Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы



бет42/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Бірінші топтама педагогтың өзінің белсенділігі мен ерекшеліктерін сезінуге арналған;
Екінші топтама педагогтің өзін қарым-қатынас жүйесінде және балалармен, әріптестермен, әкімшілікпен және оқушылардың ата-аналарымен байланысын жақсартуды сезінуге бағытталған;
Үшінші топтама педагогтік қызмет жүйесінде өзінің белсенділігін арттыруға бағытталған.
Тренингтің төрт сатысы – дайындық, жете түсіну, қайта бағалау мен іс-әрекет.
Дайындық сатысында өзін-өзі өзгертуге түрткі болу қажеттілігі қалыптасады, топты біріктіру мәселесі шешіледі, тілектестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігі болады.
Екінші саты – жете түсіну-рефлекстік механизмдердің дамуымен байланысты. Ұғыну деңгейі байқағыштықтың әсерінен, салыстырудың, әр түрлі көзқарастарды талдаудың, бағыт-бағдарының, қабілет пен қабылдаудың әсерінен жоғары көтеріледі.
Ақпараттардың көптігінің нәтижесінен педагог қажетсіз іс-әрекеттен бас тартудың нәтижесінде кәсіби деңгейі мен жеке мүмкіншіліктерін бағалап, жете түсіне бастайды.
Қайта бағалау сатысында педагогта өзінің жағымсыз қылықтарының тікелей әлеуметтік ортаға әсерінің мәнін түсінуге тырысуы туындайды және жеке тұлғасын қайта бағалайды. Жайлап мұғалімдер өздерінің дербестігін сезінеді және өміріндегі маңызды нәрселерді өзгертуге қабілетін түсінеді.
Таңдау мен шешім қабылдау – осы сатының негізгі нәтижесі.
Төртінші саты – іс-әрекет – қорытынды. Педагог «Мен – концепциясының» өзгеруіне сүйене отырып, іс-әрекеттің жаңа тәсілін ресіми мақұлдайды. Факторларға тұрақтылығы, мінезін оң көзқарасқа өзгерте алатын қабілетін мадақтауы – бұл сатының негізгі нәтижесі. Педагогтың кәсіби сана-сезімінің дамуына байланысты жазылған бағдарлама тренингін енгізудің нәтижесін жүйелеп, Л.М.Митина мына қорытындыға келеді:
1. Психотүзету сабақтарының жүйесі арнайы тренингтің формасында педагогтың кәсіби өзін-өзі түсіну деңгейінде өзгертуіне белгілі мөлшерде әсер етеді;
2. Жұмыстың соңында педагогтар өздерінің кәсіби маңызды қабілетін бағалай бастайды, ашылмаған, бұрын байқалмаған өзінің «Менінің» шамасын сезініп, өзінің дамуына пайдаланады;
3. Педагогикалық қызметте қиындықтарды жеңуді меңгеру және өзін-өзі реттеу тәсіліне дайындау, психологиялық тренинг үрдісінде педагогтың кәсіби бағытта дамуына себепші болады. Тренинг жасаудың басқа да бағдарламалары бар. Мысалы, Т.Гордан өзін-өзі дамыту қабілетін қарым-қатынасқа бағыттауға арналған тренинг құрастырды. Оның міндеттері:
– оқушылардың эмпатикалық қарым-қатынастарын дамыту;
белсенді тыңдау әдетін дамыту;
– қиындық туғызатын мәселені анықтау әдетін дамыту;
– қиындығы жоқ аймақты кеңейту.

Тренингте мәселені шешудің 6 түрі қолданылады:


1) мәселенің қатыстылығын анықтау;
2) мәселенің шешілуіне себепкер болу;
3) «Мен» формасында бағалаудың шешілуі;
4) ең дұрыс шешімді анықтау;
5) орындалған шешімді анықтау;
6) таңдап алынған нұсқаның мәселені қаншалықты шешкендігіне баға беру.
Сонымен, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту үрдісінде педагогқа қандай мағынада қолдау мен көмек беруді көрсеттік. Ал педагогтың өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі әртүрлі білім беру мекемелерінде әр жастағы балалардың қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай болып табылады.
Қорытыта келгенде, педагогтың жеке тұлғасының құрылымы сан түрлі, ең негізгілері мыналар: педагогикалық бағыт, кәсіби белсенділік, кәсіби білімі мен іскерлігі, педагогикалық қабілеттілігі, педагогикалық ойы мен қиялы, кәсіби сана-сезімі. Педагогтің жеке мінезінің үйлесімділігі кәсіби тұрғыда жоғарғы деңгейге жетуіне себепші болады, педагогтық іс-әрекеті орындалады, тұлға қалыптасады, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа нәтижеге жетуіне мүмкіндік береді.
Кәсіби сана-сезім – бұл өзін кәсіпқой ретінде сезіну, өзінде іс-әрекет және қарым-қатынас кезінде көрінетін жеке ерекшеліктер. Оның өзіне тән құрылысы бар, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі реттеу ерекшеліктерімен сипатталады. Педагогтың оқушылармен өзара қарым-қатынасы және оларда «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыруда, өздеріне сенімді болу үшін педагогтың оң көзқарастағы «Мен» тұжырымдамасының болуы міндетті түрдегі шарт болып табылады.
Кәсіби өзін-өзі тануы түрткі болатын нәтиженің әсерінен мынадай жүйе пайда болады: Мен және Басқалар, Мен және Мен, Жоғары Мен.
Өзін-өзі танудың құралдары мыналар: педагогтың жеке іс-әрекетіне сараптамасы, өзін педагогиканың бірқатар дәстүрлі үлгілерімен салыстыру, басқа адамдардың баға беруі, кәсіптік деңгейін көтеруге арналған курстардан сабақ алуы, өзінің білімін жетілдіруі.
Кәсіптік деңгейде дамуы өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жігерлендіру жолымен жүруі мүмкін. Өзін-өзі кәсіптік деңгейде дамытудың екі үлгісі бар: бейімділік пен кәсіби дамуы.
Өзін-өзі қабылдау деңгейінің ара қатынасы немесе өзін-өзі жетілдіруге мақсат қоюына байланысты педагогты 4 түрге бөлуге мүмкіндік береді: өзін-өзі жігерлендіретін, өзіне көңілі тоқ, өзін-өзі танытатын және іштей кикілжіңге әуес.
Өзін-өзі дамытудың ішкі және сыртқы кедергілері бар, олар объективті және субъективті факторлармен байланысты.
Кәсіби өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту үрдісі әсерлі болу үшін, педагогтарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсету қажет. Ол үшін педагог мамандардың дамуын жаңаша басқару керек. Оған мына шарттарды орындау барысында қол жеткізуге болады:

  • «еркін кеңістік» туғызу ұстанымының талабына сай болу;

  • өзінің дамуын ұйымдастыратын субъект ретіндегі қызмет аясын кеңейту;

  • педагогтің өзін-өзі ұйымдастыруды өзгертуін оқыту;

  • тәжірибесі мен жеке мүмкіндіктерін есепке алу.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды қолдаудың тиімді үлгісі ретінде теориялық семинарлар, семинар-практикумдар, ғылыми практикалық семинарлар, өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын құрастыруға көмек, іскерлік ойындар, арнайы әлеуметтік-психологиялық тренингтер және т.б. ұйымдастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет