Арамшөптердi егiстiктерде жою. Арамшөптермен егiн сепкеннен кейiнгi күрестiң басты агротехникалық шараларына егiстi көгі шыққанға дейiн және көгі шыққаннан кейiнгi тырмалау, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу жатады. Тырмалаудың тиiмдiлiгi топырақтың беткi қабатындағы арамшөптердің жас өркендерiн (ақ жiпше кезеңi) жоюға негiзделген. Отамалы дақылдардың (жүгерi, картоп) егiстiктерiн көктегенге дейiн және көктегеннен кейiн тырмалау тиiмдi және кең қолданылады. Дәндi дақылдардың егiсiн тырмалау сақтықты талап етедi.
Мұнда СЗС-2,1 тұқым сепкiшiнен кейiнгi жердiң бетiндегi аңыз қалдықтарының, арамшөптер өркенiнiң болатынын, қажеттi гидроцилиндрлi тырмалардың, үлкен алқаптардың болуын ескеру керек.
Дәндi дақылдарды көктегеннен кейiн тырмалау Қарағанды НИИСХ-ның тәжiрибе шаруашылығында кеңiнен қолданады. Ол үшiн мұнда жиналған өсімдік қалдықтарынан жұмысты тоқтатпай-ақ тазалауға мүмкiндiк беретiн гидроцилиндрлi кең алымды (30 м) тiстi тырмалар пайдаланылады.
Арамшөптермен ауыспалы егiстегi күрес. Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастырып отыру арамшөптермен күрестiң тиiмдiлiгiн арттыратыны бұрыннан белгiлi. А.Тэер өзінiң “Ұтымды ауыл шаруашылығының негiздерi” атты кiтабында бұл туралы: “Арамшөптердi жою үшiн егiстiктерде дақылдар алмасуы өте керек, себебi кейбiр астық тұқымдастар басқаларға қарағанда белгiлi арамшөптердің көбеюіне жағдай жасайды, олардың өсуiне, пiсiп- жетiлуiне кедергi болмайды, ал кейбiр өсімдіктер өз маңына арамшөптердi жолатпайды”, – деп жазған болатын.
Арамшөптермен күресте әр түрлi тұқымдастықтарға жататын дақылдарды алмастыру ерекше тиiмдi, бiрақ Солтүстiк Қазақстан жағдайында мұндай ауыспалы егiстер қолданылмайды. Дәндi-сүрi танапты ауыпалы егiстерде арамшөптермен күрестiң негiзгi ауыртпалығы сүрi танапқа түседi. Сүрi танаптан алыстаған сайын егiстiктердiң арамшөптермен ластануы арта түседi.
Ауыспалы егiс сүрi танапсыз болғанда көп жылдық арамшөптердің саны артады. Егiстiктердi арамшөптерден тазартудың шешушi құралы – гербицидтер. Ауыстырылмай себiлген бидай егiсiнде гербицидтердi пайдаланғанда арамшөптердің саны 2 есе, ал олардың
құрғақ массасы 5 есе кемiген.
Арамшөптердің бiр ерекшелiгi, агротехника бұзылса, кешендi күрес шаралары сақталмаса болды, танаптарда олар қаптап шыға келедi. Осыған байланысты А.А.Измаильскийдiң осыдан жүз жылға жуық уақыт бұрын айтқан мына сөздерi бүгiн де көкейкестiлiгiн жойған жоқ: “Ауыл шаруашылығының қолайсыз жағдайларымен күресте ... мен бiрiншi орынға танаптардың арамшөптермен ластануымен күрестi қоямын, ал бұл күрестiң табысы үшiн сүрi танаптың дұрыс өңделуiнiң орасан зор маңызы бар ...”.
Тісті тырма БЗСС-1,0
Топырақты қопсытуа, топырақ бетін тегістеуге, ірі кесектерді ұсақтауға және арамшөп өскіндерін жоюға арналған агрегат.
Терең қопсытқыш (чизель) ГРН-2,4
Топырақты терең қопсытуға арналған, терең қабаттағы топырақтың ауа су өткізгіштік қасиеттерін жақсартады, бос қалған және қолданылмаған тығыз топырақты жерлерді өңдеуге арналған. Өңдеу барысында атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптердің жерасты бөліктері, кесіліп, бөлшектенеді жойылады.
Топырақ эрозиясына қарсы арналған культиватор КПЭ-3,8 М
Бұтақты бидайықпен күресте алдымен терең қопсытқыштарды қолданады, ал соңынан қайта жабдықталған КПЭ-3,8 культиваторын жібереді. Бұл культиватордың тірегіндегі казтабанының орнына, жалпақ болаттан жасалған, екі ұшында жүзі бар арнайы қопсытқыш қашау бекітілген. Қайта жабдықталған терең қопсытқышты колдану арқылы бір жерді қайталап өтудің санын азайтуға болады.
Себу алдында топырақ өңдейтін кең алымды культиваторлар -
КПШ
Бір мезгілде топырақты аталмыш тереңдікке өңдейді, арамшөптерді жояды және топырақ бетіндегі ірі кесектерді ұсақтап, тығыздайды.
Арамшөптермен күресте себу мөлшері мен жұмыс сапасының да маңызы бар. М.Қ.Сүлейменовтiң деректерi бойынша тұқымның себу мөлшерін гектарына 1,0-1,5 млн өнгiш дәнге дейiн кемiту сүрi танапқа себiлген жаздық бидайдың арамшөптермен ластануын бақылау 57 вариантымен салыстырғанда 31%, басқа алғы егiстерде - 28% арттырған. Ол арамшөптермен күрестiң арнайы шараларынсыз себу мөлшерін гектарына 2,0-2,5 млн өнгiш дәннен төмендетуге болмайтынын ескертедi. Керiсiнше, себу мөлшерін ұсынылғаннан сәл жоғарылату әр шаршы метрдегi арамшөптердің массасын 3-17% төмендетедi. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстерiнде шүй немесе себiлмеген жерлердi қалдыруға болмайды. Олар арамшөптердің ошағына айналады. Себiлмей қалған жерлердi аз жылдық арамшөптер (қара сұлы, қаңбақ, гүлтәжi т. б.) жайлап алады. Отамалы дақылдардың егiсiнде жеткiлiктi күрес болмаған жағдайда арамшөптер, әсiресе кеш өнетіндер, қарқынды дамиды. Мәдени өсімдіктердің бәсекелестiк қабiлетiн арттыру. Мәдени өсімдіктердің бәсекелестiк қабiлетiнiң артуына олардың агротехникасының жекелеген шараларын дұрыс таңдау арқылы қол жеткiзуге болады. Ең алдымен оларға тұқым себу мерзiмi мен тәсiлдерi, себу мөлшері мен тұқым сiңiру тереңдiгi, тыңайтқыштарды қолдану жатады. Тұқымды терең және саяз себу, егiннiң сиреуi арқылы олардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiгiн нашарлатады. Сондықтан жаздық бидайдың тұқымын қолайлы тереңдiкке, 6-8 см сепкен дұрыс. Арамшөптердің өсіп-өнуіне тыңайтқыштар елеулi әсер етедi. Тыңайтқыштың тиiмдi немесе керi әсерi болуы мүмкiн.
Химиялық күрес арамшөптердің өлуiне әкелiп соғатын химиялық заттарды қолдануға негiзделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Ол латынның herba – шөп және ceado - өлтiремiн деген сөздерiнен құралған. Гербицидтердi пайдалану ауыл шаруашылығының тиiмдiлiгiн елеулi түрде арттырды. У.К. Шоу және Л.Л. Джексон АғШ-та ақырғы жиырма жылда 186 млн га артық жерде арамшөптермен күресте 2,4-Д гербицидiн қолдану жиналған астықтың мөлшерін 56 млн тоннаға көбейткенiн мәлiмдейдi. 64 Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күрестi гербицидсiз табысты жүргiзу iс жүзiнде мүмкiн емес. Өндiрiсте талғап әсер ететiн, жер бетiне шашылатын немесе топыраққа сiңiрiлетiн гербицидтер (2,4-Д, триаллат, трефлан, прометрин, эрадикан т.б.) кең тараған Гербицидтердiң талғап әсер етуi мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің морфологиялық және биологиялық ерекшелiктерiне байланысты. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің (дара жарнақтылар) жапырақтары жiңiшке, сабаққа сүйiр бұрышпен орналасқан, нашар ылғалданады, өсу нүктесi жапырақтар қынабымен жабылған. Қос жарнақтыларға жататын көптеген жалпақ жапырақты өсімдіктердің жапырақтары көлденең орналасқан, жақсы ылғалданады, өсу нүктесi ашық орналасқан. Гербицидтердiң өсімдіктерге енуi заттар алмасуын, белоктар мен көмірсутектерiнiң түзiлуiн, тотығу және тотықсыздану процестерiн бұзады. Хлорофильдi ыдыратып, ең соңында өсімдіктердің опат болуына әкелiп соғады. Кейбiр мәдени дақылдардың гербицидтерге төзімдi болуы олардың жасушаларында гербицидтiң күшiн жоятын ерекше ферменттердiң (жүгерiнiң симазинге) болуына немесе гербицидтерге антидот (топик, эрадикан) қосуға байланысты. Гербицидтер ерiтiндiлер (2,4-Д амин тұзының судағы ерiтiндiсi), суспензиялар (симазиннiң, прометриннiң, атразиннiң суланған ұнтақтары), эмульсиялар (2,4-Д бутил эфирi, триаллат, трефлан, эптан), түйiршiктер (триаллат, 2,4-Д бутил эфирi), ағатын құрғақ суспензия (гранстар) түрiнде қолданылады. Гербицидтердi ұшақ арқылы, жер бетiне бүрку (тұтастай, жолақтап, штангалы бүрку, дистанциялық) тәсiлдермен қолданады. Суармалы егiншiлiкте су арқылы пайдалануға болады (гербигация). Аз жылдық және көп жылдық арамшөптердің дара және қос жарнақтыларын жою үшiн гербицидтер ұштастырыла немесе қоспасын пайдаланады. Мысалы, жүгерi егiстiгiнде – эрадикан (азжылдықтарға қарсы) тұқым сепкенге дейiн және 3-5 жапырақтар кезеңiнде 2,4-Д (көп жылдық қосжарнақтыларға қарсы) қолданады. Бидай егiсiнде – триаллат (қара сұлыға қарсы) тұқым сепкенге дейiн және 2,4-Д (қосжарнақтыларға қарсы) түптену кезеңiнде пайдаланады. Кейбiр жағдайларда гербицидтердiң қоспасы немесе гербицид пен тыңайтқыш, гербицид пен микротыңайтқыштың қоспаларын қолданады. Жүгерi егiстiгiнде эптан мен 2,4-Д амин тұзының қоспасын пайдалануға болады. Картопта прометрин мен натрий трихлорацетатын қолдануға болады. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының егiншiлiк кафедрасының тәжiрибелерiнде (М.И.Тангиев, Г.П.Судникович) 1974- 1975 жж. еркекшөп егiсiне 2,4-Д амин тұзын және аммиак селитрасын (15 кг/га ә.з.), суперфосфатты (15 кг/га ә.з.), аммофосты (15 кг/га ә.з.), молибдендi (200 г/га ә.з.) қолданудың пайдалы әсерi байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: |