Іі. Негізгі бөлім Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы



бет2/7
Дата02.10.2023
өлшемі52.07 Kb.
#479497
1   2   3   4   5   6   7
Абылайхан ондиристик отчет

ІІ. Негізгі бөлім


2.1. Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы

Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы:


- арамшөптер топырақтан көп мөлшерде ылғал алады, сондықтан қуаңшылық аймақтарда арамшөптермен күрес - ылғал үшiн күрес болып табылады.
- арамшөптер мәдени өсімдіктермен топырақтағы қоректiк заттар үшiн бәсекелестiкке түседi және олар қоректiк заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп алады.
- жоғарғы қат-қабаттағы арамшөптер мәдени өсімдіктердi көлеңкелеп, олардың фотосинтезiн нашарлатады.
- шырмалып өсетін арамшөптер (далалық шырмауық, шырмауық таран) екпе өсімдіктердің жатып қалуына әкелiп соғады. Бұл егiн жинауды қиындатып, өнімнің көп шығынына жол бередi.
- арамшөптер кейбiр ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерi мен ауру қоздырғыштарының мекендейтiн орны болып табылады. Мысалы, жатаған бидайық линиялық тат ауруы мен сымқұрттың таралуына мүмкiншiлiк жасайды. Күнбағыс сұңғыласы ащы жусанда тоғышарлық өмір сүредi.
- кейбiр арамшөптердің жемiстерi мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетедi. Ащы жусан астыққа жағымсыз иiс берсе, қыздырма үйбидайық, қара меңдуана араласқан дән улы болады. Ошаған, кәдiмгi кәрiқыз қойдың жүнiне жабысып ластайды. Ащы жусан етке ащы дәм бередi.
- тоғышарлық арамшөптер екпе өсімдіктердің фотосинтез өнімдерін пайдалана отырып, оларды әлсiретедi және қлтiредi. Мысалы, сұңғыла күнбағыста, дала арамсояуы көкөніс дақылдарында, картоп егiстiктерiнде, құлмақтас арамсояу қарақатта, таңқурайда тоғышарлық өмір сүредi.
- кейбiр арамшөптердің гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруларын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақты ойраншөптiң тозаңдары безгек ауруын қоздырады
- арамшөптер ауыл шаруашылығының кейбiр жұмыстарын жүргiзудi қиындатады. Танаптардың атпатамырлы, тамырсабақты арамшөптермен ластануы топырақ өндейтін құралдарға түсетiн кедергiнi көбейтiп, жағар майдың шығынын арттырады.
- арамшөптердің тамырларынан бүлінген заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергi жасайды. Мысалы, ересек мысыққұйрықтың тамырынан бүлінген заттар жүгерiнiң биiктiгiн кемiтiп, массасын азайтады. Татар ақсүттiгенiнiң тамырынан бүлінген заттар жаздық бидайдың тұқымының өнгіштігін төмендетедi. Жатаған бидайықтың тамыр сабақтарында да осындай қасиет болады.
- арамшөптермен күрес елеулi шығын шығаруды талап етедi. Оған алынбаған өнімнің құны, агротехникалық және химиялық күрес шараларына жұмсалған қаржы, астықты тазартудың, әсiресе тұқымды тазартудың бағасы т.б. жатады. Оны Г.Клингмэн мен Ф.Эштон келтiрген деректерден анық көруге болады. Ауыл шаруашылығында өсімдіктердi қорғауға жұмсалатын 12 млрд. доллардың арамшөптермен күреске 5 млрд. доллары, немесе барлық шығынның 42 % жұмсалады екен.
Сондықтан, арамшөптердің санын залал келтiрмейтiн төмен деңгейге дейiн азайту немесе мүлдем жою ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкiндiк бередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет