Абайдан Олжасқа дейін: жүз жылдық жалғыздық - деп даналықпен айтылған ұлы сөз.
Бірінші: Қара сөз. Қазір дау туғызып жүрген үш нәрсе бар: жер, елдің аты және тіл. Сәл анығырақ айтсақ, Қазақтың Жері, Қазақ Республикасы және Қазақ Тілі. Бұл үш компонент ұлт ұғымын құрайды; яғни, тірлік кешкен территориясы, тарихи иеленген аты және даму барысында қалыптасқан тілі. Жеріміздің Қазақия емес, Қазақстан, өзіміз қойған ныспымыз - Қазақстан Республикасы; құжат толтыратын тіліміз - орыстардыкі. ¥лт қайда деп ойланамыз ба?
Халқымыздың екі алыбы Абай мен Олжас арасындағы мезгіл Алаш топырағына көп өзгеріс әкелді. Саяси миграция үйімізге ат шалдырып, төрімізге қонып жатты: орыстар, украиндар, немістер, кәрістер. Тізімді әрі қарай жалғап кете беруге болады. Олар да өз еріктерімен келген жоқ: не саясат ықпал етті, не қасірет душар қылды. Өз етек-жеңін жинай алмай жүрген қазақ сулы жерінен жайлау бөліп берді, таулы жерінен қыстақ салып берді. Біреу түсіндір десе мен алақанымды жаямын. Әр ұлттың артында кәдімгі адам тағдыры бар, осы атырапқа деген сүйіспеншілік, болашаққа ұмтылған мақсат, содаң соң қиын жылдар жайлы ауыр естелік.
Кез келген ұлт алдында қазір қазақ жауапты. Ешкімді ренжітпеуге тырысу қажет, жолдан шыққан қияңқылық - ертең бізге айтылатын арыз. Қазақтың ұлтжандылығы кейбір бауырымыздың көңіл-күйін бұзып кетеді, оның аяғы: бізге деген реніш, алыс жақтарға көз тігіп, кіндік қаны тамған туған жерін тастап кетуге деген құлшыныс.
Бірақ қазақтар резервуарға апарып тастайтын үндістер емес қой, олар да орыс, неміс, кәріс секілді қатардағы ел болғысы келеді.
Екінші: Аз. Жер, ел, тіл - қазақтың мәдениеті. Қазақ мәдениеті дегеніміз қазақ ғүмырын түсіндіру. Әдет-ғүрып, баяғыда-ақ ең әуелгі мағынасынан айырылса да ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан дәстүр, қаншама уақыт жиналған өнер қазынасы, тілдің сөздік қоры, уысымызда қалған жердің өзі мен тарихи, тұрмысымыз - қазақ ғұмырын түсіндіру формалары немесе қазақ мәдениеті. Соншама ғасыр сұрыпталған бұл үш категория, екінші жағынан, ұлтты шығарады.
Тіл - оңай шеше салатын мәселе емес. Қазақ тілі тікелей түркі тілінен дамыған, орыс тілінің славян тілінен оңашаланғаны сияқты. Сонда 15 ғасырға жуық ғұмырнамасы бар тілді жетілмеген деп кемсітуге бола ма? Сіздер Израиль мемлекеті қолданып жүрген иврит тілінің қайдан шыққанын білесіздер ме? Дүние жүзінен жиналған еврей халқы бірнеше диалектіге бөлініп үлгерген, соның бәрі ескеріле отырып және көне еврей тілін негізге ала отырып, қазіргі иврит тілі дүниеге келді. Қазақтың тілін сындырып, өзгерту қажеті жоқ, Маханбат пен Абай кезінен тап осы қалпы бар, тек техника өркендеуі ғана ағылшын, француз, неміс сөздерімен байытты, орыс тілін байытқаны тәрізді.
Социализм, коммунизм, капитализм орыс сөздері емес, оны түгел біледі. Енді Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабын ашайық («Жазушы», 1991 жыл, 193-бет): «Во многих индоевропейских за сравнительно короткий срок, в исторически обозримое время, коренным образом изменилась структура языков и морфология. Тюркские языки не изменились за это время, слово в них более сохранно, чем в индоевропейских, по нескольким причинам чисто технического свойства». Осы сөйлеммен парақ бітеді, оны аударып келесі бетті оқимыз: «1. Тюркское слово агглютинативно, т.е. корень и суффиксы не сплавляются... Корень - паровоз всегда впереди и не изменяется. Он влияет на суффиксы, а не наоборот... в тюркских агглютинативность -правило, фузия - исключение...» Агглютинация сөздің сақталуына көмектеседі де фузия сөздің бұзылуына себепкер болады.
«2. Место ударения, как правило, постоянно на последнем слоге.
3. Нет предлогов (префиксов). Они влияют на корень в индоевропейском слове, создавая в развитии ложные основы.»
Ел деп тілге тиек қылғаным - қазақ жұрты. Ішкі жан сарайымыз келіссін, келіспесін бәрібір бізге Қазақстанда басқа ұлттармен қатар тірлік кешуге тура келеді. Оларды өз туған отандары күтіп отырған жоқ, мына алты алашқа олар сіңісіп кетті, міне, тап осындай жағдайда тұрмыс құра білгеніміз жөн. Қазақ ұлты кейбір даңғаза данышпан сымақтар толғағандай ацтек мәдениетінің дәрежесі емес, қазіргі қазақ - кешегі патша шенеуніктері полковник атағын бере салатын сатыдан биіктеп кеткен, біз мемлекеті бар болудың не екенін түсінеміз: курттарды қара, саны 40 млн. жетеді екен; шешендер не істеп жатыр; еврей қалай он сегіз ғасырлық мәселесіне нүкте қойды.
Оның бәрі алдымен жерден шығады. Кез келген ұлт өз мемлекетін құруға ұмтылады, мемлекет дегеніміз ұлттық идеяны біржола бекіту деген сөз. Ортегаи Гассет «Омыртқасыз Испания» атты эссесінде жазады: «...ұлттардың қалыптасуы мен дамуына болашаққа бағытталған ортақ бағдарды орындауға ұмтылу ғана әсер етеді».
Үшінші және Я. Қазір өкілі Қазақстанға қажет бай және қадірлі тұлға, ол өзге ұлттармен барлық жағынан тең, парызы мен құқығы өзге азаматтардың мүмкіншілігіндей, Қазақстан оған Отан, сүйікті туған жер. Қазына: барлық қазақстандықтар қазақ тілін білуі қажет (бұл жағынан, этикалық мәдениеттен туады: суын ішіп, нанын жеген соң тілін де білген дұрыс, екінші жағынан, егер орыс, не неміс қазақ тілін білетін болса, қазақ оны өзі-ақ тамыр деп туыс қылып алады) барлық ұлттардың мәдениеті бәрімізге тиесілі ортақ қасиет.
Болашақ: Қазақ ұлты мемлекеттігін сақтап қалады, ұлт ретінде қаншама ғасырлық аласапыраынан соң өркендеуге оның тарихи толық құқығы бар; өзге ұлттар өз тілі мен мәдениетін дамытады, тұлға ретінде жанжақты ашылады. Менің бүкіл халықтар алдында сұрайтын өтінішім бар: тағдырыңда қуаныштан гөрі қасіреті көп болған қазақтардың мемлекеттік сана-сезіміне түсінушілікпен қараса екен деймін, олар ешкімді жат деп танымайды, бауыр деп бауырына тартады, ұзақ-сонар бодандықтан кейін уысына түскен тәуелсіздікті олар қайтадан жоғалтып алмаймыз ба деп, қорқынышпен өмір сүреді.
Олжас Сүлейменов «Қасиетті латын» атты еңбегінде жазады: «Бәрімізге белгілі, сауатылықтан соң орнайтын заман табалдырығымызға таяды: көз алдымызда оқырман адамзат - тыңдаушы және көрермен адамзатқа айналып барады. Біздің балаларымыз «Соғыс және бейбітшілік», «Дон Кихот», «Моби Дикті» оқымады: олар осы бір топ туындыны экраннан тамашалады. Бүкіл Толстойды, Чеховты, Диккенсті, Дюманы, Шолоховты, Марк Твенді, Гюгоны экранға шығарып - тұтас ұрпақты рухани дүниесінен жұрдай қылдық. Он жыл бұрын КСРО кинематографистер съезінде кинорежиссерлерден классиканы өз жөніне қалдыруын сұрап едім. Неліктен қазіргі прозаның өзі ғана жетпейді: ол экран көмегімен тек қана жақсарады!
Кітап құрып барады. Цивилизацияның бастапқы себебі. Электроника - жай салдары ғана. Шекспирді тумаған мәдениет Ньютонды туа алмайды. Жазу қабілетіміз құлдырауда, өйткені оның мәні мен тарихын түсінбедік.
Гомо сапиенс түр ретіңде үш миллион жыл ғұмыр кешті. Тек соңғы отыз мыңжылдық көлемінде ол халықтарға айналды - тілін, мәдениетін жасады».
2.2.«Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер» - рухани салауаттылықты нығайтатын қызмет
Тәуелсіздігіміздің бір өрісі - тіл мәдениетіне орай. Ана тілі жанашырлары қазақ тілінің ойлау және сөйлеу мәдениетін арттыру, тілдесу дәстүріндегі төлнұсқа мен өркениетті ырықты ескеру, тіл табысудағы жаңалықты жетілдіру мәселелері төңірегінде өздерінің сауаттылығы мен зейінділігін танытуда. Ана тіліміз азаматтық және ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың бірден-бір тетігі, күнделікті тәжірибеде жүйеленген іс-әрекеттің тұтқасы екеніне көзіміз жетуде. Тіпті, саясат пен мәдениеттің мақсаткерлігін бағдарлай да, тұтастыра да түсетін құралына, билік пен беделді нығайтатын байланыс түріне, әлеуметтік және мәдени тарихымызды өзара жымдастыратын, ұлттық ділді үнемі нығайтатын қайнар көзіне айналуда.
Тілдің түрлі қызметі бірден қалыптаспағанына ешкім күмәнданбайды. Бірақ тіл практикасының қалыптасу кезеңі мен көрінісі туралы не біліп жатырмыз? Тілдің ұлттық көрінісі мен қызметі, сондай-ақ жалпы адамзаттық мәні мен заңдылығы да бар екенін мойындаймыз. Осы ерекшелікті дұрыс ұғыну және жөнімен қолдана білу -мәдениеттілік екенін ескерудеміз. Мәдениеттілік түпнұсқа мен елдік тұғырдан адастырмайды деп дұрыс ескеру қажет.
Олжас Сүлейменов былай деп жазады: «Мәдениет - толыққанды өмір сүрудің бірден-бір шарты. Түбірлей түссек, «Мәдениет - тіршілік ету жолындағы еңбек-бейнеттен туған, табиғатпен, адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері. Мәдениет - ол тарихи тәжірибе айтып берген дағдылы машықтардың, рұқсат етулер мен тыйым салулардың тұтас бір жүйесі. Мәдениет те тіл сияқты өзіндік сипатын сақтайтын ашық жүйе» /29/.
Тіл мен мәдениетті тарихи тұрғыдан қарасақ, екі жетістікті де жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтың жиынтығы, нәтижесі деп есептейміз. Ол дегеніміз тіл мен мәдениет даму заңдылығы бойынша біртұтас құбылыс және жетістік, ал қызметі мен ықпалы бойынша әртүрлі көрініс пен қарқын. Даму заңдылығының жүйесі жеке кезеңнен, ұлттық ерекшеліктен, салалық көріністен тұрады, бірақ олардың біреуімен де шектелмейді. Тұтас арна құрамдасты біржақты жұтып қоймайды. Онда сыңарлықтан гөрі, өзара ықпалдылық айқын, бірін-бірі байыту басым. Өмірдің осы ашық сабағы тіл практикасында қаншалықты орын алуда? - деген сауалға ұйытқы болған Олжас Сүлейменовтың «Пересекакущиеся параллели» - «Қиылысатын кеңістіктер» атты жаңа кітабы.
Тылсым табиғаттың күрделі жүйесінде, өрелі өркениеттің өрісінде қиылыспайтын кеңістіктер жоқ. Әңгіме тек сол қиылысудың уақытына, көрінісіне, сипатына және оларға деген көзқарастардың қызметіне байланысты. Осыған орай тілде не нәрсе, қалай, не үшін қиылысады деген сұрақтарға жауап іздеу адам болмысының сұранысынан, өмір талабынан туындайды.
Кітап көп жылғы тілтану ізденісінің ғылыми негізі іспетті. Олжас Сүлейменов осы кітабында өзінің рухани шабыты мен түркі тілдес мәдениеттің шебін анығырақ көрсетуге ықылас білдірген. Тілдің түбірін тарихпен, мәдениетпен, этностың өмір сүру ерекшеліктерімен қатар салыстыруы заңды. Түріктік славянистика идеясы автор ойын кеңірек, дәлірек, толығырақ, болжамы мол жүйелілікті алға тартуға мүмкіндік ашқандай.
Олжас Сүлейменовтің шығармашылық шабыты өзара түсіністік пен бірін-бірі байыту философиясынан нәр алады және оның мынандай шарттарына сүйенеді: тіл практикасы пәні мен мәселесін дұрыс, толығырақ ұғыну қажеттігі; өзара түсінісудің проблемалық аясын анықтау; адам мен ұлттық рухани құндылықтарын жаңарту арқылы тіл табысудың шеңберін кеңейту; мәдени сұхбатты қарқындату арқылы еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуіне ұйытқылық жасау. Кешенді және көп салалы талап. Бұл мәселелер ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің ең жауапты және шешуші кезеңінде кездейсоқ қойылып отырмағандай. Оның үстіне осы бағыттағы түрлі көзқарастардың астарын үйлестіріп жатса, мұндай шығармашылықты қанағаттанарлық ізденіс пен ілгерілеу дейміз.
Автор өзінің ізденіс міндетіне білімдарлықпен, салыстырмалы тарихи түсінікпен қарайды, ұлттық мәдениеттің өткеніне мүқалмас патриоттық сезімталдық және сеніммен қайта-қайта оралады.
Кітапта тілдік қатынастың мағынасына кең тоқталған. Мамандар үшін, республикамыз үшін оның құндылығын немен өлшеуге болады? Тілдің даму заңдылықтарын анықтау, оның лексикалық қорын туралап толықтыру, мәдениеттің басқа түбірімен байланысын үйлестіру, танымдық және саяси-әлеуметтік қызметін қарқындату - күн тәртібінен, қоғам қажетінен түспей келе жатқан мәселелер. Бұл бағыттағы дұрыс шешімдер ұлттық егемендігіміз бен Қазақстан Республикасының еуразиялық кеңістіктегі әлеуметтік-мәдени негізін нығайтуға, сонымен ана тілінің өрісін кеңейтуге демеушілік етері даусыз.
Кітаптың мазмұндық ерекшелігі сол, онда екі ұстаным -модернистік - реформаторлық дискурс проблемасы және тілдің белгілік жүйесі бетке ұсталынады. Бұл автордың кәсіптік деңгейін айшықтайды. Алғашқысы - өткен ұрпақтардың мәдениеті мен тарихи санасынан үйлесімділік іздестіруге, ал екіншісі - тіл мәдениетінің тұтастығы мен терең мазмұнын ашуға мүмкіндікті арттырады.
Оған негіз - сөздің генетикалық коды /түпнұсқасы/ және мәдениеттің тілдік коды /түп тамыры, тегі, кілті/. Екі бірдей түбір - тіл мәдениетінің тұтастығын табуға дәнекер тетіктер /30/. Сөздің түпнұсқасы түсініктің тарихпен, халықтық тәжірибемен ұштасып, сіңісіп жатқан хаттамасына ұқсайды. Оны тілдің дискурсивті сипаттамасы деп те атайды. Тілдің түп тамыры арқылы әр дәуірдегі әлеуметтік-мәдени кеңістіктің проблемалық шеңберінің ауқымын және рухани шежіренің тағылымын анықтауға мүмкіндік ашылады. Сөз түп негізі мен тіл түп тамырларының өзіндік функциясын қалыптасқан жүйеде тілдік қатынас сараланады. Тіл қатынасының осы қос өрімін салыстыру арқылы сөз бен тілдің өзгермелі құрылымы ғана емес, сөздің лексикалық құрамы мен этимологиялық мәнінің мән-жайы ашылады. Кітапта осы екі тармақ қатар қарастырылады.
Сөздегі, тілдегі түпнұсқа қалайша адамзат тарихының практикасына, халық мәдениетіне енген? - осындай сұрақ туындайды. Түпнұсқа - адамзат тарихының, халық мәдениетінің және адам ойының төлтумасы, адамдардың өмір-салтының дәстүрлі түрі. Түпнұсқа -мәдениеттің тұтас негізі, тұрақтанған тамыры. Ол әлеуметтік-мәдени кеңістіктің түрлі деңгейінде қиылысқан, бір-біріне әрқалай ықпал еткен. Осыдан тіл эволюциясын тұтас кеңістік десек, осы кеңістікте тіл мен шаруашылық мәдениеті қалайша өзара қиылысып жатады, оған қандай ұстаным ұйытқы болды деген сауалдар алдымен мамандарды мазалайды. Түрік тіліндегі сөздің төлтумасы дегенде мал мен егін шаруашылығындағы, қол өнердегі материалдық құндылықтың әлеуметтік тәжірибенің алмасу нәтижесін және сол бағыттағы ақыл-парасаттың жетістігін алға тарту керек.
Шаруашылықта тіл практикасы қалыптасты. Кеңістіктегі көшіп қону тұрмыстың тұрақты және тұтас көріністері тілде бейнесін, белгісін және рәмізін тапты. Көне түріктерде жер өңдеу мәдениеті жетік қалыптасқан, оның өнімді технологиясы кеңірек қолданылған. Мұның өзі көне түрік тайпаларының өмір салты белсенді болғанын, тіл мәдениетінің жетік болғанын көрсетеді.
Онда тарихи, мәдени және тілдік үш деңгей-бір-бірімен ұласқан сайын түрік тілдес сөздің мазмұны ауқымдалынды, сөздіктің мән-мағынасына орай қолдану тәртібі деректелінді, біртіндеп төлтума жаңа тармаққа бөлінеді. Болмыс ортасына, тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылық түріне орай дыбыс үйлесімі ықшамдалынды, сөз түбірі түрленді. Қарым-қатынас қажетінен сөздің лексикалық, этимологиялық дамуы өріс алған және осы заңдылықтарды өз бабымен қолдану тәсілдері орныққан. Бұл күрделі де ұзақ процесс туралы жалпы түсініктер аз болмады. Соңғы ғасырда ғана тіл табысу практикасына адамның танымдық қызметі шоғырлануда. Оның аяғы кеңіген сайын түпнұсқаға деген тар түсінік тарылуда.
Тіл практикасына дүниені қабылдау және ойластыру қалпы біртекті болмады. Тіл сындыру, тіл таныту, тіл дамыту - тіл практикасының мәдени өрістері. Оның үстіне күрделі сөздер қалыптасты, оның тәсіліне, талаптарына деген ережелер ойымызды иірді. Тілге түрткі болып отырған мәселе - сөз эволюциясы. Шаруашылық пен сөз эволюциясы тілдің түбірін сақтады, жұрнақтарын жетілдірді. Ол дегеніміз: а) сөздіктің функционалды қызметіне, құрылымдық элементтеріне, семантикалық мағынасына, сөзді қолданудың әлеуметтік-гуманитарлық деңгейіне ерекше назар аудару;
б) сөздің атаулы және заттық түбірін анықтау;
в) сөздегі етістіктің логикалық бір сарынға икемделіне бермейтін күрделі синкретикалық сипатына талдау жасау қажетіт арттырды.
Осыдан түркі тілдерінің қалыптасуы мен таралуын қарастыратын болсақ, онда көне этностардың тарихи, мәдени және тілдік өзгерістерінің бір-бірімен үйлесіп, кейде үйлесе бермейтінін аңғаруға болады. Көне түрік сөздерінің кейбір түпнұсқасы шумер, көне мысыр, латын, грек сөздерімен тамырлас деген О.Сүлейменовтың көзқарасы ақиқатқа жақын.
Мәселе осы өзгерістердің мәдениет негізі мен тіл түбірі ретінде ашық, бірде танырлық, бірде байқала қоймайтын түрде өзара астарласып, алмасып жатқанында. Тілдегі эволюция әрбір халықтағы салт-дәстүрдің психоэтнологиялық мазмұнын бұзбаудың, тіпті оны қалыптастырудың қажеттігі байқалады.
Әрбір термин мен диалектінің тарихын білу, сөздің синкретикалық табиғаты мен оның морфологиялық жүйесінің эволюциясын аша түсу қажеттілік. Не үшін? Алдымен әрбір сөздің мағынасын, стильдік-эстетикалық жүгін түсініп жұмсау үшін десек, онымыз сауаттыларға аян талап. Өйткені синонимді сөздердің әрқайсысын қосымша мағыналық реңкі бар екенін жоққа шығара алмасақ, онда тіл практикасындағы сөздің фонетикалық тұлғасын, дыбыс гармониясын, ассонанс құбылыстарын қалай түсіндіруге болады?
Олжас Сүлейменов былай жазады: «Сөздегі атау мен етістіктің қайсысының грамматикалық мағынасы алғаш калыптасты және басымдау болды немесе қосарланған тілде түбір мен суффикстің рөлін, олардың үндестігін айқындау керек. Тіл практикасының тарихында бұл бағытта әртүрлі сарындардың орын алғаны айғақ. Бірақ сөз түбірінде неге белгілі бір морфологиялық түр орнықты деген сұрақ мамандар үшін әлі де ашық мәселе» /31/.
Сүлейменовтың көзқарасының ерекшелігі - сөзге этимологиялық талдау жасай отырып, сөзді қалыптастырудың, сөз астарын анықтаудағы шығармашылық ереже мен тоқтам-түйінді саралап беруінде.
«Эффективность воссоздания пра-типа находятся в зависимости, прежде всего, от знания системы морфологических соответствий в живых и мертвых языках мира и лишь потом - фонетических... Полная этимология возможна только с восстановлением графического образного знака», т.е. с установлением ясной, родословной информации о первоисточнике. ...Слова являются выражением морфологических систем (глагол + орудийный суффикс = имя существительное). В местном двуязычии часто встречается такое сочетание слов: тюркский корень и славянский суффикс. Это - особенность исторической ситуации времени; Систему лексических соответствий славянским словам древнейшего образования невозможно выстроить без учета данных тюркских словарей. Тюркское влияние на славянистику в фонетической зависимости слова от приставки. Качество звуков второго слова подчиняются качеству звуков начального; знание механизмов закономерных изменений тюркского слова в славянской речи: Закон Перестройки слога присущ всем языкам планеты и лежит в основе многих фонетических законов» /32/, - деп О.Сүлейменов жазады.
Шығармашылық ізденісте сөздің морфологиялық, функционалды, семантикалық түрлері мен астары қаралады, қалыптастырылады; термин мен диалектінің семантикалық даму ережесі, етістіктің - императивтің грамматикалық дамуы анықталынады; адамдық қарым-қатынастардағы ұмыт қалған бейнелік және белгілік деңгейін қабылдау дәстүрін жаңғыртады; дәстүрлік пен кешендік, нақтылық пен дәйектілік қағидаларын бір-бірімен үйлестіру арқылы, сол тапапты басшылыққа алады. Ізденіс сөз эволюциясын игерудің, иемденудің, иелік етудің өлшемдері мен өрісін ажарлайды.
Кітаптағы тіл мәдениет туралы тың ойлар аударманы төл жанрға айналдыруға ой тастайды. Республикамызда білім мен мәдениеттің дамуын жалпы адамзаттық деңгейге көтермелеу үшін немесе адамзат тарихындағы ірі рухани мұраларды ана тілінде оқып-білуге жол ашу үшін аударманың тигізер ықпалы өте маңызды.
Өйткені аударма рухани мұралармен тілдесудің, мәдени сұхбаттасудың кең таралған дәнекері /33/. Аударма - ұлттық тәуелсіздігіміз өрісінің, ұлттық тіл мәдениеті сапасының айғағы, ұлттық мәдениеттің әр салада халықаралық бағытта дамуының басыбайлы бір көрсеткіші, ғылыми байлығымызды дамытудың ең әсерлі жолдарының бірі. Аудармалық шығармашылықтың ұлттық мамандарды дайындаудың дәрежесін жетілдіруге тигізер ықпалы өз алдына. Қазақстандағы көп тілде сөйлесу және білім беру тәжірибесі елімізде жаңа ұлтаралық қарым-қатынастың қалыптасуына, оның мәдени құндылықтарын және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын жандандыруға өтімді ықпал етері хақ.
Олжас Сүлейменов сияқты ана тілі жанкүйерлердің санатында түйінді мәселелер тамырлап қана қоймай, өз шешімін табуда. Одан сөз эволюциясын қабылдау, оны сөйлеу тәжірибесіне және білім беру аясына енгізу, содан тілдің рухани күш-қуатын толықтыру, ұрпақты тілдесу дәстүріне тәрбиелеу мүмкіндігі артпақ.
Жоғарыда көрсетілген қазақтың бір туар ұлы Олжас Сүлейменовтың шығармалары - сөзсіз тарихи дерек көзі болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Олжас Сүлейменов - Аллатағаланың Алашқа бере салған алтын айдарлы ұлы. «Жабағылы жас тайлақ, жардай атан болған жер, жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер, жарлысы мен байы тең, жары мен сайы тең; балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған (Қазтуған жырау) қайран қазақтың зұлымдық пен зобалаң атаулыға кеткен есесін қайтару үшін тәңірі осы Олжасты қарымтаға туа салған секілді!
XX ғасыр мен XXI ғасырдың өлі арасңнда иісі қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ауызына қарап отырған тұлғасының бірі осы - Олжас Сүлейменов! Тұлға дегеніміз - жаһан дүниеге жыланша ысқырып, қол астындағы бейкүнә елін билігімен арбаған қаһан Шыңғысхан, император Цезарь, фюрер Гитлер, генералиссимус Сталин де емес, француз Дидро, ағылшын Шекспир, американ Уитмен, неміс Гете, орыс Пушкин, қазақ Абай сынды, Қазтуған жырауша бейнелеп айтқанда: «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі, қары ұрымы Сұлтандайын жүрісті, айдаса қойдың көсемі, сөйлесе - қызыл тілдің шешені, билер отты би соңы, буыршынның бұтар шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы, бұлт болып, Айды ашқан, мұнар болып Күнді ашқан» қасқалар болады!
Олжас - аңызға айналған тұлға.
Олжас Сүлейменов те қалың қазақ аманатын орындады. Ұлы Абай жерінде ядролық жарылысты тоқтатуға күш салып, дегеніне жетті. Соңынан АҚШ, Франция, Англия, Жапонияға сапар шекті, жақтастарын тауып, Жаңа Жер, Невада, Моруроадағы ядролық сынаққа мараторий жариялау мақсатында іске кірісті. Бұл істе Қарағанды кеншілері, Семей малшылары, Өскемен энергетиктері, Павлодар машина жасаушылары белсенділік танытты. Бұл қозғалысты түрлі мемлекеттердің бейбіт сүйгіш халықтары қолдап кетті. Халық мүддесі жолындағы О.Сүлейменовтың батыл ісін ұмытпауымыз керек.
Ол саяси бедел жинап, үлкен мансапқа қол созуға әуес емес. 1994 жылдың көктемінде Республика Жоғарғы Кеңесінің төрағалығынан бас тартуы соның кепілі. 1993 жылы «Қазақстанның халық конгресі» партиясы республика үкіметінің экономикалық реформа бағытына оппозицияға шықты. Жоғарғы Кеңестегі оның фракциясы әділ де батыл жұмыс істеді. Ол әрқашан «кім жеңілсе де, Қазақстан жеңілмесін» деген ұранды басшылыққа алды.
«Невада-Семей» халықаралық қозғалысы арқылы халқының сеніміне кірді. Үздіксіз күрес пен еңбектің арқасында полигон жабылды. Бұл ақ бас тарихтың еншісінде алтын әріптермен жазылып қалар ірі жеңіс еді.
Олжас Сүлейменов басқарған «Қазақстанның халық конгресі» партиясының кейбір экономикалық бағдарламасын республика үкіметі экономикалық реформада пайдаланды. Бұл да көрегендіктің белгісі.
Әлемдік өркениеттің бесігіне айналған Италиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып Олжас Сүлейменов тағайындалып, екі елдің шынайы дәнекері болып жүрді. Дипломатиялық жұмыста табыссыз болмағанының көршісі шығар, Олжас ағамыздың бүгінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі.
«Саясатпен шұғылданған адам періште жанымен сайтандық іске араласқан кәсіпшіл тұлға. Саяси қайсарлық пен саяси надандықтың арасы тым алшақ. Ал, саяси мәдениеттілік пен саяси қажеттіліктің арасы шексіз», - деп О.Сүлейменов өз аксиомасын ұсынды. Саясатпен айналыса отырып, ақын өзінің шығармашылығынан қол үзген емес. Себебі Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі ретінде қазақ халқына қалдырылған мұра.
Сондықтан жазушы үшін ең үлкен бақыт - шын көркем шығарма жазу және туған халқына қызмет ету.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Сүлейменов О. «Таңба тілі»: бір томдық кіріспе; «Мың бір сөз»; үш томдық ғылыми еңбек. Сын: Төлеулиев Бектур. Теңдесі жоқ ғылыми еңбек: пікір. //Маңғыстау. - 2000. - 24 қараша. - 66.
-
Сүлейменов О. Біздің мұратымыз тағы да сол: тауларды аласартпай, даланы асқақтау: (Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының біраз мүшелерінің Ашық хатына жауап) //Халық кеңесі. - 1994. -17 ақпан.
-
Зікібаев Е. Ақын қайсарлығы: (Олжас Сүлейменов туралы толғаныс эссе). //Көкшетау. - 1996. - 21 мамыр - 23 мамыр.
-
Отарбаев Ж. Жан азығы - жақсы жыр. (Жазушы О.Сүлейменовтің творчествосы туралы) //Лениншіл жас. - 1986. 17 мамыр.
-
Құттықтаймыз! Қазақстан жазушылар одағы басқармасының секретариаты белгілі ақын О.Сүлейменовтың туғанына 50 жыл толуына байланысты құттықтауы //Қазақ әдебиеті. - 198-. – 16 мамыр. - 6-76.
-
Қалиұлы Ж. Олжас тұтатқан ойлар: (Ақын О.Сүлейменовтің 60 жылдық мерейтойынан кейінгі ойлар) //Қазақ әдебиеті.- 1997. 8 сәуір №14.-12-136б.
-
Кәрібаева Б. Сүйер ұлың болса...: Ақын Олжас Сүлейменов 60 жаста // Орталық Қазақстан. 1996. - 28 мамыр.
-
Сүлейменов О. Мораторийді халық жариялады. Семей полигонынан Невада үлгі ала ма? («Известия» газетінен. №274) .// Семей таңы. - 1990. -9қазан.
-
Сонда.
10.Сүлейменов О. Оқ дәрі қоймасының үстінде бостандық отын жақпайық... // Арқа ажары. - 1992. 20 тамыз.
11.Сонда.
12.Сонда.
ІЗ.Шойғара Ә. Олжас Сүлейменов қазақ халқына қарсы ма? // Арай. 1994.-№5-6.-4-56.
14.Н.Зікібаев Е. Ол жас па, Олжас па?: Олжас Сүлейменовтың 60 жасқа і; толуына орай толғаныс эссе // Ақиқат. - 1996. - №5. - 66-706.
15.Сүлейменов О. Сөз қадірін түсінген - оны босқа шашпайды: (Ақын, қоғам қайраткерлерімен сұхбат: әңг. Г.Дильдяев) // Азия. - 1993. - мамыр. - №18. - 6б.
16.Қоңыр Т. Сүйер ұлың болса... Ақын, қайраткер Олжас Сүлейменов 60 жаста // Сарыарқа самалы. - 1996. - 18 мамыр.
17.Садықов Ж. Қоғам қайраткері: (Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтың 60 жылдығына .орай жазушының поэзиясы туралы) // Арқа ажары. - 1996. - 18 мамыр.
18.Сүлейменов О. «Менің жылдарым - менің халқымның байлығы болсын» // Алматы ақшамы. - 1996. - 20 маусым.
19.Жағыпарұлы Ж. Олжас! (Халықтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері О.Сүлейменов 65 жаста) // Арқа ажары. - 2001. - 22мамыр. – 1б. 20.Төлепберген Б. Олжас қандай тағдыр іздеп жүр?: (Олжас Сүлейменов туралы) // Жас Алаш. - 2002. - 13 тамыз (№96). – 1б.
21.Сүлейменов О. Аз и Я Ізгі ниетті оқырман кітабы. (Ауд. С.Ақатаев). Алматы, Жазушы, 1992. - 299 б. /105/.
22.Сүлейменов О. Аз и Я Ізгі ниетті оқырман кітабы. (Ауд. С.Ақатаев). Алматы, Жазушы, 1992. - 299 6. /185/.
23.Сүлейменов О. Шовинизм мұзды мүхитын бұзған - «Аз и Я» / Әуезов Мұрат., Сүлейменов А., Момышұлы Б.., Симашко М., Мартынов Л., Толмачев Г., -Қодар Ә., Қосылбек Д. // Заман Қазақстан. - 1996. – 19 сәуір. (№14). -1-6 6.
24.Сонда.
25.Сонда.
26.Сүлейменов О. «Аз и Я»: (Кітапқа тағылған саяси және идеологиялық кіналарды теріс деген тұжырым жасалғандығы жөнінде автордың әңгімесі / Сұхбаттасқан Г.Дильдяев. Правда, 12 қазан, 1989. // Қазақ әдебиеті. - 1989. - 20 қазан. – 3б.
27.Сүлейменов О. Сүргін көрген кітапқа соңғы сөз: («Аз и Я» кітабы жайында) әңгімелескен А.Пелехацкий // Қазақ әдебиеті. - 1990. – 27 шілде. - 4-5б.
28.Аз и Я / Тәркімалаған: С.Ақатай // Жалын. - 1991. - №1. - 31-40б. 29.Молдабеков Ж. Мәдениеттер қиылысатын кеңістіктер: (О.Сүлейменовтың «Пересекающиеся параллели» атты жаңа кітабы туралы) // Қазақстан заман. - 2002. 19 шілде. (№29). – 4б.
30.Тұрсынов К. Өршіл өмір иесі: (Қазақстанның халық жазушысы О.Сүлейменовтың 60-жылдығына орай жазушының поэзиясы туралы) // Арқа ажары. - 1996. 18 мамыр.
31.Сүлейменов О. Енді не істеуіміз керек: (ҚХК партиясының 1999 жьтлдың 14 тамызында өткен съезінде сөйлеген сөзінен) // Дидар. - 1999. 14 қыркүйек. – 3б.
32.Сүлейменов О. «Мың бір сөз»: кітабынан тараулар // Жұлдыз. - 1997. №7.-3-186.
33.Сүлейменов О. Көшпелілер және мәдениет // Парасат. - 1996. №5. - 2-4б.
Достарыңызбен бөлісу: |