол сияқты өзеннің ағысынан алмас та табылады. Ол жерде жазуға арналған қалам жасайтын қамыс өседі»,-деп жазады.



ЖАЗБА ӘДЕБИЕТТІҢ ДАМУЫ

VIII ғасыр

-Түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келген кезең.
-Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны: 200-ден астам.

Көне ескерткіштер

-Руна жазуымен жазылған ескерткіштер Орхон, Тола, Селенга өзендерінің бойында таралған.Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері, Селенга тасы, Терхин бағанасы, Қарабалағасұн жазу т.б. бар.
-«Тоныкок» (716) ,«Білге қаған» (735),«Күлтегін» (732) жазулары– тарихи дастандар. Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген.Білге қаған мен Күлтегін құрметіне арналған жазулар шешендік өнер мен саяси прозаның тамаша үлгілері саналады.

  • «Күлтегін жыры»- түркі халқын ауызбіршілікке шақырады, сыртқы жауларға ұйымдасқан түрде қарсы тұруға, ежелгі ата-баб дәстүрін берік ұстануға елдікке үндейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет