Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Әйелді өңдеу және аралық тігістерін өңдеу»



бет31/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.55. Стандарт «Әйелді өңдеу және аралық тігістерін өңдеу»


Мақсат: іріңді-септикалық асқынулардың профилактикасы.
Көрсеткіштер: Қынаптық зеттеу алдында, амниоскопия алдында, босану бөліміне ауыстырар алдында, кіші және үлкен дәреттен кейін, босану алды бөлмесінде 5 сағ артық жатқан уақытта.
Ресурс: акушерлік кресло, жеке пеленка, судно, Эсмарх кружкасы с антисептикалық ерітіндісімен, стерильді корцанг, стерильді мақталық тампондар, 1% йодонат ерітіндісі, стерильді перчатка, стерильді маска.
Іс-әрекет алгоритмі.
1 .Әйелге манипуляция мақсатын, барысын айтыңыз.
2.Әйелді акушерлік креслоға жатқызыңыз, аяқтарын сан-тізе буынында бүгуін айтыңыз, астында жеке пеленка.
З.Сегізкөз астына судно қойыңыз, фартук киіңіз, қолыңызды жуып стерильді перчатка киіңіз, маска тағыңыз.
4.Эсмарх кружкасындағы антисептикалық ерітіндіні құя отырып корнцанг арқылы келесі аймақтарды жуыңыз: қасаға, үлкен және кіші жыныс еріндері, санның ішкі беті, аралық және анус аймағын жуыңыз. Бірақ тігіс салынған жерлерді стерильді материалмен жауып тұрыңыз.
5. Дәл сол ретпен құрғатыңыз, аралықты стерильді дәкелік шарикпен сүртіңіз
6. Тігістерді антисептикпен өңдеңіз
7. 6.Судноны алып тастаңыз
7. Сегізкөз астына стерильді пеленка төсеңіз
8.Қолғапты шешіп, ережеге сай тастаңыз. инфекции.
9.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз.


Гинекология бойынша:



      1. Стандарт «Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексеру»



Мақсаты: сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, бір реттік қолғаптар, жеке пелёнка.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіру.

  2. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу.

  3. Бір реттік қолғаптарды кию.

  4. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап-тексеру: қасаға, түктенуі (еркек типтес, әйел типтес), үлкен және кіші жыныс еріндері, жыныс саңылауы.

5. Бірінші және екінші саусақпен жыныс еріндерін ашып, ретімен клитор, уретра, қынап кіреберісін, бартолин безінің жағдайын, аралықты бағалау.
6. Оң қолдың бірінші және екінші саусақтарымен қлкен жыныс еріндерінің төмен үштен бір бөлігінде орналасқан бартолин безін палбпациялаңыз, алдымен оң жақта, сосын сол жақтан.
7. Әйелдің тұруын сұраңыз.
8. Қолғаптарды шешіп, инфекциялардың алдын-алу ережесіне сәйкес тастау.
9.Қолды сабынмен жуу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет