Іс-әрекет алгоритмі.
Өңделген фартук киіңіз
Қолыңызды өңдеңіз механикалық жолмен.
Қолыңызды стерильді сүлгімен құрғатыңыз.
Бір реттік халат пен перчатка киіңіз.
Әйелге бір реттік халат пен бахилла кигізіңіз.
Стерильді пакеттен босануды қабылдауға арналған заттарды алып шығыңыз.
Кіндікбауды қысқанға қысқыштар және кесуге қайшы дайындаңыз.
Босануды қабылдауға бәрі дайын.
3.1.36. Стандарт «Эпизеотомия, перинеотомия»
Көрсеткіш: нәресте өмірін сақтау мақсатында босандыруды жеделдету. Аралықтың қауыпты жыртылу қаупі.
Ресурс: корнцанг, қайшы, пинцет хирургиялық, ине ұстағыш, инелер, тігу материалдары (кетгут, жібек), дәкелік және мақталық шариктер, антисептик.
Іс-әрекет алгоритмі.
1 .Аралық терсіні антисептикпен өңдеу.
2.Инструменттерді даярлау.
3.баланың келіп тұоған бөлігі мен қынап қабырғасын саусақпен пальпациялаудың бақылауымен қайшыны енгізіңіз, келесі толғақта аралық максимальді созылғанда кесіңіз және кесілген жер арқылы баланың шығуы жеңілгендігін анықтаңыз.
4.Перинеотомия бұл кесуді орталық сызық бойымен анусқа дейін 2-3 см жасалады. .
5.Эпизеотомия бұл кесуді 2-3 см отырықшы төмпешікке қарай жасалуын айтамыз. Кескін ұзындықтары 2 см.
6.Босанғаннан кейін тігістер салу керек.
3.1.37. Стандарт «Босандырудың 3 кезеңін белсенді жүргізу»
Мақсат: Босанудан кейінгі қан кету қаупін азайту. (Босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу қан кету қаупін 2-2,5 есе төмендетеді).
Ресурс: Босану залының жабдықталуы; 10 ЕД окситоцин в шприцте, нәрестені біріншілік өңдеуге арналған заттар.
Іс-әрекет алгоритмі.
Бала туылған соң жатырды пальпациялаңыз. Себебі егіз жүктілікті жоққа шығару керек және 1 минутта 10 ЕД окситоцинді б/е ішіне енгізңіз.
Кіндікбпуды тарту арқылы бала жолдасын шығаруды бастаңыз.
Кіндікбауды аралыққа жақын етіп Кохер қысқышымен қысыңыз.
Екінші қолыңызды әйелдің қасағасының үстіне қойыңыз және жатырды артқа қарай пальпациялаңыз, бұл жатырдың айналып кету қаупін төмендетеді.
Кіндікбауды аздап тартып, жатырдың қатты жиырылуын күтіңіз (әдетте 2-3 имнут). Жатыр жиырылуын байқаған соң кіндікбау аздап шығып ұзарады, осы кезде Кохер қысқыштарының орнын ауыстырып, аралыққа жақын жерге қайталап қысып бекітіңіз.
Егер бала жолдасы бірінші иырылуда шықпаса, кіндікбауды тартуды аздап тоқтатыңыз.
Кіндікбауды ұстап тұрып, келесі жиырылуды күтіңіз.
Жатыр кезекті жиырылғанда кіндікбауды тартып тұрып, жатырды қарам-қарсы жаққа пальпациялаңыз.
Кіндікбауды жатырды ұстап тұрмай тартуға болмайды.
Бала жолдасы туылған соң оны екі қолмен ұстаңыз.
Бала жолдасын мұқият қарап-тексеріңіз. Оның бүтіндігіне мән беріңіз.
3.Бала жолдасы туылған соң жатыр тонусын бағалаңыз. Жатырды сыртқы құрсақ бөлңмң арқылы пальпациялаңыз. Жатыр тонусын әр 15 минут сайын алғашқы сағатта, одан кейін әр 30 минут сайын қадағалап отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |