Іі. Негізгі бөлім Арамшөптердің келтiретiн зияндылығы


Арамшөптермен күрестiң ғылыми негiздерi және шаралары



бет5/9
Дата02.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#479496
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абылайхан дипломалды отчет

2.4. Арамшөптермен күрестiң ғылыми негiздерi және шаралары

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:


Ұйымдастыру шаралары
1. Танаптардың ластануын анықтау.
2. Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.
3. Танаптардың ластануының картасын жасау.
4. Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.
Алдын алу шаралары
1. Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.
2. Жемдi, мекендi, сабанды малға ұнтақталған немесе буландырылған күйiнде беру.
3. Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.
4. Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.
5. Көңді арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.
Жою шаралары
I. Агротехникалық шаралар
1. Сүрi танаптарды өңдеу.
2. Күзгi топырақ өңдеу.
3. Топырақты көктемгі өңдеу.
4. Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.
5. Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.
6. Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
II. Химиялық шаралар
1. Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.
2. Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
4. Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
III. Биологиялық шаралар
1. Фитофаг жәндiктердi пайдалану.
2. Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.
IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану
1. Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк кірiстi пайдалану.
2. Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.
V. Физикалық шаралар
1. Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.
2. Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.
3. Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет