Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет1/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
стандарт акуш гин


III «АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША КӘСІБИ СТАНДАРТТАР

«Фельдшер», «Акушер» біліктілігі
3.1.1. Стандарт «Жүкті әйелден анамнез жинау»

1.Паспорттық бөлім.


2.бала күнінде, ересек жаста ауырған аурулары, олардың ағымы, емі.
3 .Тұқым қуалаушылық.
4.тұрмыс жағдайы
5.Эпидемиологиялық анамнез.
6.Аллергологиялық анамнез.
7.Акушерлік-гинекологиялық анамнез:
менструация функциясы (менархе и менструальді циклдың қалыптасуы, ұзақтығы, ауыру сезімі және жиілігі, қан щығынының көлемі, соңғы менструация күні);
жыныстық өмір (қай жаста, некеде бар-жоқтығы);
гинекологиялық аурулар (қандай, қашан, ұзақтығы және ағымының сипаты, жүргізілген терапия, емінің нәтижесі);
репродуктивті функция – алдыңғы жүктіліктерінің ағымы, нәтижесі (жасанды түсік және өздігінен болған түсіктер)
осы уақыттағы жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартысындағы ағымы, ауырған аурулары, қай аптада, емі және нәтижесі, емі амбулаторлы және стационарлы ма және т.б).


Акушерия бойынша:


3.1.2.Стандарт «Сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру»


Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, бір реттік қолғаптар, жеке пелёнка.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіру.

  2. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу.

  3. Бір реттік қолғаптарды кию.

  4. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру: қасаға, түктенуі (еркек типтес, әйел типтес), үлкен және кіші жыныс еріндері, жыныс саңылауы.

5. Бірінші және екінші саусақпен жыныс еріндерін ашып, ретімен клитор, уретра, қынап кіреберісін, бартолин безінің жағдайын, аралықты бағалау.
6. Оң қолдың бірінші және екінші саусақтарымен қлкен жыныс еріндерінің төмен үштен бір бөлігінде орналасқан бартолин безін палбпациялаңыз, алдымен оң жақта, сосын сол жақтан.
7. Әйелдің тұруын сұраңыз.
8. Қолғаптарды шешіп, инфекциялардың алдын-алу ережесіне сәйкес тастау.
9.Қолды сабынмен жуу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет