Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет33/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Кәсіби сана-сезім – бұл кәдімгі жалпы сана-сезімдей, тек оның кәсіби тұлғалық мінездемесі мен ерекшеліктері бар. Бұл білімге, эмоциялық құндылықтарға, өзіне маман ретіндегі көзбен қарауды талап етеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің дәстүрлі мынадай компоненттері бар:
Конструкциялық – оқыту барысында өзінің іс-әрекеттерін де, өзгенің іс-әрекеттерін де жоспарлау;
Ұйымдастырушылық – педагогтың өзінің ойлаған ісін тәжірибеде жүзеге асыруы, оқу процессін, оқытуды, қарым- қатынасты ұйымдастыруы;
– Коммуникативті – педагогтың балалармен тіл табысуы;
Шығармашылық – педагогтың әртүрлі мақсаттарын орындауы, ізденісі, жаңалық кіргізуі, өзіндік ерекшеліктерін жұмыс барысында қолдануы.
Процессуалды тұрғыдан қарағанда, педагогикалық жұмысқа:
– алдыға педагогикалық мақсат қою;
– оларды шешудің түрлерін таңдау;
– өзінің де, өзгенің де (оқушының) іс-әрекетін талдау және баға беру, осы арқылы барлық құрамдас бөліктерге қажет болған жағдайда өзгеріс енгізу жатады.
Көптеген психологтар қарым-қатынасты педагог жұмысының тек бір саласы деп қарайды. Отандық психолог Л.М.Митина [51] педагогикалық қарым- қатынастың негізгі қызметтеріне сипаттама береді;

  • Хабарламалық – оқытушы мен оқушы арасында танымдық, эмоция- бағалау тұрғысында хабарлама алмасуы;

  • Әлеуметтік-естілім – оқыушы мен оқушының бірін-бірі қабылдауы, өзара түсіністік қатынас орнатуы, эмпатия (түсіністік, бірге бастан кешу) механизмін қолдануы;

  • Өзін-өзі таныстыру – педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларына өздерін көрсетуде үлкен көмек береді.

  • Интерактивті – бейнелермен, ұсыныстармен, іс-әрекеттермен, тәжірибемен бөлісу (интеракция – қарым-қатынас);

  • Аффективті – эмоциялық көңіл-күйді береді, жеңілдеу, психологиялық жайлы күйде болу, т.б.

Тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас бір-бірімен өте тығыз байланысты, олардың бірінсіз-бірінің күні жоқ, жеке тіршілік ете алмайды.
Тұлғаның ерекшелігі өзіне тән іс-әрекетпен, қарым-қатынаспен байланысты, ал қарым-қатынас пен іс-әрекет тұлғаның кәсіби өсуінің негізі болып табылады.
Жеке тұлғаның табысқа жетуіне негіз болып есептелетін оның өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері, кәсіби деңгейдегі қарым-қатынасы кәсіби шебердің ықпалдастық сипаттамасы – біліктілікті тудырады. Психологияда кәсіби біліктілікті анықтайтын, көрсететін әр түрлі амалдар бар. Мысал ретінде психолог А.К.Маркованың [52] талдауын келтірейік. А.К.Маркова бойынша, кәсіби біліктілік – бұл жоғарғы деңгейде жүретін педагогикалық жұмыс, педагогикалық қарым-қатынас, оқытушының жеке тұлғасының көрінуі, оқу мен тәрбие барысында оқушылардың жақсы деңгей көрсетуі.
Біліктілік құрылымында мұғалімнің жеке тұлғасы, педагогикалық жұмысы, педагогикалық қарым-қатынас және педагогтің табысты жұмысының нәтижесі – оқушылардың тәрбиесі мен оқуының жақсы көрсеткіші басты нәтиже болып табылады.
Мұғалімнің еңбегінің әрбір қыры мынадай құрамнан тұрады:

  1. кәсіби (объективті қажеттілік) психологиялық және педагогикалық білім;

  2. кәсіби (объективті қажеттілік) педагогикалық іскерлік;

  3. кәсіби психологиялық бағыт, кәсіптік талапқа сай оқытушылық нұсқау;

  4. оқытушының кәсіби білімі мен іскерлігінің деңгейін қамтамасыз ететін жеке тұлғалық ерекшеліктер.

Атап өтетін нәрсе, білім мен іскерлік мұғалімнің еңбегінің объективті сипаттамасы, ал жеке тұлғалық ерекшелік пен бағыт – кәсіби талапқа сәйкес субъективті сипаттамасы.
А.К.Маркова осы сәйкестікті педагогикалық кәсіптің «психологиялық модулі» деп атайды. Кесте арқылы көрсетейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет