Іі. Негізгі бөлім Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы



бет4/7
Дата02.10.2023
өлшемі52.07 Kb.
#479497
1   2   3   4   5   6   7
Абылайхан ондиристик отчет

Ауыл шаруашылық дақылдармен салыстырғанда арамшөпттердің бірсыпыра биологиялық ерекшеліктері бар. Олардың ішінен мыналарды көрсетуге болады:

  1. Арамшөптер өте сезімтал келеді. М/ы, кәдімгі гүл тәжі арам шөбінің бір өсімдігі 500000 түйір тұқым береді

  2. Арамшөптердің тұқымы әртүрлі жолдармен кеңістікке тез таралады. М/ы, арамшөптердің тұқымы өздерінің тікенектері, қылқандарының көмегімен жел, су, мал, көлік, адамдар, құстар, көң арқылы т.б жолдармен таралады.

  3. Арамшөп тұқымдарының өсу кезеңі әртүрлі болады, соның арқасында олардың бәрі бір мезгілде шығып көктемейді, былайша айтқанда егін себер алдында бірден жойып жіберуге мүмкіндік жоқ.

  4. Арамшөптердің тұқымы топырақта ұзақ жатса да өзінің өсіп- өну қабілетін сақтайды.

  5. Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылыққа, ыстық, суыққа ) өте сезімтал келеді.

  6. Көптеген арамшөптер өзінің вегетативтік мүшелері арқылы өсіп-өнеді.

  7. Арамшөптердің тұқымдары топырақтың беткі қабатында – ақ немесе болмашы тереңдікте жаттып та жақсы өніп- өседі.

Біздің республикады 300- ге жуық арамшөп түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде 120 түрі паразиттік арамшөпті, оның ішінде 36 түрлі арам сояуды, 80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады. Мұнымен қатар 220 түрлі жартылай паразиттік арамшөптеер өседі. Арамшөптер осындай көп түрлі болғандықтан, оларды жіктеу қажет:
Жіктеу негізіне мына белгілер алынған:

  1. Өсімдікттердің қоректену әдісі

  2. Өмір сүру ұзақтығы

  3. Көбею тәсілі

Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптр үш топқа бөлінеді.

  1. Паразиттік арамшөптер

  2. Жартылай паразиттік армшөптер

  3. Паразиттік емес немесе жасыл арамшөптер

Паразиттік арамшөпттер дегеніміз – басқа мәдени өсімдіктер арқылы қоректеніп, өмір сүретін өсімдіктер.Мәдени өсімдіктің органдарымен байланыс жасауларына қарай паразиттік арамшөптер екіге бөлінеді.
Егер қоретік заттарды мәдени өсімдіктердің сабағынан алатын болса, онда бұларды сабақтық паразиттік арамшөптер дейміз. Бұған арам сояудың барлық түрі жатады.
Егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдіктің тамырынан алатын болса, онда оларды тамырлық арамшөптер дейміз.. Бұған сұңғылынын барлық түрі жатады.
Ең көп тараған парзиттік емес арамшөптер Олар органикалық заттарды өздері дайындайды және су мен онда ерілген минералдық заттарды жақсы жетілген тамырлары арқылы топырақтан алып бойына сіңіреді.
Паразиттік емес арамшөптер вегетациясының ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:
Аз жылдық арамшөптер
Көп жылдық арамшөптер
Аз жылдық арамшөптер дегеніміз- екі жылдан артық өмір сүрмейтін, соның ішінде бір – ақ рет тұқым беретін өсімдіктер. Олар тұқым арқылы көбейеді.
Көп жылдық арамшөптер дегеніміз – бірнеше жыл өсіп, соның ішінді бірнеше рет дән түйіп, ұрпақ беретін өсімдіктер. Олар тұқымынан да, вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет