5. Мектеп баласының өзін-өзі дамыту технологиясы
Бұл технология оқушының толық өзін-өзі дамытуына негізделген, ол 1-11 сыныпты толық қамтиды. Мақсаты – белсенді, өзіндік ойы бар, жеке азаматты, білімді, мәдениетті адамды, қайырымды отбасын, кәсіби мықты маманды, өзін-өзі дамытып отыратын адамды тәрбиелеу. Мақсат соңғы нәтижені анықтайды, ол өзіндік дамудың толыққанды деңгейі, оның анықтамалары:
Жігерлілік, өз-өзімен жұмыс істеу себептерімен байланысты;
Өзін-өзі дамыта алу;
Тұлғаның ерекшелігінің жоғарғы деңгейі, оның кез-келген іске дайын тұруы;
Адам ісінің шығармашылығы тұрғысынан;
Адам өзін жақсартуға, өз жеке тұлғасымен жұмыс істеудегі саналы іс-әрекеттері;
Тұлғаның құрылуындағы тиімді, қорытынды жағдайы.
Педагогикалық ұжымның, жеке педагогтың басты мақсаты – баланың жеке тұлғасын өзіндік өсуге итермелеу, оны әр жас мөлшерінде қолдап, ынталандыру, өзіне деген сенімін қалыптастыру, өсу жолында дұрыс бағыт беру.
Бұл технологияның ішінде 3 жүйе бар:
«Теория» – тұлғаның өсуінде теориялық оқыту жағын меңгеру;
«Практика» (іс-тәжірибе, дағды) – оқытушылардың өзін-өзі дамытуында өздерінің іс-тәжірибесінің қалыптасуы;
«Әдістеме» – пәндік оқуда әрі қарай даму.
«Теория» жүйесі. Өмірлік тәжірибеден түйіндеген қағида ретінде бұл жүйе балалардың өзіндік дамуын, шығармашылықта өздерін көрсете білудің әдісін ұйымдастыру болып табылады. Бұны мектепте клубтық жүйемен (шығармашылық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін өсіру) ұжымдық шығармашылықтарын дамытып, іске асыруға болады (И.П.Иванов әдісі бойынша) [48].
Мектептегі клубтың жүйені қолдану мынадай бағытта жүреді:
қоғамдық;
әдеби-эстетикалық;
денсаулық-дене шынықтыру;
экологиалық-биологиялық;
балалар туризмі мен өлкетану;
әскери-патриоттық;
техника үйірмесі;
оқу-ғылыми-зертеу.
Бұл бағыттардың мақсаты оқушылардың өздеріне ұнаған, қызықты тақырыпты таңдап, осы қосымша білім алуда өздерін көрсету болып табылады.
Бастауыш мектепте үйірмелердің басшылары И.В.Волковтың [49] технологиясымен жұмыс істейді.
Орта және жоғары сыныптарда «тәрбие орталығы», «өзін-өзі дамытудың ашық уневерситеті», «оқушылардың ғылыми бірлестігі» сияқты ірі структураларда әрі қарай дамыды .
Балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту жаңашыл-педагог И.В.Волковтың көптеген ұсыныстарын іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді, бұны сабақ аясында да, сабақтан тыс кезде де өткізе беруге болады, сонда балалар бір-бірімен топтасып жұмыс істеуге үйренеді, өз мүмкіндіктерін толық көрсетуге, не нәрсеге икемді екендерін өздері түсінуге мүмкіндік береді.
Г.К.Селевко [50] айтқандай, балалар бір сатыдан дамудың екінші сатысына өткенде олар өздерінің қоршаған ортасында, адамдар арасында болады, қарым-қатынас арқылы олар тәжірибе жинақтай береді.
«Әдістеме» жүйесі өзін-өзі белсендіру пәндік оқу тұрғысынан шешеді. Оның өзіндік ұстанымды белгілері бар:
1) оқу мекемелерінде оқу-тәрбие барысында өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік оқу-педагогикалық басшылықтаң артықшылығы, басымдығы;
2) оқытудан қарағанда өзі оқуына ерекше көңіл бөлінеді;
3) оқушыларың тек үйрену, білу жағына емес, өнегелік, адамгершілік іс-әрекеттеріне де көңіл бөлінеді;
4) оқушылардың жеке шығармашылығына көңіл бөлінеді;
5) оқудың неге керек екенін түсіну процессі белсендіріледі, қолдау көрсетіледі және ол рефлекстік ұстанымға өте бастайды;
6) педагогикалық үрдіс ақыл-ой қимылының дамуын қалыптастыруға өтеді;
7) жалпы білім мен үйрену үнемі және бір қалыпты қалыптастырылады.
Біз осы үш технологияны баланың жеке тұлғасын өсіруде қалай пайдалану керек екенін қысқаша айтып бердік. Егер осы міндетті алдыға қойсақ, оның орындалуы мүмкін емес дей алмаймыз, осы арқылы біз мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар мекемелерінде балаларды нағыз дұрыс азамат болып шығуға тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |