3.1.5. Стандарт «Пельвиометрия»
Зерттеу мақсаты: жамбастың сыртқы өлшемдерін анықтау.
Ресурс: кушетка, тазомер.
Іс-әрекет алгоритмі.
Әйелге зерттеу қажеттігін түсіндіріңіз.
Әйелді аяқтарын жазып, арқасымен кушеткаға жатуын айтыңыз.
Әйелдің оң жағына оның бетіне қарап тұрыңыз.
Тазомер шкаласының жоғары қарап тұруына мән беріп ұстаңыз.
Сұқ саусақтармен өлшенетін нүктелерді тауып алыңыз және тазомер түймешелерін сол нүктелерге орналастырып, араларын өлшеуді бастаңыз.
Мықын сүйектерінің алдыңғы–жоғарғы қырлары (Distancia spinarum) 25-26 см.
Мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелері (Distancia cristarum) 28-29 см.
Жамбас сүйектерінің ұршық ойығына бекінген нүктелері (Distancia trochanterica) 30-31 см.
Сыртқы конъюгатаны (Conjugate externa) өлшеу үшін әйелді бір жақ қырымен жатқызып, төмен жатқан аяғын бүгуін, ал доғарғы аяғы жазық болуын айтыңыз. Тазомер түймешелерінің біреуін қасаға сүйектің жоғарғы қырына, екіншісін сегізкөз ойығына қойыңыз. Бұл аралықтың өлшемі 20-21 см.
Шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгата өлшемінен 9 санын алып тастау керек. Сонда ішкі конъюгата өлшемі 11-12 см-ге тең.
Қолыңызды жуыңыз..
Алыеған мәліметтерді медициналық документацияға тіркеңіз.
Тазомерді дез.ерітіндімен өңдеңіз..
3.1.6. Стандарт «Соловьёв индексін өлшеу»
Зерттеу мақсаты: жамбас сүйектерінің жаундықтарын анықтау.
Ресурс: сантиметрлік лента
Іс-әрекет алгоритмі.
Зерттеу туралы әйелді ескертіңіз.
Жүкті әйелді орындыққа отырғызыңыз.
Стерильді сантиметрлік лентамен шынтақ-білезік буынын айналдыра өлшеңіз.
Алынған өлшемді белгілеңіз.
Қолыңызды жуыңыз.
Медициналық документацияға мәліметтерді тіркеңіз.
Ескерту.
Словьев индексі бойынша шынайы конъюгатаны анықтау:
- Соловьев индексі 14 см-ден төмен (сүйектер жіңішке). Сыртқы конюгатадан 8 см, диагональді конъюгатадан 1,5 см-ді алып тастаңыз.
- Соловьев индексі 14-15 см (сүйектер орташа жіңішке). Сыртқы конюгатадан 9 см, диагональді конъюгатадан 1,5 см-ді алып тастаңыз.
- Соловьев индексі 15 см-ден көп (сүйектер жуан). Сыртқы конюгатадан 10 см, диагональді конъюгатадан 2 см-ді алып тастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |