Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Нәрестені сыртқы-ішкі бұрылыс жасаудың классикалық тәсілі»



бет12/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.24. Стандарт «Нәрестені сыртқы-ішкі бұрылыс жасаудың классикалық тәсілі»


Мақсат: Нәрестені дұрыс емес қалпынан ұзынша қалып позицияға келтіру.
Көрсеткіштер: Қазіргі уақытта судың ерте кетуінде, егіз жүктілікте егер бірінші ұрық туылған соң екіншісі көлденең жатып алған жағдайда жасалады.
Шарттары: жатыр мойнының толық ашылуы, баланың қозғалғыштығы, нәрестенің бас өлшемдері анасының жамбас өлшемдеріне сәйкес келмеген жағдайда; тірі нәресте;
Ресурс: Босану залының жабдықталуы, дезинфициялық ерітінді, мақталық шариктер, корцанг, стерильді перчатка, қуық катетері, фантом, наркоздық аппарат, медикаменттер, стерильді шприцтер.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 .Қуықты катетермен босатыңыз.
2.Әйелге түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3.Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін антисептикалық ерітінділермен өңдеңіз. (1% йодонат немесе 2% йод ерітіндісі).
4.Қолыңызды хирургиялық тәсілмен өңдеп, стерильді перчатка киіңіз
5.Әйелді жалпы ауырсыздандырыңыз
6.Сол қолдың саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз
7.Қолыңызды акушер қолы болатныдай жасап, жамбастың қиғаш өлшемімен енгізіңіз. Егер қағанақ қабы бүтін болса оны жарыңыз.
8.Екінші қолыңызды жатыр түбіне орналастырыңыз және жатыр түбін бекітіп ұстап тұрыңыз.
9.Егер нәресте позициясының алдыңғы түрі болса төменгі аяғынан ұстаңыз, ал егер артқы түрі болса жоғарғы аяғынан ұстаңыз. Аяқтарын тізе аймағынан ұстаңыз.
10. 4 саусақ тізеде, ал үлкен саусақ тізеасты ойығында орналасады. Аяқтарынан тартып баяу тартып қынапқа дейін түсіріңіз.
11. Сыртқы қолыңызды нәресте басына қойыңыз. Нәрестені шығара бастаған уақытта оның басын арқасына қарай ақырын шалқайтыңыз.

  1. Бұрылыс аяқталды деп есептеледі, егер жыныс саңылауынан аяқ тізеге дейін шықса. Ары қарай нәрестені тудыру жамбасымен туылу биомеханизмімен ұқсас жүреді.



3.1.25. Стандарт «Жамбас тарылуының әртүрлі формаларында босану механизмдерінің ерекшеліктері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет