Ескерту: Егер егіз болған жағдайда жүрек соғыстары екі фокуста анық естіледі.
3.1.12. Стандарт «Жүктілік мерзімін анықтау»
Мақсат: Мәліметтер жинағы негізінде жүктілік мерзімін анықтау.
Ресурс: гинекологиялық кабинет.
Іс-әрекет алгоритмі. Күнтізбе арқылы соңғы етеккірдің бірінші күнінен апталарды санаңыз
Күнтізбе арқылы ұрықтың алғашқы қозғалысынан бастап апталарды санаңыз және шыққан санға алғаш босанушылар үшін 20 апта, қайталап босанушылар үшін 18 апта қосыңыз.
Әйелдің есепке тұрған уақыттағы жүктілік мерзіміне (12 апта) бүгінгі күнге дейін откен апталарды қосыңыз.
Әйелді УДЗ арқылы қараңыз.
Жүктіліктің кеш мерзімдерінде жатыр түбі биіктігінің орналасуы:
16 апта - 12 см (кіндік пен жатыр арасында);
20 апта - 16 см (кіндіктен 2 көлденеі саусақ төмен);
24 апта - 20 см (кіндік тұсында);
32 апта - 28 см (кіндік пен төс сүйегінің өсіндісі арасында);
36 апта -34-36 см (қабырға доғалдарының астында);
апта - 28-32 см (кіндік пен төс мүйек арасында).
Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеу.
3.1.13. Стандарт «Болжамды босану уақытын анықтау және босануға дейінгі декреттік демалысты дайындау»
Болжамды босану уақытын анықтау үшін жүктілік мерзімін анықтауда қолданылатын тәсілдерді пайдаланады. Орташа есеппен жүктілік 280 күн немесе 40 апта жүреді.
Болжамжы босану уақытын анықтау үшін Негеле формуласын пайдаланады. Яғни соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 айды алып, 7 күн қосады.
Қазіргі уақытта әйелді декреттік демалысқа жүктіліктің 30 аптасында жібереді және 126 күнге еңбекке жарамсыздық парағын береді.
30 аптаға дейінгі босану болса және тірі нәресте туылса еңбекке жарамсыздық парағы 156 күүнге беріледі және босану қай жерде болғанына да мән беріледі.
Өлі нәресте туылса немес алғашқы 7 күнде өлсе 86 күнге беріледі.
Радиоактивті аймақтарда тұратын әйелдерге еңбекке жарамсыздық парағы босануға дейінгі декрет 90 күн, ал босанудан кейінгі декрет 70 күн болады.
Бала асырап алған әйелге босанудан кейінгі декрет 70 күн болады.